Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психологиялық сабақтың талдау сатылары.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмұны | Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. | Оқу анықтамасы | Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері | Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. | Тақырып. Оқу мотивациясы | Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік | Тақырып. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы | Сабақтың психологиялық анализінің түрі. | Сабақтың психологиялық анализінің үш жоспары |


Читайте также:
  1. Ағымдағы жағдайға талдау
  2. Психологиялық талдаудың объектісі.
  3. Психологиялық- педагогикалық эксперимент..
  4. Сабақтың оқулық мақсаты
  5. Сабақтың психологиялық анализінің үш жоспары
  6. Сабақтың психологиялық анализінің түрі.

 

Талдаудың жоспары мен объектісі оқытушының қызметінің әр түрлі формасымен қабысуы мүмкін, сабаққа дайындық, оны өткізу, оның аналитикалық талқылануы, оқушының өзінің өткізген сабағын бағалауымен. Осыған байланысты сабақты талдаудың үш түрлі сатысы болады: алдын-ала талдау өткізіліп жатқан уақытта және ретроспективті талдау (И.А.Зимняя, Е.С.Ильинская).

Сабақтың алдын-ала өткізілтін психологиялық талдауы, мұғалімнің сабаққа дайындалу сатысында жүргізіледі. Бұл сатыда оқытушы сабақты алдымен бейнелі ойымен көз алдына келтіруімен және уақытпен кеңістіктің шегіне қарамастан ойша өткізеді. Содан соң оқытушының қызметінің маңызды сатысы. Бұл сатыда келешекте болатын сабаққа жан-жақты және тиянақты дайындалудың маңызды сатысы келеді; Ол бағдарламадағы оқу материалымен, қойылатын тапсырмамен, мақсатпен, оқытуды таңдап алынатын әдіс-тәсілдермен тығыз байланысады. Осындай талдау кезінде оқытушы белгілі сабақтың жоспары мен конспектісін сол бейне орындауды алдын-ала дайындайды.

Оқытушы сабақты алдын-ала талдай отырып, ол ойша және мақсатты түрде жалпы жас мөлшеріне байланысты, педагогикалық, әлеуметтік психологияға, өткізілетін пәнге байланысты теориялық білімін іске асырады.

Білім алудағы екінші фактор – оқытушының жеке басының психологиялық және маманды ерекшелігіне байланысты болады. Педагогикалық қызмет оқытушының жеке басына және педагогикалық (дидактикалық, академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастыру) қабілеттеріне үлкен талаптар қояды.

Сабақтың психологиялық анализінің схемасы.

Сабақтың психологиялық анализінің сатылары Оқытушының өзіне-өзі қойған міндеттері Оқытушының оқушыларға қойған міндеттері
Алдын-ала жүретін анализ Сабақтың психологиялық міндеттерінің қойылуы оқушылардың, белгілі бір пәнді білуге қызығушылығын дамыту, олардың ой-белсенділігін бағалау, есте сақтау көлемін дамыту, жоғары моральдік сапасын және сенімдерін қалыптастыру. Мақсаттарды міндеттерін, сатыларын, жұмыс түріне, методикалық әдістерді негіздеу. Өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін (сөйлеу темпі, импульсивтік қасиеті, өзін-өзі ұстауы, эмоциональды қасиеттері) алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырумен қабыстыру. Оқушылардың оқу жұмысының негізгі мотивтерін (білу, ұмтылу, коммуникативтік, әлеуметтік) есепке алу. Оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке алу. Сабаққа пәндік дайындықтың мөлшерін есепке алу. Топтағы өзара қарым-қатынастарды есепке алу.  
Ағымдағы анализ Алдыға қойған міндеттер мен тапсырмаларға, оқыту міндеттері және педагогикалық қарым-қатынас үрдістеріне тұрақты бақылау бекіту, коррекция жасау. Тапсырмаларды орындау кезінде туатын қиындықтар немесе тапсырмаларды орындаудың жеңілдігіне байланысты жаңа міндеттер қою қажет, оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін пайдалану, сабақтың барысын өзгерту.     Оқу жұмысының барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылығын, ойлау белсенділігін, материалды түсінуінің сипаттамасын, т.б.)
Ретроспективті анализ Өзінің педагогикалық қызметін бағалау (жетістік, кемшіліктер, олардың себептерін, жетістікке жетудің және жөндеу жолдарын) Оқушылардың жалпы білім алудағы, тәрбиедегі және тәжіриебелік жоспар аясындағы нақты алдыға жылжуын анықтау немесе өткізілген сабақтың нақты қорытындсы қандай деген сұраққа жауап)

 

Психологиялық анализдің үш сатысы – алдын-ала анализ, ағымдағы ретроспективті анализдерді білудің маңызы зор.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 551 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Психологиялық талдаудың объектісі.| Тақырып. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)