Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ықтық сана және құқықтық мәдениет.

Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару | Жер ресурстарын басқару | Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі | Заңды тұлға ұғымы | Конституцияның ұғымы мен мәні | Азақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары | Азақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері | Ық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты. | Азақстан Республикасының бюджет жүйесі. | Азақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет. |


Читайте также:
  1. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  2. Eңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері.
  3. ақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.
  4. ақырыбы: Клеман және дезорма тәсілімен қатынасын анықтау.
  5. ақырып: Мемлекет аралық және сала аралық стандартизация.
  6. А) біржақты және өтемақылы, консенсуалды
  7. А) сыйға беруші және сыйға алушы

Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы-олардың еркі мен санасының болуында. Сана,елестету,қабылдау,сезім,мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қөғамдық қатынастарға барады.Қоршаған орта,дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп сана қана қоймайды,сол адамдардың санасы мен еркінің,еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды.Сондықтан адамның айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік(даралық) арқылы қалыптасады.

Қоғамдық сананның формаларына құқық,мораль,ғылым,өнер,идеология,дін т.б. жатады.Аталған қоғамдық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып,сол ортаға,құбылысқа байлаанысты өзінің қатынасын қалыптастырады.Мысалы діннің қоғамдық сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда,ол бізді қоршаған дүниенің құьылыстарын діни жолмен не құдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.

Құқықтық сана да қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып,олардың өзгеруін бейнелейді.

Құқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде,адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар,заңдар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады.Әділеттілік деген бұл жерде бостандық,теңдік және қоғамдық татулық,келісім деп түсініледі.Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық сана адамдардың өздерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қоғамда белгілі бір тәртіп орнату арқылы іске асыру ниеттерінің қалыптасуына ықпал жасайды.Сөйтіп,құқықтық сана адамның мінез-құлығының себепкері бола отырып құқыққа әсер етіп,құқықтық нормалардың іске асырылуының маңызды құралына айналды.

Құқықтық сана тұлғаның,топтардың мінез-құлаықтарының құқық нормаларына сәйкестігін анықтай отырып,әрекететіп отырған құқыққа,заңға деген қатынасты,оны қолдауды не қолдамаудың құндылық,бағалық құралы ретінде көрінеді.сондықтан құқық пен құқықтық сананың арасында өзара тәуелді байланыс бар.Адамдардың құқықтық әрекетінен көрінетін,құқықтық сананың ең маңызды элементтерінің бірі олардың құндылықты құқықтық бағыттары.Аталған құндылықты құқықтық бағыттар қалыптасқан білімнің негізінде құралатын құқықтық шыындыққа деген жағымды және жағымсыз бағаның негізіндежүйе болып бірігеді.Құқықтық қондырымдар сенім жүйесіне айналып,тұлғаның көңіл-күй,еркімен әрекет жасауға дайындығын көрсетеді.

Сонымен,құқықтық сана дегеніміз қоғамның,тұлғаның,құқық пен құқықтық құбылыстарға,осылай болса деген қатынасын білдіретін бір-бірімен байланысты мұраттың,теорияның,елестетудің,сезімнің,көңіл-күйдің жиынтығы.

«Мәдениет» термині ғылыми айналысқа көптеген бері енгеніне қарамастан оның мазмұнының нақты,дәл бір баламасының болмауына байланысты,түсіндірудің бірнеше жолдары сақталған.»Мәдениет» термині латынның coiere- егу,өңдеу,өсіру,деген сияқты мағына беретін сөзінен пайда болған.Тек XVIII ғасырда ғана мәдениет термині адамның мәнерін,үлгісін,оқығандығын сипаттауға қолданыла бастады.Әуелгі баста мәдениетті деп ақсүйектерді санаған.Кейін келе бұндаә түсінік жойылды.Біртіндеп мәдениет белгілі бір әлеуметтік топқа ортақ сенім,құндылық және олардың көріну түрпішіні ретінде қалыптаса бастады.Аталған құралдардың көмегімен мәлениет тәжірбиені,адамдардың мінез-құлығын тәртіптендіреді.Сонымен бірге мәдениет мінез-құлықтың қоғамдық пайдалы не қоғамға зиян жақтары реттейді.

Мәдениетті адамзат жасаған материалды және рухани жетістіктермен шектеуге болмайды.Мәдениет адамның іс-әрекетінен көрінетін қоғамдық өмірдің даму деңгейін,даму сапасын бейнелейді.Адамдардың бірігіп,өркениетті өмір сүруі,олардың қоғамда қалыптасқан жалпы ережелердің негізінде өзара іс-қимыл жасауын,мәдениетті қалыптастыратын белгілі бір мұраттар мен құндылықтарға жақын болуын талап етеді.Осындай жалпыға міндетті ережелердің өмір сүру түрпішінінің бірі құқық.Ал құқықтық мәдениет жалпы мәдениеттің бір көрінісі.

Отандық құқықтануда құқықтық мәдениеттің тар және кең түсініктері қалыптасқан.Кең түсінігінде құқықтық мәдениет барлық құқықтық құбылыстар мен институттарды,заңнамаларды,заң мекемелерін,мемелекеттің құқықтық қызметтерін,азаматтардың құқықтық мінез-құлығын,құқықтық сананы қамтиды.Сөйтіп құқықтық мәдениет құқықтық жүйемен теңестіріледі.

Тар түсінігінде құқықтық мәдениет құықытық өмірдің сапасын негіздейтін құқықтық іс-әрекеттің деңгейін,бағытын,түрпішінін,тәсілдерін сипаттаумен байланысты.

Сонымен қоғамның құқықтық мәдениеті дегеніміз құқықтық шындықтың даму деңгейінен,құққтық нормативтік актілердің сапасынан,адамдардың құқықтары мен бостандықтарының,олардың құқықтық белсенділігі дәрежесінен көрінетін құқықтық өмірдің сапалы қалпы.

Тұлғаның құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейі.Тұлғаның құқықтық белсенділігі оның заңды сыйлау,мойындау секілді міінез-құлығынан ғана емес,сонымен бірге,құқықты іске асыру және құқықтық реттеу саласындағы адамның белсенді шығармашылық іс-қимылынан да көрінеді.

Құқықтық мәдениеттің құрылымын шартты түрде мынандай 3 топтамааға бөлуге болады:1)танымдық(гносеоогиялық);2)құндылық-бағдарлық;3) іс-әрекеттілік(мінез-құлықтық).

Танымдық топтама адамдардың құқықтық ақпараттылығын,құқықтық білім дәрежесін,заңды білуін қамтиды.

Құндылық-бағдарлық топтаманы құқықтық белсенділіктің бағытын анықтайтын,құқықтық ақпаратты пайдалы қабылдап,соның негізінде қалыптасқан қатынасқа сай іс-қимыл жасауға бейімділігін анықтайтын мінез-құлықтың жекелік құрылымына ауысатын құқықтық қондырмалар,құқықтық құндылар бағдарлар құрайды.

Іс-әрекеттілік топтамаға субъективті құқықтарды және заңды міндеттерді сақтауға,орындауға және пайдалануға бағытталған құқықтық мінез-құлықың тұрақты түрпішіні жатады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 392 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ықтың түсінігі мен негізгі белгілері| Ылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)