Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ СОҢЫ ЖОК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ

СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ | ЭТИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ ЭВТАНАЗИИ | СОВЕРШЕНИИ ПРЕСТУПЛЕНИЯ | ПУТИ ПРАВОВОГО СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ | В ОТДЕЛЬНЫХ СТРАНАХ | ОРГАНИЗОВАННАЯ ПРЕСТУПНОСТЬ И ЕЕ СВЯЗЬ С КОРРУПЦИЕЙ | ОРГАНИЗОВАННОЙ ПРЕСТУПНОСТИ И КОРРУПЦИИ | УГОЛОВНОГО НАКАЗАНИЯ | ИЗМЕНЕНИЕ ОБСТАНОВКИ КАК УГОЛОВНО-ПРАВОВОЙ СПОСОБ ЗАЩИТЫ ПРАВ ЧЕЛОВЕКА: СРАВНИТЕЛЬНО-ПРАВОВОЙ АНАЛИЗ | КАК ФУНКЦИЯ ГОСУДАРСТВА |


Читайте также:
  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
  2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҮСІНІГІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯСЫ

 

Соңғы уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың «тамырын» шабуға бағытталған көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соған сәйкес Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соттық жүйені реформалау да жүргізілуде. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершіліктерін арттыру шаралары қолданылуда. Бірақ, қоғам мен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіретін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ескертетін жаңа тұжырымдық үлгіні дайындауда талдаулық, ұйымдастырушылық және насихаттау жұмыстарын қолға алу қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының ішінде қылмыстық-құқықтық дәстүр басымдығы бар, бірақ мұндай басымдықтың өлшемін анықтау қиынға соғады. Жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын шенеуніктерді мысалға алсақ, бұл «аксиоманың» ақиқаттылығына күмән туғызамыз. Осы уақытқа дейін барлық елдерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының жойылған (барлық құралдармен) санын анықтайтын сенімді әдістер жасалмаған. Тек кейбір жақтарынан ғана теңгерімсіздіктер және қарама-қайшылықтар және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы сенімді айтуға болады. Әрине, тек қылмыстық немесе басқа да заңдар арқылы сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаймыз. Қылмыстық-құқықтық тиымдар сыбайлас жемқорлықтың көптеген бөлігі мен басқа да құқық бұзушылықтарды жазалау қатерімен ғана емес, жалпы талқылауға жататын әрекет ету шегін қою арқылы да жоюға қызмет етеді. Мемлекетіміз осы қылмыстық заңның көмегімен күн сайын шенеуніктер мен барлық азаматтарға пара беруге және алуға болмайтынын ескертіп келеді. Сыбайлас жем­қорлық қылмысы – бұл күрделі көпжоспарлы әлеуметтік жағымсыз болмыс.

Сыбайлас жемқорлықтың белең алуының бірден-бір себебі – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын және олармен қолданылатын шешімдерді әлеуметтік-құқықтық бақылаудың жеткіліксіздігі. Нарықтық экомомика әлеуметтік-құқықтық бақылаудың бұзылуын қолдамайды. Керісінше, ол нақты құқықтық белгілеулер арасында дамып отырады. Әлеуметтік-құқықтық бақылау дегеніміз – бұл криминологиялық, алдын-ала ескертулік бақылау, бірақ алдын-ала ескерту болмаған жағдайда оған қылмыстық-құқықтық құрам кіреді. Ол қызметкерлердің міндеттерінің нақты дайындалған заңдардың негізінде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкердің қабылдаған шешіміне қатаң әлеуметтік-құқықтық бақылаудың бекітілуі сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын-ала ескертілуіне маңызды бағыт болып табылады. Қоғам еліміздегі іргелі адам құқықтарын қатаң сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге нақты әлеуметтік-құқықтық бақылаудың күрделі біртұтас тапсырмасының шешу принципін жасап шығаруы қажет.

Көптеген елдердің заңгерлерінің пікірінше, бұл мәселенің шешілуіне қылмысқа қарсы күрестің криминологиялық әдістерін қолдану себебін тигізеді, соның ішінде кіріс кездеріне, қаржы-экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа күдікті басқа тұлғалардың қызметтеріне ерекше әлеуметтік-құқықтық бақылауды бекіту де бар.

Әлеуметтік-құқықтық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде Жапония мен АҚШ-та дамып келеді. Жапонияда ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке алынған тұлғаларды заңмен бекітілген тіркеуге алу жүргізіледі. Мұндай тіркеуге алудың дерегі, әдетте көпшілік назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жетіп, ол жеке тұлғаның мінез-құлқына бақылауды бекітуге құқықтық негіз болып табылады.

