Читайте также:
|
|
Негізінде кеден одағын құру туралы шешім осыдан он жыл бұрын қабылданған. Алдымен ТМД содан кейін Еуразиялық экономикалық одақ, ақыры кедендік одақ құру керек деген ұсыныстар айтылған кезінде. Қазір ТМД елдері арасында осы одақты құруға дайын мемлекеттер Қазақстан мен Ресей. Ал Беларусьтің қосылған себебі - оның Ресеймен арадағы қарым-қатынасы жақсы жолға қойылған. Әрі екі мемлекет бұдан үш жыл бұрын одақ құрғанды. Дегенмен үш мемлекет экономикасындағы айырмашылықтар жетерлік. Айталық, Қазақстан мен Ресейді салыстырар болсақ¸ ресейліктердің өндіріс саласы жақсы дамыған. Ал еліміздің өндіріс саласы тоқырауда. Киетін киім, ішер астың 70-80 пайызын шетелден әкелеміз. Тіпті өндіріс деп жүрген жиһаз жасау, тағы басқа салаларға қажетті құрал- жабдықтың бәрін шетелден тасимыз. Бұл жабдықтарға баж салығы тым жоғары. Айта кететіні, Ресейде отандық кәсіпкерлер шетелден тасымалданатын тауарлардан жақсы қорғалған. Кеденде оларға салынатын баж салығы өте жоғары. Кеден одағы жұмысын бастағалы бері Қазақстан да кедендік тарифтерді Ресейдікімен теңестіруге кірісті. Қазір ресми мәлімет бойынша, шетелден тасымалданатын тауарлардың 32 пайызының баж салығы көтерілді. Шамамен алғанда 10 пайызынікі орташа деңгейде қалса, тек бес пайызыныкі ғана төмендеген. Және әр тауар түріне әр түрлі көлемде көтерілген. Айталық, Малайзиядан жихаз әкеп сататын кәсіпкер бұрындары он бес пайыз көлемінде баж салығын төлейтін. Қаңтардан бастап баж салығынан бөлек әр тауардың келісіне 0,6-0,7еуро көлемінде қосымша қаржы төлейтін болыпты. [20,81б]
Демек, оның тауарларының бағасы 350 пайызға көтерілді деген сөз. Бірнеше дүкені бар кәсіпкер де азық түлік бағасының кемінде екі есе қымбаттағанын айтады. Қытай түгіл, Ресейден әкелетін тауарлар бағасы көтеріліпті. Сол сияқты кондитерлік тауарларға қажетті шикізат- тростникті Куба, Бразилиядан әкеледі. Бұған салынатын баж салығы да айтарлықтай өскен. Енді кондитерлік өнімнің бағасы көтерілетіні анық. Көліктерге тоқталар болсақ, оның баж салығы тіпті шарықтаған. Өйткені Ресейде шетелдік көліктерге салынатын баж салығы тым жоғары, біздікінен үш есе қымбат. Сөйтіп бізге Еуропа, Жапониядан әкелінетін көліктердің бағасы үш есе қымбаттаған. Мұның себебі түсінікті. Ресей кеден одағы аясында шетелден әкелінетін көліктерге тосқауыл қойып, өз көліктерін сатуға мүдделі. Ал Қазақстан бұған мойынұснуға мәжбүр. Сол тәрізді елімізде балық өнеркәсібімен айналысатын жеті кәсіпорын бар. Бұлар өз ұсыныстарын дайындап, кеден одағы аясында құрылған жұмыс тобына ұсынғанды. Түптеп келгенде, олардың ұсыныстарына ешкімде құлақ аспады. Тағыда Ресейдің жетегінде кетіп, солардың баж салығына теңестік. Оның үстіне Ресейде балық шаруашылығымен айналысатын компаниялар жетпіске жуық. Енді балық бағасы да қымбаттамақ.
