Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.Аға және кіші шенділер.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Командир қызметі жөнінен өзіне бағынысты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.

Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери кызметшілер бағынатын бастықтартікелей бастықтар болып табылады.

Бағыныстыға ең жақын төте бастық тікелей бастык, деп аталады.

Қызметі жөніненбағыныстылық тәртібімен байлаусыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:

- Қазақстан Республикасының генералдары,армия генералдары, адмиралдар - аға және кіші офицерлср, прапорщиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар меп матростар үшін;

- генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1 — дәрежелі капитандар

- кіші офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар меп матростар үшіи;

- подполколковник, 2-дәрежелі капитан, майор, 3-дәрежелі капитан 2скери атақтарындағы аға офицерлер - прапорщиктер, мичмандар, старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;

- кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;

- прапорщиктер мен мичмандар - олармен бір әскери бөлімдегі старшиналар, сержанттар, сарбаздар мен матростар үшін;

- старшиналар мен сержанттар - олармен бір әскери бөлімдегі сарбаздар мен матростар үшін.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныстылары болып табылмайтын әскери кызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады.

3.Бұйрық (өкім) оларды,орындау және бақылау тәртібі.беру. Әскери қызметшілердің бастамашылығы

Бұйрық - қызмет бабында қандай да бір іс-әрекетгі орындау немесе тоқтату туралы командирдің (бастыктың) талап етуі.

Бұйрық әскери қызметшілердің біріне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе техникалық құралдар аркылы берілуі мүмкін.

Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің жеке-дара басшылығы құқығында берілетін әскери басқарудың негізгі өкімгерлік қызметтік кұжаты (құқықтық акті) болып табылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлімнің командирінен бастап одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

Өкім - бағыныстыларға командирдің (бастықтың) тапсырмаларды жеткізу нысаны. Өкім жазбаша түрде немесе ауызша беріледі. Жазбаша өкім қызметтік құжат болып табылады. Штаб бастығы әскери бөлім командирінің атынан немесе гарнизонның әскери коменданты гарнизон бастығының атынан олардың нұсқауларын жазбаша өкім нысанында жеткізеді.

Командир (бастық) бұйрық (өкім) берер алдында ахуалды жан-жақты бағалауға және оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуын бақылауды жүзеге асьгруға міндетті. Ол берілген бұйрық (өкім) мен оның салдарлары үшін, бұйрықтың (өкімнің) зандарға сәйкестігі үшін, сондай-ақ билікті теріс пайдаланғаны және билікті немесе қызметтік өкілеттігін берілгсн бұйрықта (өкімде) асыра қолданғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауапты болады. Бұйрық (өкім) қысқа әрі анық берілуге тиіс,
екіүдай түсінуге жол бермеуге және багыныстының күдігін тудырмауға тиіс.

Бұйрықтар бағыныстылық ретімен беріледі. Ерекше қажет болған ретте бастық бағьшыстыға оның тікелей бастығын жанай бұйрық бере алады. Мұндай жағдайда ол бұл туралы бағыныстының тікелей бастығына хабарлауға тиіс немесе бағыныстыға тікелей бастығына өзінің мәлімдеуін бұйырады.

Командирдің (бастықтың) бұйрық сөзсіз, дәл және мерзімінде орындалуға тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып: "Құп болады" - деп жауап береді де, содан кейін оны орындайды.

Берген бұйрықтың дұрыс түсінілгеніне көз жеткізу қажет болған ретте командир (бастық) оны қысқаша қайталауды талап ете алады, ал бұйрық алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауын өтіне алады.

Алынған бұйрыктың орындалғаны туралы әсксри қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті. Бұйрықты орындаған соң ол аға командирге (бастыққа) бұл жөнінде шағымдана алады.

Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші басқа, қызметтік жағдайы бойьнша аға шенді бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасайтын болса, ол бұл туралы екінші бұйрықты берген бастыққа баяңдайды және ол қуаттаған жағдайында соңғысын орындайды.

Жаңа бұйрық беруші бұл туралы бірінш бұйрық берген бастыққа хабарлауға міндетті.

Өзінің алдына қойылған тапсырманы сәтті орындау мақсатында әскери қызметші байыпты бастамашылық танытуға міндетті.

5.Әскери әдеп және әскери қызметшілердің мінез құлықы туралы.

Бір-біріне бағыныссыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардыд қызметтік өзара карым-қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 59 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)