Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асхана бойынша кезекші

Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен | Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші | Жалпы ережелер | Тәуліктік нарядты даярлау | Тәуліктік наряд таралымы | Жалпы ережелер | Бөлім бойынша кезекші | Парк бойынша кезекші | Парк бойынша тәуліктік кезекші | Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші |


Читайте также:
  1. Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы
  2. Бөлім бойынша кезекші
  3. Бөлімнің штаб бойынша кезекші
  4. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші
  5. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі
  6. Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен

461. Асхана бойынша кезекші сержанттардан (старшиналардан) тағайындалады. Ол қоймадан азық-түліктердің алынуының, олардың қазанға толық салынуының дұрыстығы, белгіленген нормалар бойынша тамақты уақтылы беру, ас үй мүкәммалы мен ыдысының сақталуы, сондай-ақ асханадағы санитарлық-гигиеналық жай-күй және онда тәртіпті ұстау үшін жауап береді. Асхана бойынша кезекші бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне, бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Оған асханада жұмыс істеу үшін тағайындалған тәуліктік наряд пен аспаздар бағынады.

462. Асхана бойынша жаңа кезекші белгіленген уақытта бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына, ал ол болмағанда азық-түлік қызметінің бастығына нұсқамаға келеді.

Таралым алдында асхана бойынша жаңа кезекші наряд құрамын тексереді, оны медициналық қарауға ұсынады және асхана бойынша тәуліктік нарядтың ведомосын толтырады. Таралымнан кейін ол тізімдеме бойынша құжаттарды, ас үй мүкәммалы мен ыдысын қабылдайды, технологиялық жабдықтардың дұрыстығын тексереді, асхана бойынша нарядтың жеке құрамы арасында жұмысты бөледі, асханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, жеке және қоғамдық гигиена талаптары бойынша нұсқама жүргізеді.

Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы асхана бойынша бұрынғы және жаңа кезекші бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

463. Асхана бойынша кезекші:

жабдықталымда тұрған жеке құрамның санын және ас тарату мәзірін білуге;

нұсқаушы-аспаздың (бас аспаздың) қоймадан азық-түліктерді алуын, олардың тура салмағын және дәрігермен (кезекші фельдшермен) бірлесіп, азық-түліктердің сапасын жеке өзі бақылауға; қоймадан алынатын азық-түліктер ас тарату мәзіріне сәйкес келмегенде бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге, медицина қызметінің бастығына және командирдің тыл жөніндегі орынбасарына дереу баяндауға;

азық-түліктерді өңдеуге, сондай-ақ ет пен балықты өңдеуді, әзір тамақты беруді тек аспаздардың жүргізуін бақылауды жүзеге асыруға;

ет пен балықты жабдықталымдарға бөлу кезінде болуға, олардың салмағын, сондай-ақ нұсқаушы-аспаздың (бас аспаздың) тамақ дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабындағы жазудың дұрыстығын тексеруге;

азық-түліктерді қазанға салу кезінде қатысуға және бөліп салу бойынша барлық тиесілінің қазанға тура салмағы бойынша салынуын бақылауға;

асханадағы жұмысқа медициналық қараудан өтпеген әскери қызметшілерді жібермеуге, жұмыс уақытында гигиена ережелерінің сақталуын қадағалауға;

асханада жұмыс істеу үшін тағайындалған әскери қызметшілер арасында жұмысты бөлуге;

асханада тазалық пен тәртіпті ұстауға, асханада жеке құрамның бас киімде, пальтода (шинельде), жылы астары бар күртешеде және жұмыс (арнайы) киімінде, сондай-ақ кір (тазаланбаған) киім нысанында және аяқ киімде тамақ ішуіне жол бермеуге;

үстелдерді уақтылы жасау мен жинауға бақылауды жүзеге асыруға, асхана-ас үй ыдысының берілуін, оны бөлімшелерден қабылдауды, сондай-ақ ыдысты сапалы жууды ұйымдастыруға; оны асханадан әкетуге рұқсат етпеуге;

дәрігер (фельдшер) сапасын тексермей және бөлім бойынша кезекші оны таратуға рұқсат етпей, тамақты беруге жол бермеуге, тамақты уақтылы және дұрыс беруді және оны бөлімшелерге беруде кезектілікті нақты сақтауды бақылауды жүзеге асыруға;

азық-түлік қорларының тазалықта және тәртіпте сақталуының, олардың сенімді сақталуының қамтамасыз етілуін талап етуге;

рота старшиналарының немесе роталар (бөлімшелер) бойынша кезекшілердің өтінімдері бойынша оның белгіленген мерзімнен артық сақталуына жол бермей, тамақ шығысын қалдыруға;

азық-түліктерді өңдегеннен кейін қалдықтарды уақтылы жинап алуды ұйымдастыруға және асханаға іргелес аумақтың тазалығын қадағалауға;

асханаға бөтен адамдарды жібермеуге;

өрт қауіпсіздігі және технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

барлық кемшіліктер туралы бөлім бойынша кезекшіге немесе оның көмекшісіне баяндауға;

асханаға бөлім командирлерінің орынбасарлары және одан жоғары тікелей бастықтар, сондай-ақ бөлім бойынша кезекші мен оның көмекшісі келген кезде оларға өзін таныстыруға міндетті.

Мысалы: «Полковник мырза. Асхана бойынша кезекші сержант Оразғалиева».

464. Асхана бойынша кезекшіде асхана бойынша кезекшіге, бас аспазға (аспазға), нан кесушіге, асхана бойынша жұмысшыларға нұсқаулықтар; бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жағдайына және өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулықтар; технологиялық жабдықтарда жұмыс істеу кезінде техника және қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар; күн тәртібі, бөлімшелердің, тәуліктік нарядтың тамақ ішу кезектілігінің схемасы; кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабы; асханада бар мүлік пен жабдықтың тізімдемесі; дайындалған тамақтың сапасын бақылау кітабы; әзір тамақтың және азық-түліктерді өңдеу кезіндегі қалдықтардың шығыс нормалары; азық-түліктерді пісіру ұзақтығының кестесі; нан, май мен қант беру нормалары және басқа да құжаттар болуы тиіс.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 235 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі| Бөлімнің штаб бойынша кезекші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)