Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші

Тәуліктік нарядты даярлау | Тәуліктік наряд таралымы | Жалпы ережелер | Бөлім бойынша кезекші | Парк бойынша кезекші | Парк бойынша тәуліктік кезекші | Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші | Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі | Асхана бойынша кезекші | Бөлімнің штаб бойынша кезекші |


Читайте также:
  1. Абаттың қоректену аймағымен байланысатын шекаралық бет қалай аталады? A) ағын нұсқасы
  2. Асхана бойынша кезекші
  3. Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
  4. Бөлім бойынша кезекші
  5. Бөлімнің штаб бойынша кезекші
  6. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші
  7. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі

471. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші қойма аймағындағы зымырандардың, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдардардың сақталуына жауапты офицерлерден немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшілер – сержанттардан тағайындалады.

Ол қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) өткізу режимінің, өрт қауіпсіздігі талаптарының, ішкі тәртіптің сақталуы және қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша нарядтың қызмет атқаруы үшін жауап береді.

Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісіне, ал ішкі қызмет тәртібімен – бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына бағынады. Оған қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекшілер бағынады.

Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орны бастығына) орынбасарына нұсқамаға келеді.

Тәуліктік нарядтың таралымынан кейін қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша жаңа кезекші бөлім бойынша кезекшіден қойма аймағын (техникалық аумақты) ашуға нарядтардан көшірме алады және бұрынғы кезекшіден тізімдемеге сәйкес құжаттар мен мүлікті қабылдап алады, онымен бірге қойма аймағын аралап шығады және ол туралы кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабына жазу жаза отырып, мөрленген сақтау орындарын (қоймаларды) қабылдайды.

Кезекшілікті тапсырғаны және қабылдағаны туралы бұрынғы және жаңа кезекшілер бөлім командирінің қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына баяндайды.

472. Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші:

оған бөлінген үй-жайда болуға; қызметтік істер бойынша кеткен кезде өз орнына бос ауысымның тәуліктік кезекшісін қалдыруға және оған қайда және қанша уақытқа кеткенін хабарлауға;

бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгі алысымен қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) жеке құрамды уақтылы хабардар етуге, қойма аймағын (техникалық аумақты) ашуға және келген тиеу командаларының есебін жүргізуге және бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге баяндауға;

кезекшілікті қабылдау кезінде өрт сөндіру машиналарының ақаусыздығын және қолдануға әзірлігін тексеруге;

қойма аймағына (техникалық аумаққа) келген барлық адамдардың рұқсаттамалары мен олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын мұқият тексеруге, біржолғы рұқсаттамаларға қойма аймағына (техникалық аумаққа) келген және кеткен уақыты туралы жазу жазуға, ауысқаннан кейін рұқсат қағаздарын (32-қосымша) бөлімнің техникалық бөліміне (тыл штабына) тапсыруға;

ол туралы тиісті кітаптарда жазу жаза отырып, бөлім бойынша бұйрықпен берілген, рұқсаты мен мөрі бар адамдарды сақтау орындарын (қоймаларды) ашуға жіберуге, олар ашқан кезде жеке өзі қатысуға;

тәртіптемелерге, нарядтарға, материалдық рұқсаттамаларға және жол қағаздарындағы жазбаға сәйкес қойма аймағынан (техникалық аумақтан) мүлікті алып шығуды (кіргізуді) бақылауға, сондай-ақ қойма аймағының аумағына (техникалық аумаққа) бөтен адамдардың кіргізілмеуін бақылауға;

қойма аймағында (техникалық аумақта) күн тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және қандай сақтау орындарында (қоймаларда) қандай жұмыстар орындалып жатқанын білуге; қойма аймағында (техникалық аумақта) сақталатын мүлікке (зымырандарға, оқ-дәрілерге, әскери-техникалық мүлікке) қызмет көрсетумен немесе қойма аймағын (техникалық аумақты) жабдықтаумен байланысты емес жұмыстарға жол бермеуге;

қойма аймағында (техникалық аумақта) жеке құрамның болуын ұдайы білуге;

үй-жайлар мен қойма аймағының аумағындағы (техникалық аумақтағы) тазалыққа және тәртіпке, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және өрт сөндіру құралдарының және өрт дабылдамасының болуын және жай-күйін тексеруге; қойма аймағының аумағына (техникалық аумаққа) жұмыс істеу үшін келген жеке құрамнан шылым шегетін және тұтандыратын құрал-жабдықтарын алуға; жарылу қаупі бар заттарды тасымалдау үшін техникалық аумаққа тек жабдықталған және ақаусыз техникалық құралдарды жіберуді жүзеге асыруға;

кешке қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) барлық жұмыс аяқталғаннан кейін сақтау орындарында (қоймаларда) жарықтың сөндірілуіне, ал сақтау орындары (қоймалар) мен қойма аймағының (техникалық аумақтың) сыртқы жарығының жағылуын бақылауды жүзеге асыруға;

қойма аймағындағы (техникалық аумақтағы) барлық тәртіп бұзушылықтар туралы бөлім бойынша кезекшіге дереу баяндауға;

қойма аймағына (техникалық аумаққа) бөлім командирінің орынбасарлары және одан жоғары тікелей бастықтар келгенде оларды қарсы алуға және баяндауға міндетті.

