Читайте также:
|
|
Сабақтың психологиялық анализін тұтас құбылыс екенін айта отырып, оның үш түрлі жоспары бар екенін баса көрсетуіміз қажет. Бірінші жоспар – тәрбие оқушының жеке басының дамуына оның ғылыми көз қарасының қалыптасуын мәдениеттілікке қатысты психологиялық анализі. Бұл жоспар жалпы педагогикалық талқылауда, оның осы заманғы оқытудың жалпы оқыту мен тәрбие мақсаттарының бөлігіне кіреді. Жалпы контексте оқыту процесін реформалауда әсіресе оқытудың тәрбиелік жағын күшейтіп, сонымен қатар психологиялық талдауда көптеген кең ауқымдағы оқушының жеке басын тәрбиелеуде оны детальді түрде қарау қажет. Оқушының белсенді әлеуметтік ұстанымы, өзінің көз қарасын дәйектеуге деген дайындығы психологиялық анализде өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісіндегі психологиялық анализдеуде оқушылардың жауапкершілігінің артуы, бірлсе қызмет етуге дайындығы, олардың мәдениеті жоғары белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жұмылған оқшы топтарының болуының маңызы зор.
Екінші жоспар әдістемелік талқылаумен тығыз байланысты: оның мақсаттарын негіздеуге, мазмұнына және ұйымдастыруға байланысты және т.б. Анализдеу кезінде сабақ қаншалықты дайындық деңгейіне және олардың интелектуалдық дамуына сай екені ескеріледі. Оқу материалын түсінудің психологиялық табиғаты оқу үрдісінде оқушылардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, әдіс тәсілдердің оқушылардың жаспен жеке психологиялық ерекшеліктеріне сай екендігі талданады. Сабақтың үшінші жоспары екі бағытта негізделеді: біріншісі – оқушы, оның ғылыми білім қажеттілігі, оның ойлау – сөйлеу, даму, жеке психологиялық ерекшеліктері тағы басқа. Оқушы оқу үрдісінің субьектісі ретінде басқа оқушылармен, мұғаліммен қарым-қатынас. Психологиялық анализ сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық қызметін жетілдіруде қазіргі заманда маңызды құрал болып табылады. Сондықтан да мұғалім осы екі бағыттың бір бағыты болып табылады.Психологиялық анализдің осы бағытында рефлексия механизмдері түйсіну, ойлау, адамның ішкі жан дүниесін сыртқа шығаруы жатады. Педагогикалық рефлекция мұғалімнің педагогикалық қызмттің субьектісі ретінде, басқа адамдарды тәрбиелеу мен оқытуды өзіне-өзі жаупкершілікті алуымен тығыз байланысты.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сабақтың психологиялық анализінің түрі. | | | Психологиялық талдаудың объектісі. |