Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарату материалы

Кіріспе | Жалпы микробиология бөлімі | Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. | Иллюстративті материал | Бактерияларда капсуланы анықтау | Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау | Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы. | Вирустардың морфологиялық сипаттамасы. | Ышқылға төзімді бактерияларды бояу | Тірі күйінде (витальді) бояу. |


Читайте также:
  1. IV. Материалы уголовных и гражданских дел, а также дела по административным правонарушениям.
  2. V. Оценочные материалы для текущего и промежуточного контроля успеваемости по дисциплине (модуля)
  3. VII. Материалы методического обеспечения занятия
  4. Абразивные материалы, применяемые в клинике ортопедической стоматологии.
  5. АРМИРУЮЩИЕ МАТЕРИАЛЫ
  6. Асноўная літаратура
  7. Б) Нормативные и справочные материалы

Бактериялық жасуша құрылысы.

Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша қабырғасы,цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.Аталғандар жасушаның басты құрылымдық компоненттері. Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула,спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.

Жасуша қабырғасы -жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.

Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.

Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид, липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.

Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.

Жасуша қабырғасынан толық айырылған бактерияларды протопласт, ал жасуша қабырғасынан жартылай айырылғандарды сферопласт деп атайды. Жасуша қабырғасы жартылай жойылғанымен, көбею қабілеттілігін сақтаған микроорганизмдерді -пішінді бактериялар деп атайды. Олардың тұрақты және тұрақсыз түрлері болады. Кейбір жұқпалы аурулардың ұзаққа созылып, қайталап дамуы ағзада патогенді бактерияладың L пішінді түрге айналуымен байланысты болуы мүмкін.

Цитоплазмалық мембрана- липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.

I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды

II. Су және тұз алмасуын реттейді

III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.

IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді

V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.

VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.

Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады. Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың көмегімен атқарылады.

Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.

Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры- волютин. Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мөлшері 0,1-0,5 мкм, метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады. Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады, дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бөліну қабілеті болмайды.Бактерия цитоплазмасында ядродан басқа хромосомадан тыс орналасқан генетикалық элемент кездеседі. Ондай элементті плазмида деп атайды. Плазмидалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың микробтарға, әр түрлі антибиотиктерге төзімділік қасиетін колицин түзу, энтеротоксин, гемолизин т.б бөлу қабілеттілігін береді.

Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.

Талшықтар -цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса- перитрих деп атайды.

Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.

Кірпікшелер немесе фимбриялар -бактериялардың сыртқы қабатында болатын ақуыз табиғатты өсінділер. Фимбриялардың жынысты және жыныссыз типтері болады.

Споралар - с пора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. Спорадағы су байланысқан күйде болады. Сондықтан споралы бактериялар өте төзімді болады, сыртқы ортада бірнеше ондаған жылдар сақталады, бірнеше минут қайнатқанда да өлмейді. Бактериялардың спора түзуі, пішіні мен жасушада (вегетативті) орналасуы түрлік қасиеті бола отырып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Спораларды орналасуына байланысты: орталық, субтерминальді және терминальді. Спораны анықтау үшін Ожешко әдісін қолданады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері.| Зертханалық жұмысты орындау түрі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)