Мысалы: «Полковник мырза. Менің кезекшілігім уақытында оқиға болған жоқ (немесе мынадай оқиға болды). Қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші лейтенант Сапарбек».

Баяндағаннан кейін кезекші келген бастықты қойма аймағының аумағы (техникалық аумақ) бойынша алып жүреді.

Қойма аймағында өрт шыққан кезде қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші өрт сөндіру командасын дереу шақырады, өрт сөндіруге және материалдық құралдарды құтқаруға шаралар қабылдайды және болған оқиға туралы бөлім командиріне және оның қару-жарақ жөніндегі (тыл жөніндегі, бас инженерге, сақтау орнының бастығына) орынбасарына баяндайды.

Қойма аймағында (техникалық аумақта) жұмыс аяқталғаннан кейін қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші барлық сақтау орындарында (қоймаларда) және қойма аймағының аумағында (техникалық аумақта) өрт қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалғанын, тәртіпке келтірілгенін тексереді, өрт сөндіру нарядымен бірлесіп сақтау орындарының (қоймалардың) өртке қарсы қауіпсіздігін тексереді және сақтау орындарының (қоймалардың) бастықтарынан әскери-техникалық мүлікті, зымырандарды, оқ-дәрілерді сақтау орындарын (қоймаларды), алаңдарды қабылдап алады, сондай-ақ оларды мөрлеуге рұқсат етеді және оларды қосымша өз мөрімен мөрлейді. Өрт сөндіру нарядының адамдарымен бірлесіп, қойма аймағын (техникалық аумақты) тексергеннен және өрт сөндіру жетонын алғаннан кейін ол қарауыл бастығымен бірге барлық сақтау орындарын (қоймаларды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлердің, құлыптар мен пломбылардың болуын тексереді, одан кейін қойма аймағын (техникалық аумақты) қарауылға күзетуге тапсырады.

Қойма аймағында (техникалық аумақта) жұмыс басталар алдында қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, барлық сақтау орындарын (қоймаларды, алаңдарды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлер мен пломбылардың болуын тексереді, одан кейін қойма аймағын қарауыл күзетінен алады және тиісті лауазымды адамдар сақтау орындарын (қоймаларды) ашқан кезде қатысады.

473. Қару мен оқ-дәрілер арсеналдарында, базаларында, оқшауландырылған сақтау бөлімдерінде әскери бөлімдер командирлерімен бекітілетін осы объектілердегі қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қоймалар мен сақтау орындарын ашу және қарауылға күзетуге тапсыру тәртібін айқындайтын қосымша нұсқаулықтар әзірленуі мүмкін. Осы объектілерде техникалық аумақ бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, оқ ату қаруы, қол гранаталары мен оқ ату қаруына оқ-дәрілер бар сақтау орындарын қарап шығады; басқа сақтау орындарын бөлімдер бастықтары (сақтау бөлімдері бастықтарының көмекшілері), сақтау орындарының бастықтары өрт сөндіру наряды адамдарымен бірлесіп қарап шығады, одан кейін бар байланыс құралдары арқылы қарауылға күзетуге тапсырады, осы сақтау орнының техникалық күзет дабылдамасы құралдарын қосуды сұрайды және олардың іске қосылғанына көз жеткізеді. Сақтау бөлімдері бастықтарының қоймалар бойынша кезекшіге сақтау орындарына жүргізілген тексерулер мен мөрлеу туралы жазбаша баяндауынан кейін қоймалар бойынша кезекші техникалық аумақты қарауылға күзетуге тапсырады.

Жұмыс басталар алдында техникалық аумақ бойынша кезекші қарауыл бастығымен бірлесіп, тек оқ ату қаруы, қол гранаталары мен оқ ату қаруына оқ-дәрілер бар сақтау орындарын (қоймаларды) қарап шығады, қабырғалардың, терезелердің, есіктердің жай-күйін, мөрлер мен пломбалардың болуын тексереді. Басқа оқ-дәрілерді сақтау орындарын бөлімдер бастықтары (сақтау бөлімдері бастықтарының көмекшілері) сақтау орындарының бастықтарымен бірлесіп тексереді, одан кейін техникалық аумақты қарауыл күзетінен алады және тиісті лауазымды адамдар сақтау орындарын (қоймаларды) ашқан кезде қатысады.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рт сөндіру наряды| Ойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша тәуліктік кезекші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)