Читайте также: |
|
3.Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу.
Дүние жүзі халықтары әлемдік өркениет жағдайына жету үшін бір – бірімен мәдениет үлгілері жетістіктерін аударма жасау арқылы байланысып, қарым –қатынаста болады. Қазір бұл үрдісті жаһандану саясатымен түсіндіріп жүр. Ал түрлі әдебиеттерді ғылыми, көркем шығарма аударудың бізге белгілі бірнеше амалдары бар. Олар: калька– сөзбе-сөз, еркін аударма вольный дәлме-дәл, яғни адекватты түрлері. Осылардың ішінде калька – сөзбе- сөз аудару тәсілі сөздің немесе сөз тіркесінің ішкі мағынасының дәлме-дәл сол күйінде аудару. Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын –салалық терминдер. Қазақ тілі білімінде 90 жылдардан былай қарай ұлттық ғылым тілінің даму үрдісі жаңа белеске көтерілді. Оның басты себебі – қазақ тілінің ғылым тіліндегі мәртебесін көтеру, қазақ тілінің ғылым тіліне қызмет ету мүмкіндігін жан- жақты қарастыру. Бұл ретте қоғамдық ғалымдармен қатар, техникалық ғалымдардың қазақ тілінде сөйлей бастауына жағдай туғызған түрлі ғылыми зерттеулер мен екі тілді сөздіктердің көптеп жарыққа шығуы деуге болады. Әсіресе, салалық ғылымдар бойынша жарық көрген оқулықтар мен сөздіктер және мақалалар көптеп саналады. Қоғамда үздіксіз болып жататын өзгерістер мен жаңалықтар құралы болатын тіл- қашанда қоғамнан тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы табиғи құбылыс. Тілдің кейбір қабаттары ұғымдық атаулармен толығып, өзгеріп отырады. Бұл құбылыс, әсіресе тілдің терминология саласына тән деуге болады. Себебі, термин дегеніміздің өзі «белгілі бір арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми лексика» деген анықтамаға жүгінер болсақ, қоғамдық өзгерістердің сан алуан тармақтары өзіндік қызметімен, арнаулы лексикалық қолданыстағы ерекшелігімен айқындалады. Тіл мамандары терминдер жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырады. Жалпы терминдер қызметі мен оларға тән ерекшеліктерін айқындау жалпы терминологияның даму бағытын бағдарлау – терминдерді теориялық жағынан зерттеу деген сөз. Ал енді, терминдерді тәжірибелік /практикалық/ тұрғыдан зерттеу дегеніміз – салалық терминдер жүйесін қалыптастыру, терминжасам әдісін саралау, жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын айқындап, талдап беру. Ұлт тілінде терминдер жасау –мемлекетіміздің тілге берген мәртебесі арқылы ұлт тілінде терминдер жасауды барынша жан-жақты тереңдету керек деген талап қоюының да белгісі. Ұлт тіліне деген осындай қөзқарас 1920-30 жылдары байқалған болатын. 1920 жылы Қазақстан өз алдына автономиялы ел болып, 1923 жылы қарашада тұнғыш рет Тіл туралы декрет қабылданды. Ал 1930-40 жылдары арасында интернационалдық терминдер мен орыс тіліндегі атаулар өзгеріссіз енгізіле бастады. 1940-70 жылдарға дейін орыстану бағыты жүріп жатты. 1970-90 жылдарда қоғамдық өзгерістер тілдің даму бағытына мейлінше әсер етіп отырды. 1990 жылдарда елімізде Тәуелсіздік туы желбіреп, дербес мемлекет болуы қазақ тілінің қанат жаюына, мемлекеттік тіл мәртебесін алуына игі әсер етті. Дегенмен, соңғы жылдары қазақ терминологиясындағы салалық терминдердің дамуы, терминдер жүйесінің қалыптасуы заман талабына сай деп айта алмаймыз.Салалық терминдерді жасауда, қалыптастыруда бір ізділік байқалмайды, әркім өз бетінше термин жасау бағыты етек алып отыр. Қайсыбір ғылым мен техника саласындағы ұғымдарды білдіретін атаулар терминдік жүйеге түсу (ену) үшін белгілі бір жағдай керек, яғни ең алдымен ғылым саласы, сол ғылым саласын айқындайтын ұғымдар қалыптасу керек. Содан кейін әрбір ұғымды беретін сөздер пайда болады да, олар сол ғылым саласымен, айналысатын ортада қолдау тауып, терминдік жүйе ретінде сараланады.
Терминдер – дегенімізөнеркәсіпке қатысты белгілі ұғымды білдіріп, оны тілде бейнелейтін арнаулы сөздер мен сөз тіркестері.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав