Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік жастағы психикалық даму ерекшелігі

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Жоспар:

1. Мектеп оқушысының психикалық дамуы

2. Бастауыш мектеп кезеңіндегі дамудың әлеуметтік жағдаяты және негізгі психологиялық жаңа құрылымы(таным, өзіндік сананың қалыптасуы).

3. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық сипаты.

4. Шетел және кеңестік психологиядағы жеткіншектік кезеңдегі «дағдарыс» ұғымы.

5. Жасөспірімдік кезең немесе ерте жастық шақ.

6. Кәсіби бағыттылық жасөспірім шақтың орталық психологиялық жаңа құрылымы ретінде.

7. Жасөспірімдік шақтағы психоәлеуметтік даму.

8. Сенсорлық кемшілігі бар бала психикасының дамуы

Негізгі ұғымдар: пубертаттық кезең, «дағдарыс», акселерация, жеткіншек, жасөспірім, бозбала, бойжеткен, мамандық, өзіндік сана.

Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты. Оқу іс - әрекеті бастауыш мектептегілердің жетекші іс - әрекеті ретіндегі. Оқу іс - әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптастыру заңдылықтары. Мектеп алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов). Ақыл – ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру (П. Я. Гальперсин).

Бастауыш мектептегілердің психикалық процестерінің дамуының негізгі заңдылықтары. Бастауыш мектептегілердің сөзінің дамуы. Сөзді ұғыну мәселесі, оның элементтері, формалары, оқытудың әр түрлі нұсқаларындағы функциялары (Д. Б. Эльконин, А. К: Маркова, С. Н. Карпова).

Бастауыш мектептегілердің жеке басының дамуы. Эмоция – ерік сферасының дамуы (Г. Г. Кравцова). Кіші мектептегілердің мінезінің дамуы. Рефлекцияның алғашқы формалары. Сыныпта және ұжымнан тыс қатынастар психологиясы.

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.

Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір зандылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де» ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндеп осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағаңда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Сонын әсерімен баланың мінезінде ашушандық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.

Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның нерв жүйеснің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақьшау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасьш орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдьгқ құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін киналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын – отбасы., бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.

Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі — жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.

Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.

Жеткіншектер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншекдерге тән.

Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектін досы – ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалдтын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол – жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншек шактың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.

Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» мәселесіне теориялық көзқарастар. Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализм негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.

20-30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу іс-тәжірибесінің маңызы болды, мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.

Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген американ ғалымы М. Мид жеткіншек шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. М. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншек шағын М. Мид балалық және ересектік көзбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады.

Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда «Эдип» комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің 2 типін көрсетті:

– үздіксіз тип;

– баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің рөлін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзлістер болатын тип.

Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады.

Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады – ресми кемелдікке жеткен кезде ересектің рөлін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелдікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына:

– жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына;

– дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтың болуына;

– балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді.

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін - өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдік психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектің дербес те жауапты іс - әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік – психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Кеңестік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік – психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептеуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі – үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш ағзаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14 – 14,5 жаста – ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 1213 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)