Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары

КІРІСПЕ | Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары | Азақстанның ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары | Ауылшарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы | Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі | Жапония ДСҰ-ң мүше ел ретінде | Р-ң сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары | Орытынды | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |


Читайте также:
  1. Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары
  2. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджеті
  3. Р-ң сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары
  4. Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны

 

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2007 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2010 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс

-Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

-Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

-Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

-Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

-Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

Қазақстан астығы әлемге танымал бола бастады. Оның экспорттық географиясы кеңіді. Аграрлық азық-түлік бағдарламасының аясында астық қолхаттарын кепілдендіру жүйесі енгізіліп, ол өзі жұмыс істей бастаған екі жарым жылдың ішінде ТМД, Шығыс Еуропа, Қара теңіз бассейні аумағындағы елдер арасында ең үздік жүйе ретінде танылып үлгірді. Осы қордың кепілдендіруімен Еуропаның қайта құру және даму банкі, Robobank іnternatіonal, Natexіs bank секілді халықаралық қаржы ұйымдары еліміздің астық шаруашылықтарын несиелендіре бастады. Оған қосымша қордың кепілдендіруімен екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 30 миллиардтай теңгенің несиесін бөлді. Осы фактінің өзі-ақ Қазақстан астық шаруашылығының артып келе жатқан әлеуеті мен болашақ мүмкіндіктері халықаралық деңгейде мойындала бастағандығын білдірсе керек. Ал осыдан үш жыл бұрын отандық банктердің өзі ауыл шаруашылығына сенімсіздікпен қарайтын.

Әрине, БСҰ-ға қосылуға қатысты біздің де есепке алып отырған мәселелеріміз бар. Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық бағасына әсер ете алатын дамыған елдер үшін мемлекет қолдауы аграрлық саладағы барлық өндірілген өнім құнының 5 пайызына дейін рұқсат етілсе, дамып келе жатқан елдер өздерінің аграрлық секторларын 10 пайызға дейін қолдау мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен қатар қазіргі талдаулар БСҰ-ға мүше болып табылатын дамыған мемлекеттерде бағаны субсидиялаудың нақты орташа деңгейі ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім құнының 14 пайызына жуығын құрайтын­дығын, ал негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші елдерде, айталық АҚШ-та мемлекеттік қолдаудың бұл түрі құнның 25-30 пайызы мөлшерінде болғанда, Еуропа одағы елдерінде 50 пайызға, ал Финляндияда 70 пайызға дейін жетіп отырғандығын көрсетеді. Ауыл жылдары деп жарияланған соңғы үш жылда ол бізде де айтарлықтай өскендігіне қарамастан, ауыл шаруашылығы өнімінің бағасына әсер ететін мемлекеттік қолдау 2 пайыз мөлшерін құрап отыр. Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылған кездегі біздің мақсат – еліміздің агросекторына мемлекет қолдауын өзімізге қолайлы деңгейде сақтап қалу. Егер біз БСҰ-ға өзімізге қолайлы режим жағдайында қосыла алсақ, осы оқиға салдарынан еліміздің агросекторы көп зардап шеге қоймас, ал астық шаруашылығы тіпті ұтысқа да шығуы мүмкін.

Ауыл шаруышылық өнімдері саудасы халықаралық саудасының ең маңызды саласының бірі. Әлемдік тауарлар экспортының жалпы көлемінен 10%-ын құрайды (540 млрд. АҚШ доллардай). Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік саудасында үлесі 80%-ға тең азық-түлік пен өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінің саны көпшілік. Қалған 20% ауыл шаруашылық шикізатын құрайды. Ауыл шаруашылық өнімдерді ірі экспорттаушылары – АҚШ (әлем экспортының 12,1%), Франция (7,2%), Нидерланд (6,2%), Канада (6,0%) мен Германия (5,1%).

ДСҰ ауыл шаруашылық жөніндегі келісімдерімен сәйкес тарифтік емес шараларға тыйым салынған, олар көп ұзамай жойылып, ДСҰ-ға кіруден кейін қарапайым импорттық баждарға өзгертілуі тиіс.

