Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті Өкілді жӘне атҚарушы органдар

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  2. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары
  3. Азақстан Республикасының ішкі істер органдары
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  6. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары

7.1. Жергілікті өкілді органдар,олардың жүйесі, міндеттері, сайлану тәртібі және құрылымы

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8 бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы Заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістер мен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңмен, сондай-ақ Республика Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық заң күші барЖарлығымен неғұрлым толық баянды етіліп, реттеледі.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны Конституцияда баянды етілген. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

«...жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңның 1-бабында облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қаладан және қаладағы ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан), ауылдық (селолық) округтен басқасы аумағындағы халықтың өкілді органы мәслихат – депутаттар жиналысы болып табылды деп белгіленген. Сонымен, жергілікті өкілді органдар жүйесі облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Заңда оларға мынадай міндеттерді:

Ø тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын;

Ø жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Парламент қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі құжаттарының, жоғары тұрған мәслихаттар мен әкімдердің өз құзіреттері шегінде қабылданған шешімдердің орындалуын;

Ø Республикалық және жергілікті өкімет органдары арасындағы байланысты;

Ø Халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз ету жүктелген.

Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттың өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін-өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының 20жасқа толған азаматы депутат болып тек бір мәслихатқа ғана сайлана алады.сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.

Сайлау туралы Жарлықтың 9-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде дауыстарды есептеудің ынадай жүйесі қолданылады:

1) Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 процентінен астамы қатысса, сайлау болып өтті деп есептелінеді;

2) Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 процентінен астамы кандидатурасын жақтап дауыс берсе, ал қаталап дауыс берген жағдайда – басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшілік санын алса, кандидат сайланды деп есептелінеді;

3) Сайлауда бір кандидат дауысқа түскен жағдайда, егер дауыс беруге сайлаушылардың кемінде 50 проценті кандидатураны жақтап дауыс берсе, ол сайланды деп есептеледі;

4) Депутаттар санын тиісті мәслихаттар мынадай шекте белгілейді: облыстық, Алматы қалалық мәслихаттары – 50 депутатқа дейін, қалалық мәслихаттар – 30-ға дейін; аудандық мәслихаттар – 25 депутатқа дейін.

Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне, оның орындайтын жұмысының сипаты мен көлеміне, сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әртүрлі салаларының жай-күйі мен дамуына байланысты болады.

Мәселен, мәслихаттардың аппараты әдетте мыналардан тұрады:

Ø Хатшы;

Ø Тексеру комиссиясының төрағасы;

Ø Ұйымдастыру бөлімі;

Ø Кеңесшілер (консультанттар);

Ø Консультант-ұйымдастырушы;

Ø Референттер.

Мәслихаттар аппаратының құрылымында хатшы өзекті тұлға болып табылады, өйткені ол мәслихаттың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл ағымдағы жұмысты орындап отырады.

Мәслихаттың хатшысы мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін және оған есеп беріп отыратын лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат депутаттар арасынан сессиясында сайлап, қызметінен босатады. Мәслихат хатшысын сайлау немесе қызметінен босату туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі мәслихаттың регламентімен белгіленеді. Хатшының өз өкілеттігін өз еркімен доғаруы оның өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Мәслихат хатшының жұмыстан кетуін қабылдамаған жағдайда хатшы өз өкілеттігін мәслихат сессиясы төрағасының өкімі бойынша сол мәслихаттың тұрақты комиссияларыны біреуінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.

«...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңға сәйкес мәслихаттың хатшысына мынадай өкілеттік берілген.

Мәслихат сессиясының өткізілетін уақыты мен орнын, сондай-ақ оның күн тәртібінің жобасын депутаттарға, әкімшілік басшысына және халыққа жеткізіп отырады;

Мәслихаттың сессиясын және мәслихаттың қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды, сессияның хаттамасын жасауды қамтамасыз етеді және сесияның хаттамасына қол қояды;

Мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттілігін жүзеге асыруына көмек көрсетеді, олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, депутаттарды мәслихатта, оның органдары мен сайлау округтерінде жұмыс істеу үшін қызметтік немесе өндірістік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

Сессияның барысында жергілікті әкімшілік, оның органдары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшылырының атына келіп түскен депутаттардың сауалдары мен үндеулерінің қаралуына бақылау жасайы;

Мәслихаттың тұрақты және өзге де комиссияларының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

Мәслихат аппараттарының құрылымын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, оның қызметкерлетін қызметке қабылдап, қызметтен босатады;