АҚШ-та ұйымдасқан қылмысты бақылау туралы федералдық заң қолданылады. Базалық операциялық түсінік ретінде онда «рэкеттік әрекет» термині қолданылған, онда пара беру және алумен қатар (бопсалаушылық, алаяқтықтың кейбір түрлері, құмарлық ойындармен ойнау, есірткі затттарымен заңсыз айналысу және т.б.), ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар құқық бұзушылықтар қамтылады. Рэкет қылмысына қарсы күреске соттармен қатар өздерінің отырысында көрсетілген қызметтегі жеке тұлғалармен жұмыс жасау туралы материалдарды қарастыратын, жеке штат шеңберінде құрылған арнайы органдар да (Жоғарғы әділқазылар) жүзеге асыру үшін жұмылдырылған. Егер Жоғарғы әділқазылар қылмыстық тексеруге алуға негіз тапса, онда іс сот органдарына жіберіледі. Соттың шешімі шыққанға дейін күдікті бақылауға алынады, оған заңда қарастырылғандай бірқатар тиым салулар және міндеттіліктер жүктеледі.

Осыған сәйкес ішкі саудаға, штат аралық саудаға қатысқан немесе іс-әрекетінің осы сауда түрлеріне әсері бар кез-келген тұлғаға рэкеттік іс-әрекеттің қандай да бір түріне тікелей немесе жанама түрде тартылып, қандай да бір пайда алатын, мұндай табыстың кез-келген бөлігіне тікелей немесе жанама түрде қандай да бір кәсіпорын алуға немесе қандай да бір өңдіріс орнын құруға қолдануы үшін қатаң тиым салынған. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда 25 мың долларға дейін айып немесе 20 жылға дейін түрмеге жабу қылмыстық жазасы, немесе екі жаза қатар қолданылады. Осылармен қатар қылмыскер тұлға заңсыз алған табысын немесе мүлігінің бір бөлігін өз еркімен АҚШ пайдасына беруі керек. Бұл талап орындалмаған жағдайда тұлғаның мүлігі сот шешімімен тәркілеуге алынады. АҚШ-тың аймақтық соттары осы тиымдарды оған сәйкес қаулы шығару жолы арқылы жоюға және шектеу қоюға құқығы бар, оған (тек мұндай шаралармен шектелмей) қандай да бір кәсіпорнының түскен пайдасына кез-келген тікелей немесе жанама түрде қатысуынан қандай да бір тұлғаның бас тартуы, қандай да бір кәсіпорын құруға немесе ұйымдастыруға, кәсіпорынның айналысатын іс-әрекет түріне араласпауы да кіреді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдары Елбасы жарлықтары, министрліктер мен мекемелердің нормативтік актілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әр түрлі бақылау шараларын қарастырады. Бұл шаралардың елеулі мөлшері мен әр түрлілігін есепке ала отырып, оларды белгілі бір топтау шеңберінде орынды қарастыру ұсынылады. Құқықтың табиғаты мен сипатына қарай қолданыстағы бақылау шараларын екі негізгі топқа бөлуге болады. Қаржылық бақылау шаралары көп жағдайда осы бақылаудың жүзеге асырылуы үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдармен, Қаржы министрлігімен, Мемлекеттік салық комитетімен, Қазақстан ұлттық банкімен, министрліктер мен мекемелердің аудиторлық, тексеруші, бухгалтерлік бөлімшелерімен және т.б.), құқық қорғау органдарымен қабылданатын жедел-іздестіру, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік-құқықтық сипаттағы шаралар қолданылады.

ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15-қыркүйектегі Заңы (кейінгі өзгертулер және толықтырулармен) осы органдардың құқықтарын белгілі бір жағдайларда азаматтардың сұрауларын жүзеге асыруды, анықтамаларды енгізуді, пошталық жөнелтілімдерді қадағалау және бақылау, телефондық келіссөздерді тыңдауды және т.б. қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларын әрекет ету механизміне байланысты тағы екі топқа бөлуге болады: бұлар – бақылаушы субъектілерінің билік ету өкілеттігі және оларға міндеттерін хабарлайтын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына объективті түрде қысым жасамайтын бақыланушы жеке және заңды тұлғалар. Осындай шараларға әр түрлі құқықтық нысандарда айтылған бақылаушы құрылымдардың қажетті ақпараты алуына, ұсынылған мәліметтердің жалған еместігін тексеруі мысал бола алады.