Ауыл шаруашылықты ішкі қолдау және экспорттық субсидиялар

1. Ішкі қолдау

Әлем мемлекеттерінің көпшілігі өзінің ауыл шаруашылық саласына нормативтік құқықтық актілер негізінде реттеу мен бюджеттен қаржылық қаражаттарды бөлу нәтижесінде қолдау көрсетіп жатыр. Осындай, әсіресе дамыған елдерде кең таралған протекционисттік саясат, ауыл шаруашылық тауарларының ішкі және дүниежүзілік бағаларының бұрмалануына, осының нәтижесінде әділетсіз бәсекелескке апарады. Осының себебінен Уругвай кезеңінің барысында сауданы бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шараларын тәртіпке келтіру туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылық жөніндегі келісім мемлекеттің ауыл шаруашылықты қолдауының екі негізгі категориясын анықтайды:

«Жасыл жәшік» шаралары, сауда немесе өндіріске кері әсерін тигізетін, үкіметтік бағдарламалар негізінде қабылданатын және өндірушілер үшін бағаларды қолдауды көздемейтін мемлекеттік қолдау шаралары. Ауыл шаруашылық жөніндегі келісімде белгіленген нақты критерияларға сәйкес келген жағдайда, «Жасыл жәшік» шаралары жойылуға жатпайды.

Оған кіретін шаралар:

- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

- зиянкестер немесе жануарлар ауруларымен күресу мақсатында ақшалай қаражаттарды бөлу;

-қызметкерлер дайындау бойынша қызметтер, ақыл-кеңес беру қызметтері, маркетинг бойынша қызметтер;

- инфрақұрылым бойынша қызметтер: автожолдарды салу, электр қуатымен жабдықтау, нарықтық және портты құрал-жабдық, сумен жабдықтау мен дренаж жүйелері, бірақ та оған тек күрделі құрылыс пен құрал-жабдық жатады, іске қосу осыған жатқызылмайды;

- азық-түлік, ең алдымен бидайдың, қауіпсіздігінде қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алуларды мемлекеттік қорға;

- қажет ететін халыққа ішкі азық-түлік көмек көрсету мақсатында мемлекеттің фермердерден ауыл шаруашылық өнімдерді сатып алу;

- мемлекеттің төтенше жағадйларды астықты сақтандыру жөніндегі бағдарламаларға қатысуы, т.б..

2. Экспорттық субсидиялар

ДСҰ шеңберінде осы субсидияларға бәсекелестікті бұрмалайтын субсидиялар ретінде тыйым салынған. ДСҰ-ға кіруге дейін қолдану жағдайлардан басқа, дәлірек айтсақ, саны Уругвай кезеңнің аяқталысымен қабылданған графигіне сәйкес азаюы нәтижесінде бірігуден кейін қолдану мүмкіншіліктеріне қол жеткізген жағдайлардан басқа.

Экспорттық субсидияларды ұсыну құқығын иелеген дамыған елдер 6 жыл ішінде субсидияланған экспорт көлімінің 21%-ға біркелкі азайтуға және тиісті бюджеттік қаржыландырудың көлемін 24%-ға азайтуға міндетті болды. Дамып келе жатқан елдер үшін тиісті міндеттіліктерге жататындар: субсидияланған экспорт көлемінің 10 жыл ішінде 14%-ға азаюы, бюджеттік қаржыландырудың көлемін 24%-ға азайту.

Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер

Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері нормаларына сәйкес келтірілген заңдардың және өзге де нормативтік құқықықтық актілердің тізбесі сауда және тариф жөніндегі келісім «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 120 Заңы көпшілік тыңдаулар өткізу кезінде табиғи монополиялар субъектілерін тарифтерді болжанған өзгерту туралы ақпаратты тұтынушыларға беруді міндеттейді, бұл ретте табиғи монополиялар субъектісін сатып алудың ашықтығы мен жариялылығын күшейту үшін тұтынушылар өткізілетін тендерге қатысу құқығына ие болады.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджеті| Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)