Читайте также:
|
|
1. Мотивация психологиялық категория ретінде
2. Оқу мотивациясының жалпы сипаттамасы. Оның жүйелі ұйымдасуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мотивациялық бағдарлардың (үрдіске, нәтижеге, сыйға, келеңсіздіктерді туғызбауға) қайсысы мотивацияның үлкен тұрақтылығын анықтайды?
2. Қандай түрткілерді ішкі сыртқы деп атайды?
3. А.Маслоудың мотивациялық үшбұрышының қандай қажеттіліктерді оқу іс-әрекетінің табыстылығына байланысты болуы мүмкін?
Әдебиет:
1. Маркова А.К.,Матис Т.А., орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990.
2. Марква А.К.,Орлов А.Б.,Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников.м.,1983.
3. Нюттен Ж. Мотивация// Экспериментальная психология/ Ред.-сост.П.Фресс,Ж.Пиаже/Пер.с фр.М.,1986.Гл.15.
4. Орлов Ю.М.,Творогова Н.Д.,Шкуркин В.И. Стимулирование побуждения к учению. М.,1988
Оқушының білімді меңгеруінде оқу мотивациясы негізгі рөл атқарады. Көпшіліктің айтуынша, оқушылардың сабақ үлгерімінің материалы оқыту методикасының кемістігінен емес, оқуға деген түрткісінің жоқтығынан. Баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі, яғни сыртқы және ішкі түрткіден құралады. Сыртқы түрткіге мадақтау мен жазалаудың неш түрлері, жиында сынға алуы және т.б. жатады.
Ал оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласының сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуне ұмтылуынан болады. Іштей оқуға талпыну үшін, негізінде мынадай факторлар себепкер болады:
Ø Оқушының іштей белсенділігі қажеттіліктің негізінде пайда болады. Сонымен қатар іштей оқуға белсенділік пен қажеттілікке оқушылардың өзара қатынасының негізінде болатын намыстану, ұялу үшін курес т.б. әлеуметтік ортасының әсерінің жемісі ретінде баланы оқуға итермелейтін негізгі себеп-түрткілер болады.
Ø Оқуға талпынудағы сыртқы факторларға жататындар балаға үй іші мен мектеп тарапынан қойылатын талаптар жатады. Осының өзін оқуға байланысты мөлшерлер, яғни қалыптар деп атайды.
Оқушылардың даму және оқу процесінде таным арта түседі. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таныс белсенділігін дамытуға бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттер қалыптасуына игі әсер етеді.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 580 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. | | | Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік |