Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азіргі сайлау жүйесі.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері. | Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. | Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері. | Жеке адамның құқығы мен бостандықтары. | Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар. |


Читайте также:
  1. Азіргі идеологияның негізгі түрлері.
  2. Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
  3. Тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары

Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді.

Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.

Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.

Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады.

Мажоритарлық және пропоционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас айлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бәр бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың кілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.

Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуға құқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі. Жалпыға бәрдей белсенді сайлау құқығы- ҚР-ның он сегіз жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік жағдайында, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.

 

11.Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері.

Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азіргі идеологияның негізгі түрлері.| Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)