Осыдан-ақ көп нәрсені экономика емес, саясат шешіп жатқаннын аңғарамыз. Ресей соңғы жылдары алдына көп мақсат қойды. Еуропа елдерінің арасында ықпалын,беделін күшейтіп,әлем санасатын елге айналу дегендей. Осы тұрғыдан алғанда, кеден одағының Ресейге үлкен септігі тимек.Есесіне, қазақ кәсңпкерлерінің бұдан ұтары шамалы болып тұр. Оның үстіне шетел тауарлары қымбаттағанын пайдаланған баз біреулер Ресейден әкелінетін тауарлар бағасын да көтеріп жатыр. Осылайша баж салығы төмен болса да, ресейлік тауарлардың бағасы шетелдікімен бірдей болып тұр.
-Ресей тауарларының өзы қымбаттап жатса, бұл одақтың пайдасы не сонда?
-Одақтың құрылғанына бір жыл болады. Бірақ оның пайдасына қол жеткізген жоқпыз әлі, Керісінше, ұтылып жатқан тұстарымыз көп. Қазір отандық кәсіпкерлерге бір – ақ жол қалды. Ол – ресейлік кәсіпорындармен бірігу. Нарықта қалудың бірден-бір жолы осы. Ал өз бетінше күн көріп жүрген кішігірім кәсіпорындардың ахуалы мүшкіл. Жалпы алғанда, кеден одағы шикізатты сыртқа сататын компаниялар үшін тиімді.Өйткені шикізатты Ресей арқылы тасымалдаудың тарифтері төмендейді. Ал өндіріс саласындағы кәсіпорындардың ахуалы қиындай түспек. Ресейлік ірі өндірушілер демпинг жүргізсе, отандық кәсіпкерлер бұған шыдамай жабылып қалуы мүмкін. Бәлкім, Ресейден тауар тасымалдаушыларға кеден одағының пайдасы тиетін шығар. Ресейлік нарыққа шығам деушілерге де кедендік кедергілер жойылады. Декларация толтыру, түрлі рәсімдеулерден басталады. Бірақ түптің түбінде ресейлік компанияларға ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеуші кәсіпорындар ғана бәсекелес бола алады. Ал шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеті төмен.
Бір қызығы, кеден одағын құру туралы біраздан бері айтылып жүрсе де, кей кәсіпкерлер мұны тым кеш естіген. Көбіне-көп қауымдастыққа бірікпеген кәсіпорындар бұдан хабарсыз қалған. Айталық, тоңазытқыш камераларын жасайтын кәсіпорын өкілдері ешқандай жұмыс тобына қатыспаған. Күзде одақтың құрылатынын естіген соң баж салығына көз жүгіртсе, Италия, Германиядан тасып жүрген жабдықтары бақандай 20 пайызға қымбаттайтын болыпты.
Қысқасы, Ресей мүдделі болмаса, ешқандай да өзгерістердің болмайтыны анық. Кеден одағы комиссиясы құрылған. Қазақстан мен Беларусьтің бұл комиссиядағы дауысы 21¸5 пайыздан. Ал Ресейлік 57 пайыз. Кімнің мүддесі көбірек ескерілетінін осыдан байқауға болады.
Кеден одағы кезіндегі Кеңес одағының бір моделі болып шығуы мүмкін. Бұл одаққа Қырғыстан мен Тәжікстан енуге ниет білдіруде. Онсыз да Қырғыстан мен Тәжікстанның Ресеймен байланысы күшті. Тәжікстан халқының жартсы Ресейде күнелтіп жүр. Бәлкім, кейінрек одаққа басқа мемлекеттер де қосылатын шығар.
Бұл кеден одағының бір моделі болса. Тәуелсіздігімізге қатер төніп жүрмейме? Бүгінгі күннің басты сұрағы да осы. Қайткен күнде де әр одақтың күштісі болу тиіс. өзгелер сол күштінің айтқанына құлақ асып айтқанын орындау керек. Бұрындары Кеңес одағында бұл күштінің рөлін Ресей атқарған. Сол тірңзді Кеден Одағының ең күштісі Ресей болмақ. Демек, қазірде сол ескі соқпаққа түстік деген сөз.
