Читайте также:
|
|
2004 жылғы 25 қыркүйек Астана қаласы
Астана қаласының Алматы қалалық соты
Төрағалық етуші судья Т.С.Азимов болған құрамда,
хатшы –Л.И. Каримованың,
тараптардың қатысуымен жабық сот отырысында азамат Иванов Виктор Ивановичтың азаматша Косунова Раиса Петровнаға биологиялық әкелікті күшінде жоқ деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Азаматша Косунова Раиса Петровна мен азамат Иванов Виктор Иванович некесі 1989 жылы тіркелген. 1992 жылы олардың ұлдары Иванов Виктор Викторович туған. Мінез-құлықтарының сыйыспауының және басқа да мән-жайлардың нәтижесінде олардың арасындағы неке Астана қаласы Алматы аудандық сотының 1995 жылғы 15 маусымдағы шешімімен бұзылған. Орын алған мән-жайлардың себебінен В.И. Иванов өзінің В.В.Ивановтың биологиялық әкесі болып табылатыны жөнінде күмәнданады. Одан арғы туыстық және өзара қарым-қатынастарды анықтау мақсатында талапкер осы мәселені шешуді өтінеді.
Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде, АІЖК-нің 91-бабын басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
№ 51 азаматтық іс бойынша молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалсын, оның шешуіне төмендегі мәселе қойылсын:
Азамат Қаратаев Қайрат Ғабдоллаұлы 1992 жылғы 23 наурызда туған баласы Қаратаев Ербол Қайратұлының биологиялық әкесі болып табыла ма?
Сараптаманы жүргізу ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығына тапсырылсын.
ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығына төмендегілер берілсін:
А) органикалық шыныдан жасалған, бұрамалы қақпағы бар пробирка. Пробиркада «К-әке» деген қолмен жазылған мәтіні бар жапсырма бар. Пробиркада бес миллилитрге дейінгі көлемдегі сұйық қан бар (№ 1 нысан).
Б) органикалық шыныдан жасалған, бұрамалы қақпағы бар пробирка. Пробиркада «К-ана» деген қолмен жазылған мәтіні бар жапсырма бар. Пробиркада бес миллилитрге дейінгі көлемдегі сұйық қан бар (№ 2 нысан).
В) органикалық шыныдан жасалған, бұрамалы қақпағы бар пробирка. Пробиркада «К-ұл» деген қолмен жазылған мәтіні бар жапсырма бар. Пробиркада бес миллилитрге дейінгі көлемдегі сұйық қан бар (№ 3 нысан).
Ұйғарым Астана қаласы Алматы аудандық сотының №12 кабинетінде, 2003 жылы шығарылған пентиум 4- 52 Х МАХ, №013601060 компьютерінде басылды.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 628 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Осымша сараптама тағайындау туралы | | | Төрағалық етуші Т.С. Азимов |