Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рак жасушалары, рак аурулары.

Жасуша плазмалеммасы, фагацитоз, пинацитоз. | Инволюция, прогерия. | Тератогенез, гаметопатиялар, бластопатиялар. | Тератогенез, эмбриопатия, фетопатиялар. | Фармакогенетика. | Эндоцитоз, эндоцитоз, фагоцитоз, пиноцитоз. |


Мутагенез, мутагендер.

Мутациялар пайда болу процесін мутагенез, ал пайда болуына алып келетін физикалық не химиялық факторларды мутагендер деп атайды. Мутациялар еш бір себепсіз, табиғи жолмен дайда болуы мүмкін-оларды өздігінен, кенеттен пайда болған мутациялар дейді, ал кейбіреулері әртүрлі физикалық не химиялық мутагендік факторлардың әсері салдарынан пайда болады- оларды индукцияланған мутациялар деп атайды.

32.Канцерогенез, рак жасушаларының ерекшелігі.

Канцерогенез дегеніміз рак(ісік) ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогенездікке әсер етеді. Рак ауруы ХХ ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруларының бірі болып отыр. Рак ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан 2 ерекшеліктері болады: 1) кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болса, рак жасушалары шексіз бөлініп өсуге қаблетті. Сондықтанда, олар ағзаға механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді де ақырында оның өлуіне алып келеді; 2) рак жасушалары жайылып метастаз береді, яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге, ұлпаларға таралып, сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады.

Рак жасушалары, рак аурулары.

Рак жасушаларының негізгі қасиеті тоқтаусыз бөлінуге қабілеттілігі, өйткені оларда жасушаның көбеюін тежейтін механизмдер мен факторлар болмайды.»Қатерлі ісіктің шығу тегі бойынша моноклональды, яғни барлық ісік жасушалары бастапқы бір нашар жасушадан дамып – жетіліп, соның ұрпақтары болып табылады.»Қалыпты жасушаның трансфармацияланған жасушаға (ісік жасушаларына) айналу процесі онкогенез немесе канцерогенез деп аталады. Канцерокенез өте ұзақ, бірнеше ондаған жылдарға созылатын күрделі, көпсатылы процесс. Канцерокенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.1)Инициация- сау жасушаның ісік жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы; 2) Промоция – ісік жасушасының көбеюі; 3) Прогрессия – ісік жасушаларының қатерлілігінің артуы..Қазіргі кезде рак ауруының кем дегенде 3-4 түрінің тұқым қуалайтындылығы дәлелденген, олар: ретинобластоманың бір түрі, фанкони анемиясы(қан аздылығы), пигменттік ксеродерма және нейрофиброматоз.рак ауруының көпшілігі сомалық мутациялардан басталады. Фанконни анемиясы- жас балаларда кездесетін ауру. Оның белгілері қаңқа, әсіресе саусақ сүйектері, кәрі жілік құрылысы бұзылады, сүйектерде кемік жасушалары жетілмейді, сондықтан эритроциттер аз мөлшерде түзіледі. Тұқым қуалайтын рак ауруының тағы бірі- ретинобластома. Ол балалардың көздерінде болатын ісік ауруы. Егер дер кезінде дұрыс емделмесе ісік миға беріліп балалардың өліп қалуынаалып келеді.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 906 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мигранты из Средней Азии – угроза нашим детям| Геномика, генодиагностика.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)