Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер, қарауылдың киім нысаны.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  4. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  5. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  6. Жалпы ережелер

1. Қарауыл киім нысаны далалық астары жылы күртешеден (шинельден), таза және дұрыс далалық (салтанатты) киім нысанынан, аяқ киімнен, бас киімнен, белдік белбеуден және оқжатарларға (оқшантайға) арналған сөмкеден тұрады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постылары салтанатты киім нысанында болуы мүмкін.

Постылық киім ретінде:капюшоны бар плащ немесе плащ-шатыр және су өткізбейтін арнайы аяқ киім, ал тұлып пен пима тек қысқы уақытта ғана қолданылады.Тұлыптан басқа, постылық киім әрбір постыға екі жиынтықтан тұрады, оның біріншісі қарауылдық үй-жайда, ал басқасы – постыда болады. Одан басқа, қарауылдық үй-жайда қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, таратушылар мен шығарушыларға арналған плащтар немесе плащ-шатырлар және су өткізбейтін арнайы аяқ киім болуы тиіс.

Ерекше жағдайларда, әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) нұсқауы бойынша сақшылар қызметті броньды кеудешелерде және болат дулығаларда өткереді.

2. Қарауылдар таралым орнына далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) келуі тиіс. Ыстық уақытта гарнизон бастығының (әскери бөлімнің штаб бастығының) нұсқауы бойынша қарауылдар таралымға далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) келуі мүмкін. Далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) кию тәртібі: таралым уақытында – қарауылдар (әскери бөлім) бойынша кезекші, ал таралымнан кейін – қарауыл бастығы өзгертуі мүмкін.

3. Жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постыларға далалық астары жылы күртешелерде (шинельдерде) жіберіледі. Көлеңкедегі ауа температурасы +15° С және одан жоғары болған кезде далалық астары жылы күртешелерді (шинельдерді) қарауылдық үй-жайдағы киім ілгішке қалдыруға рұқсат етіледі.

4. Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға плащтарда (плащ-шатырларда) және су өткізбейтін аяқ киімде жіберіледі. Плащтарды (плащ-шатырларды) сақшылар постыда қажеттілігіне қарай шешеді (киеді).

5. Постылық тұлып тек постыдағы ауысым уақытында киіледі және шешіледі. Тұлып далалық астары жылы күртешенің (шинельдің) сыртынан киіледі. Пима қарауылдық үй-жайда киіледі. Тұлыптар мен пиманы –5° С және одан төмен температура кезінде, сондай-ақ суық жел кезінде киюге рұқсат етіледі.

Шешілген тұлыптар мен плащтар (плащ-шатырлар) постылық саңырауқұлақ астына немесе қадағалау мұнарасына ілінеді. Плащтар (плащ- шатырлар) мен пима постылардан келгеннен кейін шешіледі және кептіріледі.

6. Сақшылар жылытылатын үй-жайларда кемінде +18° С температурада далалық астары жылы күртешесіз (шинельсіз) болуға тиіс.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Қарауылдың киім нысаны.

2. Постылық киім.

3. Сақшылар жылытылатын үй-жайларда бөлме температурасы.

4. Постылық тұлып.

5. Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға қандай киімде жіберіледі.

6. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постыларының киім нысаны.

7.Жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постылардағы киім нысаны.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде, қарауылдың киім нысаны,постылық киім.Сақшылар жылытылатын үй-жайларда бөлме температурасын,постылық тұлып.Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға қандай киімде жіберіледі.Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постыларының киім нысаны,жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постылардағы киім нысаны туралы.

7. Үй тапсырмасы ҚРҚК-дегі әскери бөлімдерде, қарауылдың киім нысаны,постылық киім.Сақшылар жылытылатын үй-жайларда бөлме температурасын,постылық тұлып.Қолайсыз ауа райында ауысымдар постыларға қандай киімде жіберіледі.Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанындағы қарауыл постыларының киім нысаны,жазғы уақытта суық жел кезінде ауысымдар постылардағы киім нысанын оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Т.Қарғабаев Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

3. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

 

Практикалық (семинар)сабақтың әдістемелік нұсқауы

«Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2015 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

 

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к,доцент м.а Е. Маханбет

 

Құрастырған: Аға оқытушы,аға лейтенант Б.Р.Ахметов

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)