Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстың ұғымы,белгілері және қылмыстарды топтастыру

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Негізінен қылмысқа анықтама берудің екі жолы қалыптасқан(формальды және материялдық анықтама). Қылмыстың мәнін түсіну үшін материялдық анықтамаға жүгінген дұрыс.

Қоғамға қауіпті болғандықтан ол белгілі бір қоғамдық қатынастарға зардап келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. Сондықтан заңда қорғалатын обьектілер тізбегі келтіріледі:жеке адам,қоғам,мемлекет,меншік...

Қоғамға қауіптілік әрекеттің өзіне жасалу орнына, уақытына,жолына,мотивіне, мақсатына,әрекет зардабына,жасаушының тұлғасына байланысты өзгеріп отыратын ауыспалы категория.Оның сапалық (қандай құндылықты өмір, меншік, ар-намыс, т.б.нысанға алынады) және сандық қауіптілік дәрежесі: қылмыс аяқталғанба жоқпа? Бір адам ба,коп адамба?т.б. қасиеттеріде бар.

Сол себептен де Қылмыстық заң сыртқы көрінісі қылмысқа ұқсағанымен маңызы шамалы әрекеттерді қылмыс қатарына қоспайды.

Сонымен қоса қоғамға қауіпті әрекет Қылмыстық заңда міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қылмыстық заңды ұқсастығы (аналогия) қолдануға жол берілмейді.(Конституция 77-бап,ҚК 9-бап)

Әрекеттің қылмыстық заңда көрсетілуінің өзіде қылмыс деп табу үшін жеткіліксіз. Тек қауіпті деп жариялап қана қоймай,оған тағайындалатын жаза көрсетілуі тиіс.

Қылмыстың тағы бір белгісі – айыптылығы, яғни ғоғамға қауіпті әрекет кінәнің белгілі бір нысандарға(қасақана немесе абайсызда) жасалуға тиіс.

Жазықсыз зиян келтіру жауаптылыққа жатпайды. (ҚК 23-бап).

Сонымен, бұдан қылмыстың төмендегідей белгілері шығады:

1.Қоғамға қауіплігі;

2.Заңға қайшылығы;

3.Айыптылығы;

4.Жазалатындығы.

Бірқатар авторлар қылмыстың тағы бір белгісі ретінде моральға қарсылықты табады,әйтседе басқа авторлар заңға қайшы әрекет моральға да қарсы екенін алға тартып аталмыш белгіні қылмыстың іргесі бөлек нысаны деп танымайды.

ҚР ҚК 9 – бабы қылмысқа:

“Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған,айыпты қоғамдық қауіпті іс- әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс табылады”,- деген анықтама береді.

Қылмыстарды сыныптау. ҚК 10- бабында көрсетілген қылмыс сипаты мен дәрежесіне қарай 4 сипатқа (категорияға) бөлінеді: онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.

“жасағаны үшін осы кодексте көрсетілген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы кодексте көрсетілген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады”.

Ал, егер қасақана жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын мерзімге, абайсызда жасалған әрекет үшін бес жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, ол- ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс дп танылады.

Жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.(ҚК 10- бап).

Байқағанымыздай, қылмыстық заң қылмыс санаттарын жаза түрінде соның ішінде бас бостандығынан айыруға байланысты ажыратады екен.

 

Қылмыс санаттары Қасақана жасалған қылмыс Абайсызда жасалған қылмыс
Онша ауыр емес қылмыс Екі жылдан аспайтын мерзімге Бес жылдан аспайтын мерзімге
Ауырлығы орташа қылмыс Бес жылдан аспайтын мерзімге Бес жылдан астам мерзімге
Ауыр қылмыс Он екі жылдан аспайтын мерзімге  
Аса ауыр қылмыс Он екі жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасына  

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)