Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фарида. Өмір Өмірдің өзі үйретеді

РУССКИЕ ПЕРЕВОДЫ КОРАНА | Жанат Баймухаметов | ШТАМПЫ ДЛЯ КАЖДОГО | Рождение (крик) | Желание (знать) | Давление | Зимние хроники | Баритоны, басы пароходов | Страх утраты Родины | Кенжебай АХМЕТОВ |


Читайте также:
  1. Фарида.
  2. Фарида.
  3. Фарида.

Өмір... Өмірдің өзі үйретеді... Әй, жарайды, екеуімізге философия не керек? (Қыздың қолындағысын меңзеп) Анауың не?

Раушан.

Ой, ұмытып кетіппін ғой!.. Ағай беріп жіберіпті... (Қорапты ұсынады).

Фарида (қорапты алып жатып).

Осы сенің есімің Раушан емес пе еді?

Раушан.

Иә, тәте, Раушан ғой.

Фарида.

“Раушан” болсаң, миыңа жақсылап құйып ал. Бұл үйде ешқандай «ағай-мағай” жоқ. Бұл үйде Асылхан Байгелович қана бар. Ол кісі “ағай-мағайыңды” естіп жүрмесін. Өзіңнің алдыңдағы қыздың соңынан кеткің келмесе, “ағай-мағайды” ұмыт! Жалпы, есіңде болсын, Асылхан Байгелович бар кезде көзге түспей жүргенің жөн. Ұқтың ба?

Раушан.

Ұқтым, тәте. Рахмет.

Фарида (қорапқа қарап).

Ал, мұнда не бар екен?

Фарида қорапты ашып, ішінен кешкі салтанатқа арналған әдемі көйлекті алып, әрлі-берлі өлшеп қарай бастайды.

Раушан қызыға қарап қалған. Бір кезде оған Фариданың көзі түсіп кетеді.

Фарида.

Сен әлі осында ма едің?

Раушан (қызығушылықтан айықпаған күйі).

Иә... Керемет екен, тәте!

Фарида.

Есіңде болсын, бойжеткен: міндетті шаруаңды бітірген соң, өз орныңа баруың керек!

Раушан (сасқалақтап).

Кешіріңіз, тәте!.. Кешіріңіз, байқамай қалдым... Ендігәрі...

Фарида.

Жарайды, бара бер! (Раушан бұрыла бергенде, кілт ойланып) Тоқтай тұр! Бері келші! Жасқанба, кел дейім бері!..

Раушан жақындайды. Фарида көйлекті алдыңғы жағынан иығына іле, қарсы кеп тұрады.

Фарида.

Қалай?! Жараса ма?

Раушан (шын ниетімен).

Керемет!

Фарида (қызық көріп).

Шынымен “керемет” пе?


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фарида.| Раушан.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)