|
Ұсынылып отырған макаладаАзаматтарды Сыбайлас жемқорлықтың тарихымен көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден сақтандыруға, ұлтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға жолын кесуге және олардың зардаптарын жоюға бағытталған Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.
Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан.
Сыбалас жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр. Ежелгі Вавилион мұрағатында – кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбалас жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XХIV ғасырдың екінші жартысында көрніс табады. Шуметер мен семитер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуніктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын-алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту, мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды.
Сыбайлас жемқорлық латын тілінен аударғанда corrumpere – «бұзақтылыққа жетелеу» дегенді білдіреді – әдетте лауазымды тұлғаның өзінің өкіметтік құзыретін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын заңнама мен моральды белгілерге қарама қайшы келетін өзінің пайдасы үшін пайдалануды айтады. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Бағалы сыйлық адамды басқалардың арасынан ерекшелендіріп тұрды және оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Сондықтан алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде тайпа көсемдеріне төлем төлеу қалыпты жағдай болды. Кейіннен мемлекеттік аппаратың күрделенуі мен орталық үкімет билігінің күшеюі барысында басшылардың ойы бойынша тек белгіленген қызмет ақыға шүкіршілік етуге міндетті мемлекеттік шенеуніктер пайда болды. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысты.
Сыбайлас жемқорлық туралы жан – жақты мәліметтер антикалық мұрада бар. Ұлы ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель өздерінің жұмыстарында өкіметтің қызметтерін теріс пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және діни өміріне бұзушылық әсері жөнінде айтқан. Мысалы, Аристотель «Саясат» атты өзінің еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті апатқа әкелмесе, қайта тууына әкелетін маңызды фактор деп көрсетті. Мұнда қайта туудың мысалына монархияның тиранға айналуы жатады. Аристотельдің кепілдемелерінің кейбіреулері ежелгі Афина тәжірибесінде пайдаланылады. Нәтижесінде, Афинада әрбір азаматқа қалай өмір сүріп отырғаны жөнінде есеп беруді міндеттейтін заң дүниеге келді. Орта ғасырларда «Сыбалас жемқорлық» түсінігі ең алдымен қызығу, шайтанның азғыруы дегенді де білдірді. Жаңа уақыттың басталуы, Европада орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы сыбалас жемқорлықтың жаңа түсінігінің дамуында жаңа кезеңді белгіледі.
Қазақстанның заң ғылымында сыбайлас жемқорлықтың дамуы тарихынан қазақ даласындағы рулық қауымдастықта қабылданған әдеттегі құқық нормалары көбінесе көшпенді мәдениет қағидаларымен белгіленген дәстүрлерімен алдын ала анықталғаны белгілі. Өз кезінде Монғол хандығының қоғамдық – мемлекеттік құрылымның ережесі номад өркенетінің процесіне ерекше ықпал жасады.
Қазақстандағы құқық жүйесі негізінің бірінші кезеңін орта ғасырлардың орта және кеш кезеңдеріне жатқызу қажет және шарты түрде XIV- XIX ғ. бірінші жартысы деп көрсеткен дұрыс. Сол кезде оның негізгі белгісі құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесінің және монғол көшпенді мәдениетінің жай, құқықтық институтының ережелерінің соңғыларының ықпалымен сәйкес келеді. Қазақ феодалдық даму формациясында өмір сүрген қазақ қоғамында сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік қазір біз қабылдап отырған күйде болған жоқ. XVI ғасырдың басынан бастап Қазақ жерінде Қасым ханның қасқа жолы деген заң әрекет етті, сол кезеңнен бастау алған құқықтық нормалар қатаң ұсталды. XVI ғасырдың аяғында Тәуке хан кезінде Жеті жарғы деген атаумен толықтырылып жаңартылып өзерістер енгізіліп үш бөліктен тұрды. Өткен дәуірден бастау алған сыбайлас жемқорлықпен күресу біздің заманымызда да жалғасын табуда. Сол мақсатта қазір көп жұмыстар істелуде Елбасымыз халыққа деген жолдауларында міндетті турде сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы жаңа бағдарламамен таныстырып жүзеге асыруды қадағалауды бұйрып жатады соның бірі:
Елбасымыз Н. Назарбаев 2011-2015 жылға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекіткен болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Аталған бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдардың жауапкершілігін ұлғайтуға, биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғам институттарының бұл мәселені шешудегі әлеуметтік әріптестігіне де баса мән беріліп отыр.
Мемлекеттік қызмет туралы заңында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметке алуға тыйым салатын нормалар көзделген. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежетіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлықтың қанат жоюына мемлекет тосқауыл қою жолында аянбай еңбек сіңіріп жатыр. Демек бұл іс тек құзырлы орындардың ғана емес, бүкіл қоғамның бір кісідей ат салысуға тиіс шаруасы. Ұрпағы үшін алаңдайтын қоғам қатерлі індетпен күш жұмылдыра отырып күресуге тиіс.
