Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. C. Файлдардың ақпараттық көлемін кішірейтетін (сығатын) бағдарлама
  2. D. Физикалық түрде жоқ жады
  3. E. Барлық аталғандар
  4. I. Молекулалық биология негіздері
  5. Lt;variant> Қылмыстық іс жүргізу кодексін
  6. Lt;variant> қылмыс оқиғасын анықтау мен айыпталушының қатысуынсыз мүмкін болатын барлық тергеу әрекетін анықтау
  7. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін

Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б.қызметінің ізгілік негіздері. Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды ұрлық, зорлық және т.б. зиян келтіруіші әрекеттерден қорғау арқылы орындауы тиіс. Бұл бап полиция қызметкерін құқықпен байланыстырады. Заңның билігі әрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Полиция қызметкерінің мақсаты және жауапкершілікті міндеті- заңды сыйлау және оның талаптарын ұстану.Әрбір полиция қызметкері өз борышын адал, әділ және қадір қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ, алайда әрбір полиция қызметкері оның қай жерден басталатынын біледі. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше маңыздылыққа ие, себебі, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, бұл сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.Жаппай жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған. Полиция қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез- келген бұрықты немесе өкімді орындамауға сыйламауға міндетті.Жазаны анықтау – сот органдарның міндеті, сол себепті де, полиция қызметкері бұл функцияны заңға қайшы жолмен өз мойнына алмауы тиіс. Полиция қызметкері өз бастығының бұрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінісе, оны орындамауы керек. Бұл бап әрбір өкімнің полиция қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кеңейтеді. Бұл баптың неқты мағынасы, ең алдымен, полиция қызметкерінің иерархиялық және қатаң бағыныштағы ұйымның мүшесі бола тұра, көптеген жағдайларда өз бастығының өкімдерін бұлжытпай орынвдайтынын ескеріп өткен. Көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұрықты жедел түрде орындау қажет болады. Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсыз екенін сезінсе, оны орындамауы керек.Полиция қызметкері жеке тұлғаға тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтірумен сипатталатын заң бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кешіктіркместен шаралар қолдануға міндетті.

Моральдің түсінігі және мәні. Мораль деп белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалар мен үйлесімді қарым- қатынаста бола білу қабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль- ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдық нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Адамгершілік мәселесі адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуы мен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның өзінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой көтеру процесімен бірге пайда болған. Ендеше мораль генезисі туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер- жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, қандайда бір іздің өзін табу қиын болғандықытан, ғылым өзінің болжамшылдығын алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адам тектес приматтар Жер бетіндегі климаттың күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған “Талабына” өзіндік даму “Жауабын” тапты.

Мораль құрылысының негізгі. Мораль – бұл өзіне үш элементті қамтитын күрделі құбылыс.Бұл элементтер:моральдық санаМоральдық қызмет;Моральдық қарым-қатыныс.Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.Моральдық санада екі негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер).Моральдық қызмет – бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.Моральдық қарым-қатынас – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.Тұрақтылық деңгейіне қарай екі моральдық қатынастар ерекшеленеді: ұзақ мерзімді қатынастар (бұл әлеуметтік топтар арасында дәстүр бойынша бекітілетін, пайда болатын ұзақ мерзімге белгіленетін қатынастар) және қысқа мерзімді қатынастар (қозғалысты қатынас, яғни нақты жағдайларда адамдар арасында уақытша пайда болатын қатынастар).Моральдың бұл үш элементтері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді, оларды тек теориялық түрде ғана бөліп қарастыруға болады.

Мораль функциялары. толықтырып отырады.Бағалау(аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез – құлық деп бағаланады.Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді.Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация моральдық немесе аморальдық, жақсы немесе жаман екенін айқындайды.Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу.Тәрбиелік қызметі, қоғамды мораль нормалары арқылы тәрбиелеу болып табылады.Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие.Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі.Дүниетанымдық қызметі, моральдың құндылық жүйесі арқылы адамдар арасында саяси, діни, эстетикалық, философиялық және басқа көзқарастар қалыптастырады.

Моральдық нормалардың түсінігі және белгілері және олардың иерархиясы. Мораль нормалары – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар – аждан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір, немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері.

