Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эндоцитоз, эндоцитоз, фагоцитоз, пиноцитоз.

Рак жасушалары, рак аурулары. | Геномика, генодиагностика. | Жасуша плазмалеммасы, фагацитоз, пинацитоз. | Инволюция, прогерия. | Тератогенез, гаметопатиялар, бластопатиялар. | Тератогенез, эмбриопатия, фетопатиялар. |


Эндоцитоз: фагоцитоз немесе пиноцитоз арқылы заттардың жасуша ішіне тасымалдануы.Ал жасуша сыртына тасымалдануы экзоцитоз. Фагоцитоз деп жасуша мембраналары арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуін айтады. Фагоцитоз жолымен жасушаға өткен ірілеу түйіршіктер лизосомадағы гидролиздеуші ферменттер арқылы қорытылатындығы белгілі. Фагоцитоз процесін терең зерттеп, бұл терминді ғылымға алғаш орыс физиологі И.И.Мечников енгізген. Пиноцитоз кезінде жасушаға ірірек келген су тамшылары өтеді.

114.Митоз және митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы.

Митоз – сомалық жасушаның негізгі бөліну әдісі. Митоз бірінен кейін бірі жүретін 4фазадан тұрады: профаза,метафаза, анафаза,телофаза. Митоз – бұл хроматидтер бір-бірінен ажырап, екі жас жасуша арасында бірдей бөлінетін ядроның бөліну процесі.

1. Профаза – хромасомалар ширатылып,жуандап,қысқарады.Әр хромасома 2хроматидтен тұрады. Олар центромералары арқ.байланысады. Ядрошықтар жойылып,ядро қабығы еріп кетеді. Хромасомалар цитоплазмада бос күйінде қалады.Осы кезде центроильдер жасушаның полюстеріне ажырап,ахроматин жіпшелері пайда болып,бөліну ұршығы қалыптасады.

2. Метафаза – хромосомалар экватор жазықтығында орналасады.Әр хромосома кинетохор арқылы бөліну ұршығының жіптеріне бекінген ұзын бойынан екі хроматидтерге ажырайды.

3. Анафаза – хромосомалар полюстерге тартылуы,жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

4. Телофаза – жаңа ядрошық пайда болады.Хр-р деспиральданады,жіңішкеріп ұзарады,ахроматин жіп-і жойылады.Артынша цитокинез жүріп,жасуша екіге бөлінеді.

115.Қартаю және қартаю кезіндегі адам ағзасындағы өзгерістері.

Қартаю барлық тірі ағзаларға тән жалпы биологиялық құбылыс болып саналады. Қартаю – онтогенез қорытындысы, ағзада ерекше құрылымдық, қызметтік және биохимиялық өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Қартаю – жасқа байланысты өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқарады. Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалық, ұлпалық, жұйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде қартаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы озгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық қасиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді. Қартаю кезеңінде адам ағзасында барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Ас қрыту жүесінде мынадай өзгерістер байқалады: тістері босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады – кейбір бездердің қызметі төмендеп, гармондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с. Жас ұлғайған сайын ағзаның имундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. кәрілік сатысында адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді. Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын, оның иондарды тасмалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. ЭПТ құрылысы өзгереді.

116. Қартаю кезіндегі гетеротопия құбылысы, клото гені,прогерия.

Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді, мысалы мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю құбылыстары бірдей болмайды – оны гетеротопия құбылысы деп атайды. ХХ ғ 90ж америка ғалымдары адам ағзасының «кәрілік» генін тауып оны «клото» гені деп атаған. Бұл ген адамзаттың шамамен 25% кездеседі. Ол ағзада екі не одан да көп дана күйінде кездесуі мүмкін және геномда оның саны неғұрлым көп болса адамдар соғұрлым ерте қартайып дүние салады. «Клото» геннің екі данасы жаңадан туылған нәрестелердің 3% кездеседі, 65 жастағы адамдардың тек, 11% ғана кездескен. Демек, осыншама клото гені бар адамдар ерте кезде, яғни 65 жасқа жетпей дүние салған. «Клото» генімен ағзаның ерте қартаюы арасында тікелей байланыс болатындығына ғалымдар әліде күмәндануда. Әйтседе, осы геннің адамдардың тіршілік ұзақтығын реттеуге қатысатындығы сөссіз.

Адамдарда ерте қартаю белгісі- прогерия дейтін ауру екені белгілі. Бұл аурумен ауыратын адамдарда балалық шақтан бастап(мүмкін жыныстық жетілу шағында 13-15жаста)жасушаларда жедел қартаю құбылысьары байқалады.Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардың атеросклерозасы т.б дамиды, яғни жасқа жетпейақ нағыз кәрі адамдардаға тән қартаю құбылыстары дамиды.тап осындай құбылыс жылы Атырау облысының тұрғыны жастағы Нұржан атты балада байқалған.Ғалымдардың пікірінше жасуша бөлінген сайын онда кейбір нәрселер біржолата жойылып не жинақталып отыра ма деген ой пайда болды.

117.Нуклеин қышқылдарының айырмашылық ерекшеліктері.

118.Онтогенездің ұрықтану, бөлшектену, гаструляция кезеңдері.

Ұрықтану - жыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жиынтығы бар жасуша- зиготаны түзуі. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі мен гаметалардың қосылуы (оогамия) рет-ретімен жүреді. Гаметалардың жақындауы гармондардың гаметалар гормоны әсерінен жүреді, оны жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар бөледі. Гармондар сперматозоидтардың қозғалуын және сперматозоидтың жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасуын активтендіреді.

Бөлшектену. Зигоатаның бөлшетенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының маңызы көпжасушалы ұрық бластоцистаның пайда болуы. Бластоциста сатысында жасушалар жеке жасушалар түріне(жүйке, бұлшық ет, эпителий және т.б) маманданбаған немесе жіктелмеген.Сондықтан оларды бағаналық жасушалар деп атайды. Бағаналық жасушалар әртүрлі жасушалар мен ағза ұлпаларының барлығына бастама болады, сондықтан оларды плюрипотенті деп атйды.

Гаструляция -2 немесе 3 ұрық жапырақшаларынан тұратын көпқабатты ұрықтың түзілуі. Гаструляцияның негізгі механизмдері таңдамалы жасушалық орын ауыстыру, агрегация және таңдамалы сорттау болып табылады. Гаструляция әдістерін бастапқы бөлщектену нәтижесіне қарай, ағзалардың шығу тегіне және жүйелік орнына тәуелді түрде төрт түрге бөледі: инвагинация(ішіне қарай кіру), эпиболия(қаптай өсу), дельминация(қабаттану), иммиграция(орын ауыстыру).

119. Онтогенездің гистогенез, органогенез кезеңдері.

Гистогенез- маманданған ұлпалардың аз жіктелген жасуша материалдарынан пайда болу процесі, органогенез- мүшелердің қалыптасуы. Морфогенездің бастапқы механизмі детерминация және дифференциация болып табылыды.

Детерминация- (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда болуы. Детерминацияның негізінде кейбір гендердің активтенуі және м-РНҚ мен ақуыздардың синтезі жатыр. Детерминация мен эмбриональдық реттеу қарама-қарсы қасиеттер. Детерминация бүтіннен бөліктерге қарай жүреді- бірінші ұрықтың бүтін бастамасында детерминация жүреді, ал оның жеке элементтерінің тағдыры әлі белгісіз болады. Эмбриональдық реттеуге қабылеттілік онтогенез барысында төмендейді.

120. Онтогенездің нейруляция кезеңі. Онтогенездің басталуы мен жүйке түтігі, хорда ішектің қалыптасу процесі. Барлық хордаларда нейруляция бір типті жүреді: арқа эктодермасы хордомезодерманың индукциялық әсерінен жайпақталған жүйке пластинкасына айналады,оның бүйір шеттері көтеріліп жүйке ойықтарын түзеді. Ойықтардың шеттері қосылып ішінде қуысы бар жүйке түтігін түзеді. Егер жүйке ойықтары қосылмаса, туа-біткен даму ақаулықтар пайда болады.

Эктодерманың туындылары: жүйке түтігі, жүйке қыры (жотасы), жүйке жасушалары,тері эпидермисі мен оның туындылары (қауырсын, шаш, тері және сүт бездері), көру,есту,иіс сезу мүшелерінің компонеттері, ауыз қуысының эпителийі, тістердің эмалі. Энтодерманың туындылары: тыныс алу жүйесінің мүшелері, зәр шығару және жыныс, асқорыту жүйелерінің кейбір мүшелерінің эпителийлері, хорда.

Мезодерманың туындылары: қаңқа мускулатурасы,тері дермасы, зәр шығару және жыныс жүйелерінің мүшелері, жүрек-қантамыр жүйесі, лимфалық жүйе, плевра, ішпердесі, перикард.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 581 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фармакогенетика.| Голубева Елена Михайловна

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)