Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

іскерлік жазу.

Этика ұғымы және оның заты. Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:1.Этикалық ізгіліктер.2.Дианоэтикалық ізгіліктер. Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.

Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.

Этика тарихы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы жоғарыда айтып өткен болытынбыз. Өзінің атауымен де негізгі ұғымдық категеориялармен де мәселелік өрісіменде этика Аристотельге қарыздар. “Никомах этикасын”, “Эвдем этикасын” жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты. Аристотель этикасында “құба төбел”, немесе “алтын орда” принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотель айтуынша екі шекті күйлердің ортасын таба білгенде, яғни не асып –тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан адам өте ыңғайлы қасиетті ұстана білсе, ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық “малшашпақ” пен сарандық,“дүниеқоңыздықтың” орта шені; батырлық “көзсіз батырлық” пен “ қоян жүрек қорқақтықтың” екі ортасы; қарапайымдылық, ұяңдық пен ұятсыздықтың ортан белі т.с.сЖалпы антикалық этикаға тиесілі негізгі деген үш мұратты /идеяны/ атап өтуге болады.

Этиканың негізгі кезеңдері және бағыттары. Жалпы антикалық этикаға тиесілі негізгі деген үш мұратты /идеяны/ атап өтуге болады. Олар мыналар:1.Адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады,мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын қөұлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды “сөйлей алатын хайуан” ретінде қарастырған. Немесе Ұлы кемеңгер Сократ полистен қашып шығап, өзінің басын аман алып қалудан гөрі у ішіп өз қаласының түрмесінде өлгенді дұрыс көрді;2Адамның құдіретіне, өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сенді;3Эвдоменаны, яғни бақытты- адам мақсат мұраттарының ең биігі деп танып, оны ізгілікпен теңдестірді.Көне гректер адамгерщілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде “каллокагатия” идеалы дүниеге келген болатын. “ Каллогатия ” көне грек тілінің “каллос” /әсем, сұлу, әдемі / және “агатос” / мейірімді, жақсы / деген екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді. Гедонизм- грек тілінің ляззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағына-дағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендігі ең басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ляззат алу. Эвдемонизм- көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны- адамның бағытқа / эвдемонаға / жетуі. Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ляззат алу мүмкін емес, өйткені қуаныш соңын іле - шала жүретін қайғы- қасірет көп, сондықтан да өмірде ең бастысы – мойынға түскен ауырпашылыққа мойымай, қасқая қарсы ала білу деген түсінік тән. Ортағасырлық батыс европалық мәдениетте адамға болсын, әлемге болсын екі жақты, амбивалентті көзқарас қалыптасқан болатын. Биік-аласа, жоғары-төмен, құдай сқаласы- адамдар қаласы, пәктік- күнәһарлық, сәуле- қараңғы қапас,т.с.с.

Этика категориялардың ұғымы. Этика категориялары —> моральдың ең маңызды жақтары мен тұстарын керсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өміp сүрді. Олар — рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмысгың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген. теориялық білімдер жиынтьғы Сонымен қатар, моральдық құ.былыстардың көрінісі табуы тек теориялық деңгейінде ғана жүзеге асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, арман-тілектер және т.б. түрде қарапайым сананың деңңгейінде де көрінісс табады. Жоғарыда аталған екі денгейінде де,көрініс тапкан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені белгілі сонымен қатар жеке тұлғапын борыш туралы көзқарасы да бар.Этикалық категориялар туралы сөз қозғайотырып.олардың ғылымның кейб!р "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден,олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден,этика кагориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б.дамуының,қозғалысының нысыны.

Этикет туралы түсінік. Адамның өзін- өзі ұстауының маңызды құрамдас бөлігі- этикет (әдеп). Ол талапқа негізделеді, қатаң белгіленген рәсімдік сипатқа ие болады. Оны сақтауда өзін-өзі ұстаудың белгіленген түрі маңызға ие болады.Этикетте адамға көзқарастың сыртқы көріністеріне қатысты өзін-өзі ұстау тәртіптерінің жиыны (төңіректілермен қатынас,сөйлесу және амандасу, қоғамдық орындарға бару, жүріс- тұрыс пен киім) қамтылады.“Этикет” сөзі французша “ярлық”,”әдеп”,”рәсім” дегенді яғни белгілі бір рәсімді өткізу тәртібін білдіреді.XYIII ғасырда этикет тек монарх ауласында қабылданған жүріс-тұрыс тәртібінің жиыны ретінде түсінілді. Ал, өмір осы терминнің тек билеушілер сарайында ғана емес, сондай- ақ адам қызметінің әртүрлі салаларындағы өзін-өзі ұстау қағида-ларының жиынтығы ретінде кең тұрғыдан түсіндірілуін талап етті. Этикет - бұл ежелгі заманда құл иеленушінің орта ғасырлар дәуірінде қолөнерші мен саудагердің, шаруаның өз үйіндегі жүріс- тұрыс тәртібі, бұл сондай-ақ қоғамдық және отбасылық мерекелердегі, қызметтегі өзін-өзі ұстау тәртібі. Этикеттің пайда болуы мәдениеттің өзіндік жетістігіне, жеке адамды имандандыру, оның табиғи инстинігін, құмарлығын тұсаулау түрлерінің бірі.

Этикет түрлері (өздерің қазақшаға аударып алыңдар). Этикет может значительно отличаться в разных условиях, в зависимости от конкретной эпохи и культурной среды. Его также можно условно разделить на ситуационный и профессиональный, светский и деловой, хотя чётких границ между ними зачастую провести невозможно, так как правила различных разделов этикета повторяются, включают правила других разделов (иногда немного изменённые), исходят из основных норм поведения Виды этикета(түрлері): Такт(поведение),Деловойэтикет,Вежливость,Церемония,Ритуал,Обряд,Имидж,Традиция.


 


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 428 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ық қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.| ЗАОЧНИЙ СЕМІНАР-ТРЕНІНГ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)