Енді Ресейдің ығына жығылып жетегінде кетпес үшін не істеу керек? Ол үшін экономика дұрыс дамуы тиіс. Экономиканы дамытуға бағытталған талай бағдарлама бар. Брақ олардаң ешқайсысыда орындалып жатқан жоқ. президент тапсырмалары, үкімет бағдарламалары іке аспай, жарты жолда қалып жатыр. Жағдай өзгермесе, Ресей компанияларының шаңына қалып қоятынымыз анық.
Қазыр салық органдары кәсіпкерлерге қатта қысым көрсетіп, бюджет тапшылығын толтыру мақсатымен түрлі айыппұл төлеткізіп жатыр деген алыпқашпа әңгіме көбейіп кетті. Бұл қаншалықты рас?
Бұл шындық. Себебі дағдарыс салдарынан көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. Айталық, біздің қауымдастыққа айына отыз, елу кәсіпкер кірсе, онбес,отыз кәсіпкер керісінше, қауымдастықтан шығып жатады мұнын басты себебі кәсіпорындар жұмысын тоқтатып жатыр. Кәсіпорынды жабу қымбат, қиын әрі бірнеше жылға созылатын процесс. Сондықтан салық кодексіне еңген өзгертуге сәйкес, олар қызметін уақытша тоқтатты. Міне, көптеген кәсәпорындар жабылып қалғандықтан, бюджетке түсетін салықтар азайды. Салық органдары осы тапшылықтың орнын толтыру мақсатымен түрлі айла әрекетке көшті. Былтыр жалған кәсіпкерлікті әшкерелеу науқаны жүргізілді сот бизнес субьетісін жалпы кәсіпкерлікпен таныса, мұнымен кезінде байланысы болған, иә белгілі бір операцияларды бірігіп іске асырған өзге кісіпкерлерде жауапқа тартылады. Оған айыбын, табыс салығын, қосымша құн салығын, пенясын төлеткізеді. Қысқасы, бұл сома үш, төрт млн тенгеден жүз млн жетуі мүмкін. Жаз бен күзде жетуі тиіс хабарландыру әбден кешігіп, мерзімі өтіп кеткен соң ғана қолға тиді. Салық кодексіне сәйкес хабарландыруға бір ай ішінде жауап беру керек. Сондықтан салық органдары «талабымызды уақытында орындамады» деп шотты жауып тастады. Кәсіпкер сотқа жүгініп, уақыт жұмсағанша, айыппұл төлеген артық деп санайды. Сөйтіп, салық органдары бюджет тапшылығын толтырудың келесі бір жолын ойлап тапты.
Мұнымен тоқтап қалмай, соңғы айларда тағы бір әрекетке көшті. Бизнес орталықтады жалға алып отырған кәсіпкерлерді тексеруге кірісті. «салықты дұрыс төлемейсіндер» деген желеумен жалға төлейтін ақшадан салық ұстап жатыр.
Қосымша құн салығын төлеуші отызыншы қарашаға дейін қайта тіркеуден өтуі тиіс деген талап та үлкен дауға ұласты. Мұның салық кодексіне қарама қайшы екені екі бастам. Кейбір кәсіпкерлер тоқсаныншы жылдары кәсіпорын ашқан не құрылтайшы болған. Бірақ бұл фирмалар жұмысын әлдеқашан тоқтатқан. Ос фирмаларды жаппай, тіркеуден өтпейсіндер деген талап шығарды. Сөйтіп, не кәсіпорынды жабу керек не қайта шот ашып айыппұл салықтарын төлеу қажет. Осылайша көптеген кәсіпкерлер қайта тіркеуден өтіп үлгермейді. Ал тіркеуден өтпесен, сенімен әріптестерін жұмыс істей алмайды. Міне салық органдары түрлі құйтырқалықтар арқылы жоғарыдан түскен тапсырманы орындап жатыр.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жапония ДСҰ-ң мүше ел ретінде | | | Орытынды |