Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті атқарушы билік органдарының құзыреті және қабылдайтын актілері

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  5. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  6. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  7. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін кең көлемде кұзырет берілген,

Құзреттің негіздері республиканың Негізгі заңының 87-бабында баянды етілген, ал «...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы»Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалыуын қамтамасыз ету,

комуналдық меншікті басқару;

жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланыстс өзге демәселелерді шешу;

жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін республиканың заңдарында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттікті жүзеге асыру (Конституияның 87-бабының 2-тармағы).

«...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңда жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық, поселкелік және селолық әкімшілік органдарының өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген. Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласын (жекелеген баптарда) бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн. Ал жергілікті әкімшіліктің өзге органдарына келгенде, заңның арнаулы баптарында олардың қызметінің өздері заң жүзінде құзыретті болатын негізгі 5-саласын көрсетеді. Оларға мыналар жатады: жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласындағы өкілеттік, жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы өкілеттік; құрылыс, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету,сауда,қоғамдық тамақтандыру саласындағы өкілеттік; халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласындағы өкілеттік; заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өкілеттік (43 – 47-баптар).

Заңның 42-бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім:

-облысты, ауданды, қаланы басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер жөніндегі үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді;

-тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің жобасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

-экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихаттың сессиясында олардың орындалуы туралы есеп береді;

-әкімшілік-аумақтық бөліністің меншігін басқаруды жүзеге асырады, қарамағындағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын тағайындайды және қызметінен босатады;

-жоғары тұрған атқарушы орган берген өкілеттікке сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

-жергілікті әкімшілік органдарының басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады; республика министрліктерінің; мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының (прокуратура мен соттарды қоспағанда) аумақтық органдарының республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға келісім береді оларды қызметтен босату және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.

Поселкелік, селолық әкім поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ азаматтары өкілдерінің жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

Азаматтардың арыздарын, шағымдары мен өтініштерінқарайды;

Поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық), округ аумағының шеңберінде жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға байланысты мәселелерді шешеді;

Заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасады және банк құжаттарына қол қояды;

Қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді шешеді. Өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асырады;

Шаруа (фермер) қожалықтарын, шағын кәсіпорындар, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ халқына қызмет көрсету жөніндегі кооперативтер және басқаларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі (49-бап).

Жоғарыда келтірілген қызмет салаларында облыстық, аудандық, қалалық әкімшіліктердің өте кең өкілеттігі бар. Мәселен, жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлік пен байланыс саласында: бюджеттің облысты, ауданды, қаланы дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді; әкімшілік-аумақтық бөліністердің меншігіндегі кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; еңбек ресурстарын есепке ауды қамтамасыз етіп, олардың бөлінуін реттейді; халыққа кәсіпорындар мен ұйымдар корсететін байланыс қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асырады, оларға шарт негізінде почта, телефон байланысы мен өзге де байланысты және басқаларын жақсартуда көмек көрсетеді («жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» заң 43-бап).

Жер пайдалану, табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында: табиғат қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; табиғат қорғау, экологиялық сипаттама, қорғау объектілерін салу мен қайта құру жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады; экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы бар объектілерін салу мен қайта құруға тиым салу және басқалар туралы қорытындылар дайындайды (44-бап).

Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру, саласында: сәулет өнері және қала құрылысы саласындағы орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, аумақта құрылыс салуда жүзеге асырады; әлеуметтік-мәдени және өнеркәсіп объектілерін салу жөнінде тапсырысшы болуға құқылы; жоспарлардың мемлекеттік сипаттамасына, жеке және заңды тұлғалардың жобалау мен құрылыс салу қызметіне мемлекеттік лецензия беруге жәрдемдеседі, республиканың заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын құрылыс өнімінің сапасына сәулет-құрылыс бақылауын жүргізуді қамтамасыз етеді, елді мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, тұрғын үй қоры мен осы инфрақұрылымның әртүрлі нысандарға жататын басқа да объектілерді ұйымдастыру, пайдалану және ұстау ісіне жәрдемдеседі және қатысады.

Халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында: білім беру ісін, балаларға мектепке дейін және мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жүргізеді, облыстық, аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды жүзеге асырып пайдалануды ұйымдастырады; денсаулық сақтау мекемелеріне басшылық етіп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен халықтың денсаулығын сақтау және басқалар жөнінде шаралар қолданады (46-бап).

Заңдылықты қамтамасыз ету құқық тәртібін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласында: Қазақстан Республикасы Конституциясының, республика Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған басқа да мемлекеттік органдар актілерінің орындалуын ұйымдастырады, мәслихат аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың оларды орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады, құқық тәртібін, меншіктің барлық нысандарын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заң мен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді; заңдарды түсіндіруді және халыққа заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады; азаматтардың жиналыстарын, митінгілер, шерулер, тосқауылдар және демонстрациялар өткізу тәртібін қамтамасыз ету жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады; сот, прокуратура, милиция, адвокатура, нотариат және басқалар жұмысын жақсарту жөнінде шаралар қолданады (47-бап).

Жергілікті атқарушы органдар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша мынадай актілер шығарады: а) әкімдер республиканың Конституциясымен басқа да заңдарына сәйкес келмеген жағдайда тиісінше республиканың Президенті, республиканың Үкіметі не жоғары тұрған әкім, сондай-ақ сот тәртібі арқылы күшін жоюы мүмкін шешімдер мен өкімдер қабылдайды; ә) әкімдердің орынбасарлары өкімдер шығарады. Жергілікті органдарының басшылары өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады. Жергілікті әкімшіліктің актілері Қазақстан Республикасыныңң Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуге тиіс. Жоғары тұрған атқарушы орган жергілікті әкімшілік актілерінің күшін жоюы мүмкін (мысалы, поселкелік (селолық) әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін аудандық (қалалық) әкім не республиканың Президенті жоюы немесе оның сот тәртібі мен күші жойылуы мүмкін).

Жергәләкті әкімдердің өз құзіреті шегінде қабылданған актілерін тиісті аумақта, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)