Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері. | Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. | Азіргі идеологияның негізгі түрлері. | Азіргі сайлау жүйесі. | Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар. |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  3. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  4. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  5. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  7. Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы

Саяси партия – белгілі бір әлеуметік топтардың мүддесін кӛздейтін ӛз мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресетін және оны қолдауға ұмтылатын адамдардың ұйымдасқан тобы. ХІХ ғасырдан бастап партиялардың қалыптасуының негізгі әдістері кӛрінді:

· партиялар электораттық құрылымдардан: сайлаушыларды тіркеу ассоциацияларынан (Ұлыбританиядағы Либералдық және Консервативтік партиялар), нақты үміткерлерді қолдау комитеттерінен (АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар), сайлаушы блоктардан («Яблоко», СПС (оңшыл күштер Одағы), «Единство»); парламенттік фракциялардан (мысалы, Ресейдегі Мемлекеттік Думаның «Халық депутаты» фракциясы Ресей Федерациясының Халықтық партиясы болып құрылды); қоғамдық ұйымдар бастамаларымен: кәсіподақтар, экологиялық, жастар ұйымдары т.б. Мысалы, британ лейбористік партиясы 1899 жылы тред-юниондардың (кәсіподақтардың) Конгресі бастамасымен құрылды. Кәсіпкерлер одақтары, аграрлық бірлестіктер, діни, этникалық қауымдар да ӛз партияларын құруға мүдделі.

· Сонымен бірге әдебиеттерде партиялардың құрылуының басқа да әдістері көрсетіледі:

· «жоғарыдан» құру. Партия мүшелері мемлекеттік аппарат шенеуніктерінен, саяси элита мүшелерінен, парламенттік топтардан, жіктелген партия мүшелерінен құрылады;

· «төменнен» құру. Мұнда белгілі бір доктрина немесе жетекшіге бағытталған бұқара маңызды роль атқарады;

· аралас түрі, алғашқы екі әдістің қосылуынан құрылады. Элитарлық адамдар мен қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы, мысалы, бір үміткерді және саяси жетекшіні қолдау жӛніндегі парламенттік топтардың адамдармен бірігуі.

Партияның саяси ӛміріндегі маңызы оның қызметтерінен кӛрінеді:

ü үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру;

ü саяси әлеуметтену және қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ü саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ü саяси элита қатарын толықтыру және жетекшіні ұсыну. Кӛптеген елдерде

ü үкімет және үкіметтік органдар туралы саяси партиялар мүшелерінен

ü қалыптасады, президенттер, премьер-министрлер билеуші партияны басқарады;

ü сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу;

ü билікке келу арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және биліктің

ü қызметін бақылау;

ü партияның қатарын мүшелермен толықтыру

ü

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 963 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.| Жеке адамның құқығы мен бостандықтары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)