Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы

Читайте также:
  1. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  2. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  3. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  4. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  5. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  6. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум)арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс-мемлекеттік мереке –Қазақстан Республикасының Конституция күні деп жарияланды.Ата заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар,өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Респубдикасының қазіргі конституциясы кіріспеден, негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.Кіріспеде,әдетте,Ата Заңның мақсаты баяндалып,оны қабылдаудың тарихи жағдайы,кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі.Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген: «Біз,ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз».Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды.Өйткені,осыдан келіп, мемлекетіміздің мынадай негізгі мақсаты туындайды:

1) өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын айқындап бекіту;

2) өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату карым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;

3) байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;

4) республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;

5) Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту.Мұның ұшқыны ретінде республика қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады.Олар: 1)қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; 2) бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; 3) қазақстандық патририотизм;4)мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократилық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.

Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жайлы,мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы(Президент,Парламент,Үкімет,Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі,жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының I-VIII бөлімдерінде баяндалған.Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы IX бөлімде Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшаардан тұрады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрінісін береді. «Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас,ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйеін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын –Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз – біздің ұлан- байтақ жеріміздің ұлттық-аймақтық бөліністерге –облыстарға қалаларға,аудандарға, ауылдарға,т.б. –бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. Және де, Қазақстан Республикасында идеологиялық пен саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне,мемлекеттік органдарда партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. «Адам және Азамат»деп аталатын ІІ бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай,жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.

«Президент» деп аталатын ІІІ бөлім мемлекет басшысы ретінде Президенттің жаңа мәртебесін толық бейнелейді.

Басқа мемлекет органдарының құрылуы мен қызметі ІV – VIII бөлімдерде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымында әр бөлім өз қисынымен ретті орналасқан. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы өз құрылымы мен қисыны жөнінен баршаға айқын түсінікті деп айтуға болады.

«Қорытынды және өтпелі ережелер»деп аталатын IX бөлім жаңа Ата Заңды күшіне енгізу нормаларын бекітеді, бұрынғы Конституцияның күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды.1995 жылғы Конституция күшіне енгенге дейін қолданылып келген заңдардың одан әрі қарай қолданыста болу тәртібін көрсетеді.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)