Читайте также:
|
|
Сұраныстар кестеден жазбаларды таңдап қана қоймай сонымен бірге әртүрлі статистикалық параметрлерді есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, байланыстардың сандық қосындысын есептеуге және Контактілер кестесіне қосылған әрбір адаммен бірінші және соңғы байланыс мерзімін шығаруға болады. Құрастырушы режимінде мұндай сұраныс құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.
1. Деректер қоры терезесінде Сұраныстар батырмасына шертіңіз.
2. Құрастырушы режимінде сұраныс құру (Create Query In Design View) белгісіне екі рет шертіңіз.
3. Ашылған сұхбат терезесінен (сурет 2.6.) Контактілер жолын ерекшелеңіз.
4. Сұраныс құрастырушысының жоғарғы аумығынан таңдалған кестені Қосу батырмасын шерте отырып қосыңыз.
5. Тізім бөлімін ерекшелеп Қосу батырмасына тағы да шертіңіз.
6. Кестелерді қосу (Show Table) сұхбат терезесін Жабу батырмасын шерту арқылы жабыңыз. Байланыс сызықтарымен байланысқан екі кесте өрістерінің тізімі құрастырушы терезесінде пайда болады.
7. Құрал-саймандар тақтасындағы Топтық операциялар (Totals) батырмасына шертіңіз. Сұраныс бланкінде нақты өрістер мәндерімен статистикалық амалдарды орындауға мүмкіндік беретін қосымша Топтық операция жолы пайда болады.
Сурет 2.6. Кесте қосу
8. Құрастырушының бірінші бағанынан Өріс (Field) ұяшығына фамилия өрісін тасымалдаңыз.
9. Дәл сол ұяшықтың екінші бағанына Контактілер кестесінің Имя өрісін тасымалдаңыз.
10. Сұраныс бланкісінің үшінші, төртінші және бесінші бағандарына Тізім кестесінің Мерзім өрісін тасымалдаңыз (суррет 2.7).
Сурет 2.7. Топтық операциялармен сұраныс.
11. Топтық операция (Total) ашылмалы тізіміндегі сұраныс бланкісінің үшінші бағанынан Min бөлімін таңдаңыз.
12. Сол ұяшықтың төртінші бағанынан Мах бөлімін таңдаңыз.
13. Бесінші бағанына Count топтық операциясын беріңіз. Топтық операциямен құрастырылған барлық Тізім кестесіндегі жазбалар қайта өңделеді, сәйкесінше Контактілер кестесінің нақты тізімдері және де Тізім кестесіндегі деректерді сұраныс нәтижесіне сәйкес болғанда ғана нақты формуламен анықтаймыз. Берілген топтық операциялар 2.1.- кестесінде көрсетілген.
КЕСТЕ 2.1. Топтық операциялар.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ескерту | | | Ескерту |