Қауіпті дертпен күрес тек ғана күресуден тұрмайды. Оның себебін іздеу кез келген отаншыл азаматтың парызы. Ендеше, бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік негіздерді іштей күйретіп, экономикаға нұқсан келтіреді. Әлемдік қоғамдастық көзінде мемлекеттің имиджіне кері әсер етеді. Ерікті демократиялық қоғам құру жолындағы оның күллі шешімдерін жоққа шығарады.
Сыбайлас жемқарлық мемлекеттік жүйенің қалыпты қызметін бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абройының құлдырауына әкеліп соғады. Сыбалас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыс, әсіресе экономика саласына кері ықпал етеді. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Бұл кеселмен күресу үшін Қазақстандағы барша халықтың ерік жігері, сондай-ақ еліміздегі әрбір азаматтың түбегейлі ой ұстанымы қажет. Сыбалас жемқорлық тек парамен ғана шектелмейді. Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек.
Сыбайлас жемқорлық қылмысының болуы мен мақсаты анық айқындалса, жемқорлықтың да жолы кесілері мәлім. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен ұлтық дәстүрді жеке мақсатына пайдалану мақсатында жерлестік тамыр таныстық ұрандарымен байланыстар орнату оң ықпал етіп келеді. Сол байланыстар арқылы өздеріне, сана- сезімдері мен білімдеріне сол қызмет лайықсыз болса да, лауазымды орынға туыстық демеуімен келген сауатсыздар, бұл жемқорлықтың нағыз бастау алар тұсы. Нақтырақ атқанда сыбалас жемқорлық маңызды экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған елге тиімді шетел инвестиция тарту жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлуметтік бағытталған бизнес нарықтан жоқ болады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті, мұндай жағдайда ол биліктің монополясын, мемлекеттік қызметшілердің шешімін қабылдау өкілеттігін күшейтеді және жояды. Қандай дәрежеде дамыған ел болса да, арада сыбайлас жемқорлық пайда болған кезде ол елдің болашағы құлдырап онымен қоса адамдарының адами қасиетті жойылады.
Бұл жолдағы күресті алдымен сыбайластың өзінен бастау керек. Сыбайлас жемқорлық қылмысының болуы мен мақсаты анық айқындалса, жемқорлықтың да жолы кесілері мәлім. Сыбайлас жемқорлықтың өршуіне алдымен ұлтық дәстүрді жеке мақсатына пайдалану мақсатында жерлестік тамыр таныстық ұрандарымен байланыстар орнату оң ықпал етіп келеді. Сол баланыстар арқылы өздеріне, сана - сезімдері мен білік- білімдеріне сол қызмет лайықсыз болса да, лауазымды орынға туыстық демеуімен келген сауатсыздар, бұл жемқорлықтың нағыз бастау алар тұсы. Нақтырақ атқанда сыбалас жемқорлық маңызды экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, оған елге тиімді шетел инвестиция тарту жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті, мұндай жағдайда ол биліктің монополясын, мемлекттік қызметшілердің шешімін қабылдау өкілеттігін күшейтеді және жояды. Қандай дәрежеде дамыған ел болсада арада сыбайлас жемқорлық пайда болған кезде ол елдің болашағы құлдырап онымен қоса адамдарының адами қасиетті жойылады жер жаһанда өз тіршілігін тоқтады. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.
Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы; Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел.
Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.Өз еліміздің болашағы өзімізде біз соны ұмытпай ары қарай дені сау парасаты зор ұлтшыл ұлт суйер ұрпағымызды тәрбиелеп өз елімізді әлем жаһанға танымал және бәсекеге барынша қабілетті ел болуымызға сенім болашақ ұрпаққа дұрыс жеткізілі қажет.
Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Жеке пайда ушін емес еліміз жеріміз деп патриот сезімін оята ұжымдасып бірге күресуге шақырамын. Әр елдің болашағы жас өспірім ұрпақта олардың болашағы кішкентай отаны жанұядан ата-анасының дұрыс тәрбиесінен бастау аларын ұмытпайық ағайын. Баланың жастай тәрбесіне алған біліміне назар аударып халқымыздың әділ парасаты беделді азамат болуына, жүрегінде имандылық пен патриоттық сезім оты өрлеуіне үлкен жауапкершілікпен қарап атсалысайық. Атабабамыз сұрапыл замандарда найзаның ұшымен бытыл әрі әділ білімен қорғап келген ұлан байтақ қазақ даласын бір мезетте айырылып қалудан сақтап еліміздің нағыз саналы әрі сапалы азаматтарын тәрбиелеп, ата салт дәстүді, тілімізді, дінімізді басқа жат елге таптатпай биік ұстайық.
ӘДЕБИЕТ
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегі N267 Заңы (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Азақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі таңдағы өзекті проблемалары атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 379 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ: ПРОБЛЕМЫ БОРЬБЫ С КОРРУПЦИЕЙ | | | ЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ |