Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық жұмысты орындау түрі

Кіріспе | Жалпы микробиология бөлімі | Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. | Иллюстративті материал | Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері. | Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау | Спирохеталардың морфологиялық сипаттамасы. | Вирустардың морфологиялық сипаттамасы. | Ышқылға төзімді бактерияларды бояу | Тірі күйінде (витальді) бояу. |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Ж: Нернст теңдеуі. Тотығу және Тотықсызданған түрі.
  3. Сабақтың психологиялық анализінің түрі.
  4. ылыми жұмыстың басы

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Жұғын-препарат дайындау (сұйық және тығыз қоректік ортада)

2.Жұғынды қарапайым бояу әдісімен бояу

3.Жұғынды күрделі бояу әдісімен бояу

4.Жұғын-препаратты микроскопиялау

5. Хаттама толтыру

Күрделі бояу әдістері әртүрлі химиялық құрамы бар бірнеше бояулармен бояу қатарын қолдану, яғни нәтижесінде бактериялық клетканың құрылымдарын ажыратуға болады.

Грам әдісімен бояу

Бояу кезеңдері.

1) Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);

2) Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;

3) Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);

4) Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);

5) Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;

6) Сулы фуксинмен бояу (2 мин);

7) Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;

8) Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйе көмегімен микроскоптан қарау.

Барлық бактериялар Грам әдісімен боялуы бойынша бөлінеді: грам оң сия көк-күлгін түсте және грам теріс – қызыл түсте. Осылай боялу қабілеті бактерияның химиялық құрамына байланысты. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында ароматты және күкіртті аминқышқылдары жоқ, липидтер аз, ал грам теріс бактерияларда, керісінше, аталған заттар көп мөлшерде кездеседі. Сонымен қатар, грам оң бактерияларда рибонуклеин қышқылының магний тұздары бар, олар грам теріс бактерияларда жоқ. Осы заттар генцианвиолет, йодпен және ақуыздармен бірге тұрақты химиялық кешен құрайды, спиртпен түссіздендіргенде жойылмайды. Грам теріс бактерияларда бұндай кешен құралмағандықтан, спиртпен жылдам түссізденеді. Бірақ спиртпен өңдеу уақытын шектеу қажет, берілген уақыттан көп түссізденсе кешен бұзылуы мүмкін. Сондықтан келесі сулы фуксин бояу түсін қабылдайды. Ал егер берілген уақыттан аз спиртпен түссіздендірілген болса грам теріс бактерияларды ажырату қиынға соғады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарату материалы| Бактерияларда капсуланы анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)