Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Адам құқығын бұзу
  3. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  4. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  5. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  6. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  7. Еңбек құқығының қайнар коздері. Еңбек туралы заңдардың міндеттері

1. Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі

Дүниежүзілік бейбітшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңдағы қауіпсіздік негіздері БҰҰ-ның Жарғысында бекітіліп, дүниежүзілік қауіпсіздік концепциясында дамытылған. Концепцияның мазмұны Бас Ассамблеяның келесі резолюцияларында көрініс тапқан: 5 желтоқсан 1986 ж. және 7 желтоқсан 1987 ж. «Бүкіләлемдік халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік жүйесін құру туралы» сондай-ақ, 7 желтоқсан 1988 ж. «БҰҰ-ның Жарғысын сәйкес халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайтуға бүкіләлемдік көз қарас» туралы резолюциялар.

Халықаралық қауіпсіздік құқығын кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынадағы халықаралық қауіпсіздік құқық – халықаралық бейбітшілікті қамтамасыз ету және әртүрлі әскери, саяси, экономикалық, қаржылық, гуманитарлық, экологиялық және т.б. салаларды қауіпсіздікті нығайтуға арналған халықаралық қағидалар және нормалар жиынтығы. Тар мағынадағы халықаралық қауіпсіздік құқығына, тек қана әскери және саяси салаларда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады.

Халықаралық қауіпсіздік, халықаралық-құқықтық әдістеріне келесілер жатады: халықаралық даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу, қарусыздану бойынша шаралар, бүкіл әлемдік және аймақтық деңгейдегі қауіпсіздік механизімдері, сенім шаралары.

Бұл әдістерді шартты түрде, бейбітшілікті нығайту, бейбітшілікті тұрақтандыру және бейбітшілікті қалпына келтіру әдістеріне бөліп, топтастыруға болады: Бейбітшілікті нығайтудың ең маңызды әдістеріне қарусыздану, сенім шаралары, ядролық қарусыз аймақтарды құру жатады. Бейбітшілікті тұрақтандыру әдістеріне қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және бейбітшілікті нығайту бойынша операциялар кіреді. Бейбітшілкті қалпына келтіру әдісі, БҰҰ-ның мәжбүрлі шаралары болып саналады.

Халықаралық қауіпсіздік құқығының қайнар көздеріне әмбебаптық шарттар (БҰҰ-ның Жарғысы, қарусыздану саласындағы шарттар), аймақтық шарттар (аймақтық қауіпсіздік ұйымдардың жарғылары, қарусыздану саласындағы шарттар, сенім шараларын орнату және ядролық қарусыз аймақтарды құру) және екі жақты келісімдер (бейбітшілік және достастық туралы, қарусыздану туралы және т.б.) жатады.

2. Дүниежүзілік қауіпсіздік жүйесі

Мемлекеттердің бірегейлі әрекеттері негізіндегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудың құралы ретінде БҰҰ құрылды. БҰҰ-ң Жарғысында халықаралық бейбітшіліктің негіздері орнатылды. Осы Жарғыға сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жалпы танылған халықаралық қағидалар мен халықаралық құқық нормалары негізінде қолдалуы қажет. Оны БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесі жүзеге асыруы қажет, олардың осы саладағы қызметтері нақты қарастырылады.

3. Аймақтық қауіпсіздік жүйелер

Аймақтық қауіпсіздік жүйелерін қарастырғанда басты назарды ТМД-ы шеңберінде құрылған ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне аудару қажет. Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлін (ҚР-дың ядролық қарудан өз еркімен бас тарту шешімін) және осы салада ұстанатын саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз.

4. Қарусыздану процесстері

Бейбітшілікті және қауіпсіздікті сақтаудың ең маңызды құралы қару-жарақты жою болып табылады. Ең алғаш рет бұл мәселе Ұлттар Лигасы Статутында көтерілді. БҰҰ-ң Жарғысы айрықша рөл атқарады. Онда тек қарулану реттелмей, қарудан бас тарту қағида ретінде қарастырылады. Қарусыздандыру әрекеттері КСРО мен АҚШ арасындағы шарттарынан 1960 ж.ж. басталады. Қазіргі кезде осы мәселеге байланысты көптеген халықаралық іс-шаралар өткізілуде.

5. Сенім шаралары және қауіпсіздіктің кепілдік шаралары

Сенім шаралары – бұлар арнайы ұйымдастырушылық-техникалық шаралар. Олар өзара түсінішулікке қол жеткізуге, әскери дағдарысты азайтуға, кенеттен соғыс ашуды және санкцияланбаған жан-жалды оның ішінде ядролық та жан-жалды болдырмауға бағытталады.

Сенім шараларының бірі қауіпсіздіктің кепілдік шаралары болып табылады. Бұл жерде аса маңызды ядролық державаларының ядролық емес державаларға кепілдік беруінің институты болады.

6. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күнне бастап ұлттық қауіпсіздігін қорғау жолын әскери нығайту арқылы емес, ішкі бейбітшілік саясатын жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық ұйымдар мен келісімдерге қатысу, экономикалық ықпалдасуды бейбіт құрылымдарда нығайту арқылы іске асырды. Қазақстан өзінің әлемдік қауымдағы беделін, демократиялық даму жолын және халықаралық құқықтық өлшемдерді (стандарттарды) анықтайтын 300 халықаралық конвенциялар мен келісім-шарттарды бекітті.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 2, 3, 4, 69,72, 90].

Негізгі әдебиеттер: [1, 3, 4, 7, 33].

Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 6, 13, 14, 26, 152].

Электрондық оқулықтар: [1]

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 320 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)