Халық пен меншік нысандарына қарамастан еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен мәслихат атынан байланыс жасап отырады;

Мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныстар, тілектер мен хаттар туралы қорытылған деректерді үнемі беріп отырады;

Мәслихаттың шешімдеріне сәйкес азаматтардың аса маңызды мәслихат шешеімдерінің жобаларын, сондай-ақ жергілікті, республикалық маңызы бар мәселелерді талқылауын қамтамасыз етеді, мәслихатта азаматтарды қабылдауды, олардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауды ұйымдастырады;

Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын доғару мәселелерін қарайды;

Заңдарда көзделген жағдайларда сотқа жіберілетін талап арыздарына мәслихаттың атынан қол қояды;

Өзіне мәслихат тапсыруы немесе өзіне заңдарда жүктелуі мүмкін өзге де мәселелерді шешеді.

Жалпы алғанда мәслихатқа немесе оның органдарына тиесілі құқықтарды, міндеттерді хатшыға беруге болмайды.

Мәслихатты ұйымдастыру мен оның қызметіне мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы маңызды рөл атқарады.

Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды және ол өз міндетін басқа жұмыстан босатылған негізде атқарады. Ол жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін мәслихат құратын мәслихаттың тексеру комиссиясына басшылықты жүзеге асырады. Комиссия мәслихаттың өкілеттік мерзіміне құрылады. Сан құрамын мәслихат белгілейді. Оның құрамына тиісті мәслихаттың депутаты болып табылмайтын адамдар да енгізілуі мүмкін.

Тексеру комиссиясы өз қалауы бойынша (бірақ жылына бір реттен кем емес) кез келген уақытта тексеру жүргізіп отырады. Тексеру мәслихаттың не оның хатшысының шешімі бойынша, сондай-ақ, мәслихатқа сайланған депутаттардың жалпы санының кемінде 1/3 бөлігінің талап еілуімен жүргізілуі мүмкін. Тексеру комиссиялары тексеруді мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлесіп те жүргізе алады.

Тексерудің нәтижелері туралы мәслихатқа және әкімшіліктің басшысына хабарланады.

Мәслихаттың шешімі бойынша тексеру комиссиясының мүшелері де өз міндеттерін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыра алады.

Мәслихат аппаратының құрылымында ұйымдастыру бөлімі өзекті орын алады. Оның қызметіндегі негізгі бағыттар мыналар болып табылады: 1) мәслихаттың, оның тұрақты комиссиялары мен депутаттарының дәл және дұрыс жұмыс істеуін ұйымдық жағынан қамтамасыз ету, мәслихаттың бүкіл ұйымдық-бұқаралық жұмысының жай-күйін жақсарту; 2) белгілі бір мәслихатқа және төменгі мәслихаттар мен олардың органдарына басшылық етуге жәрдемдесу, оларға ұйымдастырушылық жұмыста көмек көрсету: 3) мемлекеттік құрылыстың, ұйымдық-бұқаралық жұмыстың озық тәжребиесін зерделеу, жинақтау және қорыту, оны нәсихаттау және тарату; 4) қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуға көмектесу; мәслихат пен парламент сайлауына дайындалуға, әкімшілік-аумақтық бөлініс мәселелерін дайындауға қатысу, кадрлардың біліктілігін зерделеуге, оларды орналастыру мен жоғарлатуға байланысты міндеттерді атқару.

Сонымен, мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің оның жұмыс істеуіндегі рөлі өте маңызды әрі елеулі. Оның құрылуы мәслихаттар міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты. Бұл аппараттың мынадай айрықша ерекшеліктері болады. Біріншіден, оның жергілікті өкілді органдардың міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатсуы функционалдық сипатта болады; ол ұйымдастырушылық-әдістемелік және ұйымдық-бұқаралық жұмысқа, заңдылықты бақылау мен қабылданған шешімдердің орындалуын тексеруге жәрдемдеседі; оған мәслихаттарға заңдық, ұйымдық-техникалақ, шаруашылық қызмет көрсету жүктелген. Екіншіден, бұл аппараттың буындары мәслихат органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және азаматтардың міндетті құқықтық актілер шығару құқығын пайдаланбайды, оның қарамағында қандай да бір обьектілер, банкте шоттары болмайды. Үшіншіден, мұндай аппараттың қызметтік сипаты оның тек қана «көлбеу бойынша» - тиісті мәслихаттың хатшысына бағынуын анықтайды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 465 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)