Жоғарыда айтылған шаралардың жалпы кемшілігі олардың жүйесіздігі, жеке нормативтік актілер бойынша бір мақсатқа бағытталмауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағыттың жоқтьғы. Қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларының нәтижесіздігіне оны орындаушылардың өзара бірігіп әрекет етуінің әлсіз болуы да жатады.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы заңға сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.

Құқық қорғау органдарының қажетті жағдайларда: заңды және жеке тұлғалардан олардың іс-әрекеттері заңдылығының дәлелін талап етуге; қаржылық операцияларды жүргізуді және мүліктік келісім-шарттарды тоқтатуға; ақшалай қаражатқа жене мүлікке оларды алудың заңға қайшылығы туралы мәлімет болған жағдайда әкімшілік тиым салуға, қаржы-экономикалық қызметке орай алдын-ала тексеру жүргізуге, ұйымдасқан қылмыспен немесе сыбайлас жемқорлықпен айналысқан күдікті тұлғаның мүліктік және қаржылық жағдайын, оның зайыбын, жақын туыстарын немесе соңғы бес жыл ішінде олармен бірге тұрған басқа да тұлғаларды, сондай-ақ күдіктінің иелік еткен немесе оның қолдаған мүлігін, құралдарын тексеруге құқығы бар.

Басқа мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бақылаудың орындалуы кезіндегі қадағалау мен тексеру объектісі болатын белгілі бір тұлғалар шеңберін анықтауға қатысты. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға тең барлық тұлғалар тұрғылықты жері бойынша салық қызметкерлеріне өзінің мүліктік және кіріс жағдайы туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті. Осындай ереже жоғарыда айтылған ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңыңда да бар.

Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабынаттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз алаған қолым береген деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Олардың бір-бірінен ат төбеліндей айырмашылығы тойымсыздық пен ашкөздіктің әр мемлекетте ер түрлі деңгейде екендігінде ғана. Адамзаттың ұшқыр ақыл-ойы уақыт шабысымен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан жемқорлықты болдырмас үшін қандай тәсіл ойлап таппады дейсіз. Олар жұрт күткендегідей нәтиже берсе жемқорлық ұғымы санадан сызылып, ол әлдеқашан көнерген сөздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше, бай мен кедейдің аражігі ашылып, қоғамдағы қайшылықтар тереңдеген сайын, жұрт сыйлаған лауазымды адамдардың қазына-мүлкіне көз тігіп, сұғанақтық жасауы тіптен асқынып бара жатқандай. Мемлекетімізде әлгіндей тобасын ұмытып, мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заңталабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, жайғанторға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді. Бірақ оданда өңін өзгертіп жатқан жағдай шамалы. Мемлекет басшысының әлгі ащы сындарынан кейін еңселері түскен шенеуніктер едеттегідей қозғалған сыңай танытып, көз алдаған кейіп танытады да жемқорлықпен күрес сол баяғы мимырт қалпына қайта түседі. Бір қызығы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңның талаптары қолданысқа енгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып, өзгеріп келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын қапияда қылмысы ашылып, абыройдан айырылған лауазымды тұлға аурухана төсегіне қасақанатаңылып, есі ауысқан деген анықтама алу арқылы табалдырықтың тұсында тұрған заң құрығынан сытылып шығып кететін. Кейін оның да өрісі тарылды. Неге десеңіз кешегі күнге дейін ел-жұртқа ақыл айтып, жөн-жоба сілтеп келген ақыл-есі түзу данагөй басшының табан астынан жүйке ауруына шалдығып, науқас адамның мүсәпір кейпін танытуы сырт көзге аққа қара күйе жаққандай бәрібір анық көрініп қалатын. Жоғарыдағылар осыдан ұялды ма екен бес жасар баланың өзін иландырмайтын әлгіндей ұшқары әрекеттер ауа жайылып бара жатқаннан соң жалған анықтама беріп, сау адамды ауру етіп шығарған дәрігерлік сот сарапшыларын жаппай жазаға тарта бастап еді, талай-талай шенеуніктің жанына сая болған жағымсыз құбылыста ішін тартып, тына қалған. Алайда бұл да уақытша шара болып шықты. Заң талабын қанша жерден жетілдіріп қатайттық деп көңіл демдегенімізбен, өкініштісі сол жемқорлықпен күрестің түпкі сипаты өзгеріссіз қалды. Енді былайғы жұрт екпінінен ел жасқанатын басшының жазатайым заң құрығына іліккенімен оның оңайлықпен аттан аударылып түспейтіндігін, іс насырға шапқан күннің өзінде де оның сот арқылы ақталып немесе жай ғана шартты түрдегі жазаға тартылып, темір тордың ар жағындағы ботқаның дәмін татпайтындығын іштей сезіп отыратын болды. Сонымеи "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңның талаптары жалы күдірейген мықтыларға тісі батпайтын, қатардағыларға қаһары күшті науқаншылдыққа айналып кетті. Осы күні мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар жыл сайын салық органдарына тапқан табысы жөнінде кіріс декларациясын тапсырады. Мұны мемлекеттік қызметтегі адамның алтын уақытын ұрлап, едәуір уақыт бойына ащы ішектей шұбатылған кезектің соңына байлап қоятын машақаты көп шаруа демесеңіз ол да жемқор басшының тәбетін шектейтіндей тиімді шара емес, көз үйренген дағдылы науқан. Көлденең табысын ылғи да ішке бүгіп жасырып қалатын лауазымды тұлғаның қылмысы ол депутаттық бәсекеге түсіп, қарсыласының қазбалауымен қапияда ашылып, жалпақ жұртқа жария болып қалмаса, былайша уақытта кез келген атқа мінген басшы лас жолдармен құйылып жатқан кірісін ағынан жарылып, өзгелердің алдына жайып салады деудің өзі ақылға сыймайды. Бір сөзбен айтқанда, заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойластырылмағандықтан қашан да ол қозғалысқа енбей малтығып қалады. Оны құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жүргізіп жатқан іс-қимылдарынан да анық байқауға болатындай. Қолдағы бар деректерге жүгінсек өткен жылдың тоғыз айы ішінде Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен 54, ішкі істер органдарымен, ұлттық қауіпсіздік органымен 11 қылмыс ашылып, прокурорлармен қылмыстық іс қозғалған. Оны тұлғалардың лауазымына қарай жіктесек, осы кезең ішінде соттың төрағасына, аудан әкімінің орынбасарына, 9 ауылдық округтік әкіммен оның орынбасарларына, 10 ішкі істер органдарының қызметкеріне, 5 салық қызметінің тұлғаларына, 5 сот орындаушысына, 9 пара берген немесе соларға делдалдық жасағандарға, тағы да басқа 34 мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Көрсеткіш тым қомақты болғанымен осынау жауапқа тартылғандардың арасында үлкен лауазымды қызмет атқарып жүріп мемлекетке ірі келемде залал келтірген басшыға қатысты бір іс жоқ. Таңқаларлығы бұл да емес, осы есепті кезең ішінде тергеу мен анықтама органдарының өндірісіндегі 127 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істің бар болғаны 56 ғана сот табалдырығына жетіп жығылған. Сонда бұл тергеу органдарының әлсіздігінен бе, әлде қылмысты ашу пайызын есіріп көрсетудің амалы ма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін кейбір органдардың көрсеткіші қуалау барысында жазықсыз азаматтарды заңға тарту, қылмыс құрамын анықтамай тұрып, заңсыз іс қозғау сияқты өрескел кемшіліктерге жол беріп жататындығын Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Р. Керейбаева да жоққа шығармайды. Олай дейтініміз сол өткен жылдың тоғыз айы ішінде прокуратура органдарымен заңсыз ұсталып, конституциялық құқықтары бұзылған азаматтарға қатысты 4 деректің орын алғандығы анықталған. Көптеген мамандар сотты айтпағанда қадағалау органдарының табалдырықтарынан аса алмай қалатын әлгіндей шала-жансар істердің бар болғаны қылмысты ашу көрсеткішін ортайтпау үшін жасалынатын жаттанды амал екендігін қадап айтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарияланған қүрестің бір ғана Алматы облысындағы біз байқаған осал тұстары осындай. Еліміздің басқа аймақтарындағы қалыптасқан ахуалдың көрсеткіші азын аулақ өзгерістері болмаса негізгі жағдайдан ұзай қоймайтындығы ақиқат шындық.

ӘДЕБИЕТ

1. Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы. (30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған) Алматы. 1995 ж.

2. ҚР Қылмыстық кодексі. 1997 ж.16 шілде.

3. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалдың экономикалық ережесін бекіту туралы» №535 қаулы.

4. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы, Алматы, 1995 ж.

5. ҚР Азаматтық кодексі.(Жалпы және Ерекше бөлімдері) - Алматы: ЮРИСТ, 2008. - 296 б.

 

_____________________________________________________________________


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 537 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МЕТОДЫ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ В КАЗАХСТАНЕ| Виды искусства

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)