Мораль ізгілікті қызметті анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде.Мораль факторы – бұл жеке тұлғалардың, ұжымның, әлеуметтік топардың қандай да бір тапсырмаларды орындау кезінде көрінетін ізгілік қасиеттерінің өлшемі.Мораль факторлары – нақты-тарихи мазмұнға ие, шарттандырылған өндіріс тәсіліне, қоғамның рухани және материалдық мәдениетіне, кластардың қатынастарына, саяси режимге, басымды идеологияларға басымдық білдіретін оның обьективтік негізін құрайтын күрделі және динамикалық әлеуметтік құбылыс.Моральдық фактордың анализінің шығатын базалық категориясы болып «адами фактор» түсінігі табылады. Адами фактор көпсалалы әлеуметтік білім ретінде өзіне көптеген «срездерді» қамтиды. Біріншіден, бұл биологиялық, физиологиялық срез, халықтың денсаулық жағдайын, өлу және туу көрсеткішін, өмір сүру деңгейін және азаматтардың жұмыс қабілеттілік белсенділігін, кейбір ұлттық, тұрғындардың антропологиялық ерекшеліктерін, жыныстық-жастық құрамы және т.б. сипаттайды.Екіншіден, бұл әлеуметтік срез, қоғамның әлеуметтік-топтық құрылымын, ұлттық құрамын, кәсіби және аумақтық әлеуметтік топтар және т.б. сипаттайды.Үшіншіден, бұл интеллектуалды-кәсіби срез, халықтың білім және мәдениет деңгейін, оның кәсіби дайындығын, мамандығын ауыстыруға белсенділігін, өзін-өзі оқытуды, кәсіби деңгейінің жоғарылығын және т.б. көрсетеді.Төртіншіден, шартты түрде аксиологиялық срез деп атауға болады. Ол адамдардың құндылық бейімділігін, олардың қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, оларды қанағаттандыру дәрежесін, көпшіліктегі азаматтардың өмір сүру басымдылығын мінездейді.Бесіншіден, жандүниелік-ізгілік срезі, қоғамның жандүниесін, азаматтарының моральдық қасиеттерін, моральды-саяси климат, адамдардың тәрбиелілігін, қызметтерін және әрекеттерін реттеуде басымдық көрсететін нормалар мен қағидалар, тұрғындардың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері.

Моральдың әлеуметтік сипаты. Мораль дегеніміздің өзі (латын тілінен mores – қарым-қатынаста көрініс табатын мінез дегенді білдіреді) - адамдардың қоғамға қажетті мінез-құлқының қажеттігін айқындайтын және оның ортақ әлеуметтік нормаларымен реттелетін әлеуметтік сананың бір формасы және оның тәжірибедегі көрінісі. Моральдың талаптары қоғамның сана-сезімінде дәстүр, әдет және көпшілік таныған көзқарас ретінде сақталады.

Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.Мораль құдайлық қағидалар, тұрғындардың тәжірибелік даналығы, адамдарды тәрбиелеу мектебі ретінде, адамдық рақымшылықтың түйіні, және индивидтің өз әрекетімен ең жоғары қанағаттануы, ар-ождандық қызметтің көтеріңкілігі, шүбәйсіз парыздың орындалуы, қоғамдық тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ету құралы ретінде, қоғамдық мүдденің талабы, әділетсіздікті жою және қоғамдағы әділеттілікті орнату құралы, адамдардың қызметтестігі мен бірін-бірін түсінуді қамтамасыз ету құралы, және ұят дауысымен жүру, адамдық өмірдің жоғары мәніне жету жолы және т.б. ретінде түсіндірілді.

Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары. Мораль– адамдардың әрекеттерінде және қозғалыстарында айқындалатын, жеке сенімдерінен, әдеттерінен, тәрбиелерінен, қоғамның, нақты кластардың немесе әлеуметтік топтардың әсерінен көрініс табатын, олардың арасындағы бір-біріне деген, қоғамға деген, мемлекеттің нақты әлеуметтік топтарына деген қатынастарды реттейтін нақты тарихи айқындалған көзқарастардың, нормалардың, бағалаулардың, сенімдердің жүйесі.Құқық– әрекеттер мен қозғалыстардың жауапкершілігі мен еркінің өлшемі болып табылатын, қоғамдағы әртүрлі топтардың жалпы бірыңғай еркін білдіретін жалпы міндетті мемлекеттік қағидалар мен мақсаттардың бірлігі.Құқық пен моральдың қатынастары – көріністердің әр түрлілігімен: біріншіден, бірлілігі мен тұтастығы; екіншіден, айырмашылық; үшіншіден, тұтастай әрекеттерімен мінезделетін үрдіс. Мораль мен құқықтың ұқсастықтары:1) Қоғамдық сананың формасы;2) жалпы адамдық құндылықтар фундаментінде мораль мен құқықтың ортақ даму;3) моральдық және құқықтық қатынастар аясының ұқсастығы;4) мораль және құқықтық қатынастар талаптарының мақсаттары, тапсырмаларының біртұтастығы;5) қоғамда адами тәртіпті реттеу функциясы – басты;6) қоғамдағы адамдар тәртіптерін реттейтін нормалардың біртұтастығы;7) мораль және құқық нормалары мен қағидаларын орындаудың міндеттілігі. Мораль мен құқықтың айырмашылықтары:1) мораль нормалары жазбаша емес түрде болады, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде рәсімделеді, ал құқық формальды анықталған және ресми құжаттарда бекітіледі;2) Мораль нормалары халықтармен бекітіліп отырды, ал құқық нормалары мемлекетпен бекітіледі.3) Мораль қоғамдық көзқарастарды қамтамасыз ету тетігі, ал құқық мемлекеттің биліктік санкциясын қамтамасыз ету тетігі;4) Мораль ерікті таңдаудың кең ауқымдылығын қамтиды, ал құқық та нормативтік құжаттармен ерікті таңдау қатаң шектелген.

Мораль және саясат. Саясат пен мораль – адамдардың тәртібін реттейтін тәсіл. Саясат-ң қоғ.қатынастардың саласы ретінде өзектілігін, мемл,қоғамның,тұлғаның игілі үшін биліктің тетіктерін және ресурстарын тиімді пайдалануды құрайды. Моральдың негізінде саяси қызмет мақсат-ң адамгершілігін,амалдары мен тәсілдерін дәлелдеу,адамгер.нормалрды өлшемдеу. Бұл мораль мен саясаттың өзара әрекетіне себепші.Саясат пен моральдің арақатынасы саяси режимге байланысты. Құқықсыз күш көрсету,террор,билікті асыра пайдалану, бюрракратизм елдерінде саясат пен моральдің арасы үзіледі. Ал демократиялық режим аясында мораль мен саясат заңдылық шеңберінде жүз.асырылады.

Моральдық сана және моральдық тәжірибе. Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.Моральдық санада екі негізгі деңгей ерекшеленеді: ол қоғамдық идеология деңгейі (этикалық теориялар, моральдық нормалар, қағидалар, бағалықтар, нормалар, кодекстер) және қоғамдық психология деңгейі (моральдық сезімдер, салт-дәстүрлер, ғұрыптар, жеке тұлғаның моральдық сапасы, әдеттер). Моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық әрекет, моральдық салдар.

Прокуратура қызметкерінің этикасы. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық - этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш- жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.ҚР мемлекеттік қызметшілерінің осы ар- намыс кодексі (Мемлекеттік қызметші-лердің қызмет этикасы ережелері (Бұдан әрі- Кодекс) “Мемлекеттік қызмет туралы” 1999 жылғы 23 шілдедегі ҚР-ның Заңына, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” 1998 жылғы 2 шілдедегі ҚР-ның Заңына және жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілер мінез- құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Тәжірибедегі жанжалдың оң және теріс рөлі. Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеленістердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеленістерді атауға болады. Сыртқы шиеленістер адамдар арасындағы адамгшершілік шиеленістер ретінде көрініс табады. Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі шиеленістердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүрістұрысының бірбіріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болып табылады.Бірқатар жағдайларда ішкі шиеленісті шешу сыртқы шиеленістің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқық қорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиеленісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен, осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының арасында сыртқы шиеленіс туындауы мүмкін.Құқық қорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі- кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиеленіске түседі. Бұл көзқарас тұрғысынан аталған шиеленісті ішкі деп те атауға болады. Алайда, ішкі шиеленістің ерекшелігі мынада – оған тұлға өзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тән. Ал сыртқы шиеленіске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің, көзқарастардың, құндылық-тардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән.

