Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық саудадағы Қазақстанның алатын орны

КІРІСПЕ | Дүниежүзілік сауда ұйымы жүйесінің қағидалары | Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылымы және бюджеті | Ауылшарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы | Соңғы жылдары ДСҰ-на кірген елдердің тәжірибесі | Жапония ДСҰ-ң мүше ел ретінде | Р-ң сыртқы сауда саясатының Кеден одағының аясында даму жағдайлары | Орытынды | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |


Читайте также:
  1. Ауылшарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы

 

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынасына интеграциялауға обьективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік

1.Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28,8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4,5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.

2.Инфляция деңгеиінің төмендеуіне байланысты Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы егер 1995 жылдың орта ішінде жылдық 75 процент болса, сол жылдың аяғында 52,5, ал 1996 жылы 30 процент болды.

3.Өндірістің құлдырауы тежеліп,макроэкономикалық ахуал барынша тұрақтанып, келешегіне болжам жасайтындай күйге жете бастады. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1996 жылдың бірінші жарты жылында 1995 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда – 100,1 процент, соның ішінде өнеркәсіп өнімі – 100,2 процент болды. Соңғы жеті жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанда өндірістің құлдырауы тоқталып, біршама экономикалық өсуге қол жеткізілді.

4.Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда, егер 1995 жылы оның өсімі 154,5 процент болса, кейінгі жылдары да едәуір өседі деп күтлуде.

Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып отырған сыртқы сауда режимі, баға жасау еркіндігі және дүниежүзілік рыноктағы бәсеке бағытында елеулі өзгерістер қажеттігі туындап отыр.

Солардың ішінде

-облыстардың лицензиялар беру құқығын жойып, сыртқы экономикалық байланыстар министірлігінен мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын бөліп, олардан монополиялық сауда жасау құқығын алу қажет;

-барлық лицензиялар мен квоталарды (үлестірді) аукционда сатуды заңдастыру керек. Мұның өзі пайданың бір бөлігін мемлекет қазынасына алуға, меншіктің әртүрлі нысандағы кез келген кәсіпорынның лицензиялар мен квоталарға ашық және бәсекелесті қол жеткізуіне мүмкіндік береді;

-Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру мақсатында экспорттық салық салу жүйесіде тұрақты түрде талдаулар жасап, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер енгізу бүгінгі күннің талабы.

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, рөлін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің ішінде аяқталған кешен құрап, экспорттағы шикізат бағытын жеңу үшін сыртқы экономикалық байаныстар саласын республика экономикасын құрылымдық қайта құру бағдарламасына сәйкестендіре беру қажет. Бұл ретте дайын өнім өндіретін аяқталған технологиялық кешендер құрып, өндіруі салаларды эстенсивті дамудан интенсивті дамуға көшіріп, дүниежүзілік деңгейдегі жаңа технологияларды пайдалануды мақсат тұту керек.

Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңі және тамақ өнеркәсібін жанжақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндеттері тұр.

Экономикасының шикізаттық бағыты, шетел инвестициялары мен жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Ресубликасының дамушы ел екендігінің дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ АҚШ “Таргетинг” дегенді пайдаланушы елдерге (негізінен “жаңа индустриалды елдер”) қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

Елдің алыс шетелдерге экспорт құрамының 65%-ын отын-энергетикалық ресурстар құрайды. 2010 жыл бойынша мұнай экспорты 19,1% -ға өсіп, 47,7 млн. тоннаны құраған. Мұнайдың ең көп мөлшері Швейцарияға 32%, Италиға 20%, Францияға 11% жеткізілген.

 

Кесте 1 - Қазақстан экономикасының ашықтық көрсеткіші

 

Көрсеткіштер Жылдар
        2011-2014
Үлес салмағы, ағымдық бағалар бойынша
экспорт 40,3 40,8 42,9 50,6 43,6
импорт 34,4 32,7 31,0 34,0 33,0
Тауар айналымы 74,4 73,4 73,9 84,6 76,6

 

Экономиканың ашықтық көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда 10%-ға өскен. Экспорт 8%, импорт 3%-ға өсті.

Екінші орында металл экспорты. Оның үлесі 20,7% 2008 жылы металл экспорты өткен жылмен салыстырғанда төмендеген, қараметалл 1%, түрлі-түсті металл 0,2% пункқа. Алюминий экспорты 10%-ға төмендеп кеткен. Басқа тауарлардың үлес салмағы 5%, оған бидай, жүн және тағы басқа тауарлар кіреді. Бұл Қазақстанның экспорты шикізаттық бағытта екенін дәлелдейді, әсіресе отын-энергетикалық ресурстар бойынша.

2007-2010 жылдары импорт жақсы дамыды. Бұл инвестициондық тауарларына және тұтыну тауарларына қажеттіліктің көбеюіне байланысты. Елдің импорттық құрылымында негізгі орынды машиналар, құрылғылар және көліктік құралдар алады. олардың үлесі 54% және болшақта тенденция мол.

Қазақстанның экспорт және импорт құрылымы ел экономикасының шикізаттық бағытта және сырттан келетін дайын өнімге тәуелді екендігін көрсетеді. Қауіпті тенденция болып, импорттың жоғары үлесі табылады. Бұл тенденцияның дамуы экономиканы шикізаттық бағытта дамытып, инвестициондық тауарларға ғана емес, сонымен қатар тұтыну тауарларына да импоттық жоғры тәуелділікке алып келеді. Бұл қазіргі таңда Қазақстан экономикасының маңызды порблемаларының бірі.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бағалауы бойынша 2010 жылғы қаңтар – маусымда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2009 жылғы қаңтар – маусыммен салыстырғанда 5,1%-ға өсті. [12,6б]

Өнеркәсіп өнімін өндіру. 2010 жылғы қаңтар – маусымда өндірілген өнеркәсіп өнімі 5336,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті, оның ішінде тиісінше тау – кен өнеркәсібі – 3440,9 млрд. теңге (6,7%), өңдеу өнеркәсібі - 1623,2 млрд. теңге (0,7%-ға құлдырады), электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 272,5 млрд. теңге (9,0%).

Көмір өндіру көлемі 53,9 млн. тоннаны құрап, 19,8%-ға өсті, мұнай және газ конденсаты – 35,6 млн. тонна (7,1%), газ (табиғи) – 17,8 млрд. куб. м. (15,6%), мыс-мырыш рудасы – 2,2 млн. тонна (6,3%), алюминий рудасы – 2,6 млн. тонна (7%), марганец рудасы – 1,2 млн. тонна (4,9%). Темір рудасын өндіру 3,1%-ға төмендеді, 11,8 млн. тоннаны құрады, темір рудасы шекемтасы -0,8%-ға (3,9 млн. тонна), мыс рудасы – 3,2%-ға (16 млн. тонна) төмендеді.

 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 492 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ұстанымдары| Азақстанның ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)