Читайте также:
|
|
Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға бірнеше мәрте әрекет жасалды.Айталық,мемлекеттік құрылыс нысанына қарай Конституцияны біртұтас және федерациялық,саяси режимнің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес,қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деген түрлері ұсынылған.Алайда,уақыт сыны көрсеткеніндей,өткен ғасырда ұсынылып қазіргі күнге дейін қолданылып келе жатқан ескі топтастыру тұрақты екендігін байқатты.
Конституцияны:1)нысанына; 2)қолданылу тәртібіне; 3)өзгертілу әдісіне қарай осындай түрлерге,белгілерге бөлу қабылданған.
Нысанына қарай Конституцияның екі түрі бар,олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар.Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт(мысалы,Финляндияда,Ресей Федерациясында,Қазақсатан Республикасында),бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған.Әдетте, жазбалы конституциялар кріспеден, негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.
Жазбалы Конституция бұл бірыңғай тұтас,американдар бейнелеп айтқандай, «қалтаға салуға болатын құжат».Кейбір жағдайларда жазбалы Конституция белгілі бір жүйеге келтірілген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін.Осындай жазбалы Конституция –бұл актілер жиынтығынан немесе конституциялық әдет-ғұрыптардың жиынтығынан да құрылуы мүмкін.
Жазбалы емес Конституция – сирек қолданылатын әртүрлі заңдардың,сот үрдістерінің және әдет-ғұрыптардың жиынтығы.Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда бар.Жазбалы емес Конституция жазбалы Конституция сияқты басқару нысанын,мемлекеттік құрылыс нысанын,мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрылымын,жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б. белгілейді,бірақ сол елдердің негізгі актілері деп формальды түрде болса да жарияланбаған.Өйткені қазіргі кезде тұтастай жазбалы емес Конституцияның классикалық елі деп аталатын Ұлыбританияның өзінде де бірқатар жазбалы актілер бар.Британия конституциясының негізгі бөлімдері мынадай жазба құжаттардан тұрады: 1)мәртебелік(статуттық) құқық (ежелгі актілер және аса маңызды конституциялық сипаттағы Парламент заңдары -1215 ж. еркіндіктің ұлы харкиясы; 1689 ж. құқықтар туралы Билль;1911 ж. Парламент туралы; 1972 ж. жергілікті басқару жөніндегі актілер және т.б.); 2) жалпы құқық; 3)Конституциялық келісімдер; 4)доктриналық қайнар көздер (ертедегі белгілі ғалымдардың ғылыми монографиялық туындылары немесе пікірлері –мысалы Брэктонның 1250 ж. Англия заңдары туралы трактаты, 1565 ж. Брэкстон, Англия заңдарының комментариясы.
Конституцияларды өзгерістер мен түзетулер енгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады.Қатаң конституцияларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда (Ресей Федерациясында,Қазақстан Республикасында т.б.) не арнаулы құрылтай жиналыстарында мақұлдап, қабылдайды.Мұнда,кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі мүмкін,тек ерекше жағдайларда ғана тиісті өзгерістер күрделі регламенттерінген тәртіппен енгізілуі мүмкін.Қазақстан Республикасы Конституциясы 91-бабының 1-тармағына сәйкес жоғарыда айтылып кеткендей,Конституцияға осындай түзетулерді республикалық референдум не Парламенттің шешімімен енгізілуі мүмкін.Мұндай жағдайда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен енгізіледі.
Ал, енді осыны Параменттің жәй заңдарымен салыстырып көрелік.Ондай заңдарды қабылдау немесе оған тиісті өзгерістер мен ттолықтырулар енгізу Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен өткізіледі(мысалы 50%+1),егер Конституцияда өзгеше көзделмесе.
Олқы конституцияларды әдетте Парламенттер қабылдайды,ал оларға өзгерістер мен түзетулерді енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен,яғни көпшілік дауыспен (50%+1) заң органдары енгізеді, саяси тәжірибені басшылыққа ала отырып конституцияларды қабылдау мен бекітудің неғұрлым демократиялық тәсілі құрылтай жиналысы екенін атап айтуға болады.
Конституциялар федералдық және оныңң құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.Ресей Федерациясының бір ерекшелігі сол, оның барлық республикаларының өз конституциясы бар,ал қалған субъектілер конституциялық мәні бар жарғыларға ғана ие.(Ресей Федерациясы Конституциясының 5-бабы).
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 788 | Нарушение авторских прав