Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  4. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер, қарауылдың киім нысаны.

1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты iс-әрекеттердiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күшi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасында көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) кеме иелерiнiң және кеме экипаждары мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi және сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз түрде пайдалану жөнiндегi талаптарды орындауын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
7) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өткiзетiн iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды бiрыңғай технологиялық циклда өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) карантиндiк аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша iс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;
11) iшкi iстер органдарының жүргiзiлетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
12) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртiн және алкоголь өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртiне және алкоголь өнiмдерiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне, өтiнiш берушiнiң этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөнiндегi қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтауға;
13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
14) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;
16) алынып тасталды – ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
18) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
5. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру мерзiмдерi тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)