Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы.

Кіріспе | Жалпы микробиология бөлімі | Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. | Иллюстративті материал | Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері. | Тарату материалы | Зертханалық жұмысты орындау түрі | Бактерияларда капсуланы анықтау | Ышқылға төзімді бактерияларды бояу | Тірі күйінде (витальді) бояу. |


Читайте также:
  1. Вирустардың морфологиялық сипаттамасы.
  2. Іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы.

Спирохеталар (Speira – иілген /изгиб/, chaite - шаш) – спиральға ұқсас иілген, өте жіңішке (шаш сияқты) қозғалғыш бактериялар, ұзындығы 0,1-3,0 х 5-250мкм; бір жасушалы. Жасушалар протоплазмалық цилиндр секілді фибриллалармен оралған, қозғалғыш, спора түзбейді, грам теріс, жасуша ішілік қосындылар бар. Кейбір спирохеталар анилинді бояулармен нашар боялады. Спирохе­талар туыстастықтарын санына және жіпшелердің орамдарына, аяқтамаларына байланысты жіктейді.

Актиномицеттердің морфологиялық сипаттамасы. (ескі жіктелуі бойынша сәулелі саңырауқұлақтар). Актиномицеттердің саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша құрылысы прокариоттық, жасуша қабырғасында хитин немесе целлюлозасы болмайды Тек жыныссыз жолмен көбейеді. Актиномицеттердің мицелийі субстратты және ауалы болып екіге бөлінеді. Мицелиальді бактерияларға микобактерияларды, нокардия және актиномицеттер туыстастықтарын, бірнеше жоғары актиномицеттер туыстастықтарын жатқызамыз.

Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы. Риккетсиялар ұсақ полиморфты грам теріс бактериялар. Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы, жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілік паразит болып табылады, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады. Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады. Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді.

Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы. Микоплазмалар табиғатта кеңінен таралған ұсақ племорфты грам теріс микроорганизмдер, басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болады. Микоплазмаларды Берджи жіктелуі бойынша Tenericutes бөліміне жатқызады. Олардың өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125-150-ге нм дейін. Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған. Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолдарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominis болып табылады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау| Вирустардың морфологиялық сипаттамасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)