Читайте также:
|
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
АЗАҚ ЖӘНЕ ЛАТЫН ТІЛДЕРІ кафедраСЫ
Жұмыс бағдарламасы
Пән: Қазақ тілі
Пәннің коды: К(R) Ya 1104
Мамандығы: Жалпы медицина
Оқу сағаты: 270 с.
Курсы және оқу семестрі: 1 курс, І-ІІ семестр
Семей - 2014
Қазақ және латын тілдері кафедрасының жұмыс бағдарламасы жалпы білім беру пәндері бойынша Алматы. Қазақ университеті, 2012ж типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Авторлары: кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. М.Д.Жорокпаева
аға оқытушы, Кулуспаева С.Б.
аға оқытушы, Кусаинова Ж.С.
оқытушы, А.Ш.Жылқыбаева
оқытушы, Н.М.Абешова
25 04 2014 жылы кафедра мәжілісінде талқыланды
№9 хаттама
Кафедра меңгерушісі,п.ғ.к.: _______________ М.Д.Жороқпаева
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша ББК талқыланды
____ _________ 201_ № ______хаттама
Төрайымы ____________ А.С.Керимкулова
Оқу Әдістемелік Кеңесте бекітілді
______ __________201_ № ____хаттама
Төрайымы ____________ А.Б.Жунусова
1. Кіріспе:
Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы. Студенттердің бойында мемлекеттік сана мен отансүйгіш сезімін нығайту, қазақ елінің рухани-мәдени жетістіктерін насихаттауға ықпал ету арқылы қоғамда қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын орнықтыру тетіктерін жетілдіру көзделеді. Тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.
2. Пәннің мақсаты:
Қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі
модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру.
1. Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер
арқылы меңгерту;
2. Дайын сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:
- өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б) мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;
- белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;
- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарына әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көніл- күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту н/е танытпау);
3. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
- мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау, кеңес беру, нұсқау беру, нандыру, байқампаздық таныту, көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайдылығын білдіру.
3. Оқытудың міндеттері:
4. Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білу керек:
- кез-келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
- проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т.б.
Студент істей алуы керек:
- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
- өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;
- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге;
5. Реквизитке дейінгі:
Жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ, орыс, шет тілдері, қазақ, орыс әдебиеттері,
қазақстан тарихы, биология пәндері.
6. Реквизиттен кейінгі:
Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, патологиялық физиология, кәсіби қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Постановления Пленумов Верховного Суда РФ и Высшего Арбитражного Суда РФ | | | Сабақтардың тақырыптық жоспары |