Тұлға аралық қарым-қатынастардың заңдылықтары. Көптеген философиялық – теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғи құбылыстарға еш қатынасы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай, тек адамға, яғни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік- жігері бар жан иесіне ғана тиесілі. Достық- адамдар арасындағы байланыстың ең ізгі, ең қалаулы, ең келісті түрі. Ол адамдардың бір- бірін қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестіктен, сенімнен құралады. Махаббат- достықтың, тату- тәттіліктің, құрмет - ізеттің асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Ақын “Махаббатсыз дүние- бос” деп тегін айтпаған. Махаббат адам өмірінің ұлы жарастығы. Махаббатпен адамның бүкіл тіршілігі байланысты. Жомарттылық- басқаға жақсылық жасап, көмек көрсетуге пейілдік. Мейрімділік- этиканың орталық категориясы. Бұл категорияның қосалы екендігін айтар болсақ, онда қатыгездік, зұлымдықты еске аламыз. Ең абстрактілі деңгейде мейрімділік пен зұлымдықты адамгершілік пен адамгершіліксіз айуандықтың баламасы деуге болады. Мейрімділік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап- тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Бақыт – этиканың іргелі категориясы болып табылады. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Жүздесу- жеке тұлғаны қалыптастыратын адами құбылыс әрі оның болмысының негізгі қасиеті. Ол жеке тұлғаның өз бойынан басқаны таба білу метафизикалық мүмкіншілігі.

Ізгілік жағдайдың (жанжал)түсінігі. Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиеленіс жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеленістер себептердің қарамақайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.Адамгершілік шиеленістің ерекшелігі мынада – белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа біп норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе – осы талаптардың бір- біріне қайшы келмеуін болдармаудың қажеттігінде.

Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні. Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті өзі келесі компоненттерді қамтиды:техникалық іскерлік қатынас;психикалық іскерлік қатынас;іскерлік қатынас этикасы;қызметтік этика.Бұл компонентер практиканың кез-келген іскерлік қатынасында бір-бірімен өте тығыз байланысты, олар тек теориялық деңгейде ғана шектеулі.Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынаста адамдар ақпаратпен, ойлармен, эмоцияларымен алмасады, нәтижесінде адамдар арасында өзара қандайда бір форма қалыптасады және өзара әсерлер, бұл қандайда әртүрлі мақсаттағы іскерлік қарым-қатынас нәтижесінде жетудегі бағыт. Іскерлік қатынастағы этка – бұл ғылымның, практикада және әлемдік тұрғыдан этникалық талаптарды, қағидаларды, нормаларды, заңдылықтарды сақталуы іскерлік қатынастағы субьектілер арасында өзара түсінушілік пен өзара сенімді қалыптастырады, бұл қатынастың жоғарғы эффектісі мен өзара істегі соңғы нәтижесін көрсетеді.Іскерлік қарым-қатынас негізінде маңызды қызметтік сұрақтар, іске қатысты жауапкершілік, материалдық ақшалай шығын, кейде шағын бизнес субьектілерінің құқықтық қатынастары шешіледі. Сонымен қатар, жетекші туралы сөз болғанда, оның этникалық қарым-қатынасы қол астындағыларына әсер ететіні сөзсіз белгілі, сонымен қоса олардың қызметтік дәрежесіне әсер етеді. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас туралы білім мен оны билеу құқық қорғау органдарының кәсіпқойлығын және қазіргі заманғы талапқа сай дәрежесін көрсетеді.Зерттеулер көрсеткендей, жұмыс уақытында адам іскерлік өмірінің көп бөлігінде 70-85 % іскерлік қарым-қатынас алады. Басқаша айтқанда, адамдардың қызметтік істің нәтижесін басқа адамдар мен қарым-қатынасқа түсу арқылы қол жеткізеді. Мұнда адам жақсы жетекші болуы қажет. Мына факторлар: жетекшінің жан-жақтылығы, қол астындығыларымен өзара қызметтік тапсырманы шешу кезінде оның дәрежесі (тиімділігі, біліктілігі), коллективтің моральдық-психикалық ортасы жетекшіге байланысты.

Іскерлік қарым-қатынас жасау этикасының негізгі принциптері. Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.Күнделікті қызметтік араласу.әңгімелесу, кездесу, келіссөздер;келушілерді қабылдау;жиналыстарға, мекемелерге бару;азаматтардың тұрған орындарына бару;жиналыс, конференция, отырыстар;кезекшілік, күзет.Спецификалық қызмет араласуы.жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; б)жұмыскерлер арасында араласу;үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу.шет азаматтармен іскерлік қатынас.Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу.өзара келіспеушілік қарым-қатынасы;митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу;спецконтингентермен араласу.Невербалдық және неспецификалық араласу түрі.публикалық қатынас және интерьвю;баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу;телефон, телесайт, радиохабар;


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 437 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Моральне виховання та самовиховання юриста| іскерлік жазу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)