Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 1-бап. Республика Парламентiнiң мәртебесi

III тарау | IV тарау | V тарау | VI тарау |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

I тарау

1-бап. Республика Парламентiнiң мәртебесi

Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

2-бап. Республика Парламентiнiң өкiлеттiк мерзiмi

1. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Кезектi сайланған Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған кезден басталады және келесi сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлiгi Мәжiлiс сайланымының кезектiлiгiмен айқындалады. Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмi кезектi сайланған Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiмен айқындалады.

2. Парламенттiң және Парламент Мәжiлiсiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - 1999.05.06. № 377, 2007.06.19. № 266 ҚР Конституциялық заңдарымен.

3-бап. Республика Парламентi қызметiнiң құқықтық негiздерi

Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - 1999.05.06. № 377 ҚР Конституциялық заңымен.

4-бап. Республика Парламентiнiң құрамы мен құрылымы

1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:

Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

2. Сенат конституциялық заңда белгiленген тәртiппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан өкiлдiк ететiн депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жылда қайта сайланады.

3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.

4. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сайланатын жүз жетi депутаттан тұрады.

Мәжiлiстiң тоқсан сегiз депутаты саяси партиялардан партиялық тiзiмдер бойынша бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжiлiстiң тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

6. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - 1999.05.06. № 377, 2007.06.19. № 266 ҚР Конституциялық заңдарымен.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Различают открытые и закрытые переломы.| II тарау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)