Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

IV тарау

Жалпы ережелер | II тарау | VI тарау |


Читайте также:
  1. II тарау
  2. III тарау
  3. V тарау
  4. VI тарау
  5. Тарау. Ішкі тәртіп

Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келiсiм беру, оларды қызметке сайлау, тағайындау және қызметтен босату жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асыруы

Ескерту. IV-тарау жаңа редакцияда - 2007.06.19. № 266 ҚР Конституциялық заңымен.

21-бап. Парламент Палаталарының келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдар

Парламент Палаталарының келiсiмiмен Республика Президентi қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын Республика лауазымды адамдарының тiзбесi Республика Конституциясында айқындалады.

22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнiнде Республика Президентiне келiсiм беру тәртiбi

1. Республика Президентi Премьер-Министрдi қызметке тағайындауға Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiн, сондай-ақ Республиканың Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келiсiмiн алу үшiн, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшiн Парламент Палаталарына тиiстi жазбаша ұсынулар енгiзедi, солардың негiзiнде тиiстi мәселенi Парламенттiң тиiстi Палатасының таяудағы отырысының күн тәртiбiне енгiзу туралы шешiм қабылданады.

2. Премьер-Министрдi тағайындауға Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмi Палата отырысында берiледi.

Республика Президентiнiң аталған лауазымды адамдарды тағайындауына Парламент Палаталарының келiсiмi алдын ала не соңыра ұсыну барысында алынады және Палата отырысында берiледi.

3. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы мен қызметтен босатуы үшiн ұсынылған кандидатуралар мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейiн Сенат Бюросының шешiмiмен белгiленген Сенаттың тиiстi комитетiнiң отырысында талқылануға тиiс. Кандидатураларды қараудың нәтижелерi негiзiнде комитет әрбiр талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етiлетiн қорытынды шығарады.

4. Тиiстi Палата отырысында қызметке тағайындауға келiсiм беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады.

5. Тиiстi Палатаның отырысында:

1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы.

2) депутаттар ұсынылған кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пiкiрлер бiлдiруi мүмкiн.

6. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкiн.

7. Егер Парламенттiң тиiстi Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындауға келiсiм беру туралы, қызметке сайлау туралы шешiмдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиiстi Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгiзедi.

8. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату туралы шешiм қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгiзуге хақылы.

23-бап. Парламент Палаталарының ұсынылған кандидатуралар бойынша шешiмдер қабылдауы

1. Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келiсiм беру туралы шешiмдердi Парламенттiң тиiстi Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылдайды.

2. Егер тиiстi Палата дауыс берудiң өзгеше тәртiбiн белгiлемесе, шешiмдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

3. Шешiмдер тиiстi Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресiмделедi.

4. Қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келiсiм беру үшiн Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиiстi Палатаның шешiмiнде қабылдамаудың толық дәлелдемесi болуға тиiс.

23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртiбi

1. Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау Палатаның отырысында жүзеге асырылады. Палатаның қызметке тағайындауы үшiн осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың ұсынылған кандидатуралары мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейiн Палата Бюросының шешiмiмен белгiленген Палатаның тиiстi комитетiнiң отырысында талқылануға тиiс.

Кандидатураларды қараудың нәтижелерi негiзiнде комитет әрбiр талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етiлетiн қорытынды шығарады.

3. Тиiстi Палата отырысында қызметке тағайындау туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды тиiстi Палатаның Төрағасы таныстырады.

4. Тиiстi Палатаның отырысында:

1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;

2) депутаттар ұсынылған кандидатты «жақтап» немесе «қарсы» пiкiрлер бiлдiруi мүмкiн.

5. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкiн.

6. Егер Парламенттiң тиiстi Палатасы ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешiмдер қабылдамаған жағдайда, Төраға тиiстi Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгiзедi.

7. Парламент Мәжiлiсi мен Сенаты осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау туралы шешiмдердi Парламенттiң тиiстi Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылдайды.

8. Егер тиiстi Палата дауыс берудiң өзгеше тәртiбiн белгiлемесе, шешiмдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

9. Шешiмдер тиiстi Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресiмделедi.

10. Қызметке тағайындау үшiн Палата Төрағасы ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиiстi Палатаның шешiмiнде қабылдамаудың толық дәлелдемесi болуға тиiс.


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
III тарау| V тарау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)