Читайте также: |
|
«Штрих» әдісі - ілмек немесе тампон арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жиі штрих жасау. Бұл әдіс сандық анықтаусыз бөлектенген колонияларды алуға көмектеседі
Дригальский әдісі - сапалы әдіс болып саналады. Зерттелетін материалдан жекелеген колонияларды алу үшін зерттелетін материалды бірінші табақшаға шпательмен жағады, оттыққа шпательді күйдірмей, сол күйде 2, 3, 4 т.б. табақшаларға жағады. Осылай егу арқылы бірыңғай колония алуға болады.
Гоулди әдісі (сандық әдіс) 1 мл зерттелетін материалдағы (зәр, ірің, экссудат т.б. биологиялық сұйықтық) тіршілікке қабілетті бактериалардың (КТБ н/е КОЕ) санын анықтауға көмектеседі. Бактериалогиялық ілмектің көмегі (d = 2 мм) арқылы зерттеу материалын қатты қоректік ортаға I жағдай секторында 40 штрихқа дейін егеді. Стерильді бактериалогиялық ілмекпен I сектордан 4 штрих алынып II секторға егіледі; содан II- ден III-ге, III-ден IV - геегеді. I және 1V сектор штрихтары ешқашан қиылыспау керек. Бір тәуліктік инкубациядан соң КТБ анықтайды.
Секторда өскен бактерия саны | 1 мл сұйықтықтағы КТБ | |||
1-20 | Өспеген | Өспеген | Өспеген | |
21-40 | Өспеген | Өспеген | Өспеген | |
41-60 | Өспеген | Өспеген | Өспеген | |
61-80 | Өспеген | Өспеген | Өспеген | |
81-150 | 5-10 | Өспеген | Өспеген | |
³150 | 11-30 | Өспеген | Өспеген | |
Жаппай өскен | 31-60 | Өспеген | Өспеген | |
Жаппай өскен | 61-140 | Өспеген | Өспеген | |
Жаппай өскен | ³150 | 30-60 | Өспеген | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | 61-80 | 5-10 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | 81-140 | 11-30 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | ³150 | 31-60 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | Жаппай өскен | 61-80 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | Жаппай өскен | 81-140 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | Жаппай өскен | ³150 | |
Жаппай өскен | Жаппай өскен | Жаппай өскен | Жаппай өскен | 1011 көп |
Сериялық сұйылту әдісін (сандық) жие бөлінділерді дисбактериозға зерттеу үшін қолданады. Зерттеу материалын жүйелеп әр түрлі сұйылтулар арқылы титрлейді, қолайлы болу үшін 10 еселік (1:10, 1:1000, 1:10000 т.б) есептейді. Әр пробиркадағыны қатты қоректік ортаға егеміз.
Quot;Газон" әдісін дезинфектанттарға, бактериофагтарға, антибиотиктерге сезімталдықты анықтауда, бактериялардың жаппай өсуін алу үшін қолданады. 1 мл тәуліктік 1 млрд. (лайлылық стандарты бойынша №10, саңырауқұлақтарды анықтау үшін лайлылық стандарты №5) зерттелетін таза дақыл сорпасын ілмек арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жаяды.
Бактериологиялық әдіс - бір микроорганизмнің таза дақылын алу және оны серовар мен фаговарға дейін идентификациялау;
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тірі күйінде (витальді) бояу. | | | Аэробты бактериялардың таза дақылын бөліп алу схемасы |