Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рт сөндіру наряды

Жалпы ережелер | Тәуліктік нарядты даярлау | Тәуліктік наряд таралымы | Жалпы ережелер | Бөлім бойынша кезекші | Парк бойынша кезекші | Парк бойынша тәуліктік кезекші | Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші | Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі | Асхана бойынша кезекші |


Читайте также:
  1. Грунтовые насосы, землесосные установки и землеснаряды.

469. Өрт сөндіру наряды бөлімнің штаттық (штаттан тыс) өрт сөндіру командасынан мынадай құрамда тағайындалады: наряд бастығы, жүргізушілер (моторшылар) мен берілген өрт сөндіру машиналарының немесе басқа да автомобильдердің (мотопомпалардың) саны бойынша өрт сөндіру есептоптарының нөмірлері, өрт сөндіру постыларының саны бойынша сақшылар.

Өрт сөндіру наряды бөлім бойынша кезекшіге және өрт сөндіру командасының бастығына бағынады.

470. Өрт сөндіру наряды:

барлық бөлімшелердің үй-жайында және бөлім аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

посты табельдеріне сәйкес өрт сөндіру-постылық қызмет атқаруға;

объектілердегі өрт сөндіру құралдарының ақаусыздығына бақылауды жүзеге асыруға;

сақтау орындарының, қоймалардың бастықтарымен және парк, қойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекшілермен бірлесіп, объектілерді жабар алдында өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын және электр желілерінің сөндірілуін тексеруге, осы ережелер сақталған кезде оларға өрт сөндіру жетонын беруге;

бөлім бойынша кезекшіге белгіленген уақытта бөлімдегі өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы туралы баяндауға;

өрт шыққан кезде оны сөндіруге қатысуға міндетті.

Өрт сөндіру наряды өз міндеттерін бөлім командирі белгілеген уақытта орындайды.

Кезекшілікті тапсыру және қабылдау туралы бұрынғы және жаңа өрт сөндіру нарядының бастықтары бөлімнің штаттан тыс өрт сөндіру командасының бастығына және бөлім бойынша кезекшіге баяндайды.

Өрт сөндіру наряды өрт сөндірудің қажетті құралдарымен, ал өрт сөндіру есептоптарының құрамында өрт сөндіру автомобильдерінде (мотопомпаларда) қызмет атқаратын әскери қызметшілер ауа-айырушы газтұмшалармен, су өткізбейтін арнайы матадан тігілген күртелермен, шалбарлармен, белбеулермен және болат дулығалармен қамтамасыз етіледі.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөлімнің штаб бойынша кезекші| Ойма аймағы (техникалық аумақ) бойынша кезекші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)