Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып, жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Жоспар

1. Даму психологиясының пайда болуы.

2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық бағыттар.

3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері.

Даму психологиясының пайда болуы. Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті даму психологиясында қолданудың арнаы жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б.) осындай зерттеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.

Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж. Руссо «Бала – кішкентай ересек адам» – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.

Философияның негізгі қағидаларына және диалектика қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамының жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.

Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму мәселесі, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.

20 ғасырдыңбасында даму психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік

факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

Биогенетикалық бағытқа «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, түс түсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқымқуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқымқуалаушылықпен анықталады, ал орта–бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқымқуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсы бір өзгермейтін фактор ғана.

Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ал сыртқы фактор ретінде қайсы бір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.

Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды.

Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді.

Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.

Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.

Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.

Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. ген тарпан тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның дамуын өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық тдеория дамуы деп адамның биологиялық табиғатының коғамда өмірге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес зандылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлға аралық өзара әрекеттерінің калыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялык, теориялар оны "Мен" деген түсініктің калыптасуымен ұштастырады.
Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: калыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мумкіндік береді (1-кестеде көрсетілген).

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өсіріп тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік пен сондықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі.

Осы процесс сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін қанағаттандырылуы әлеуметтену деп аталады.


Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)

Даму кезеңі Дамудың калыпты желісі Дамудың аномалды желісі
1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат үшінр болуы, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да кажеттіліктерін қанағаттандыру. Анасының баласына нашар карауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық окшаулануы.
2. Кейін нәресгелж шак (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне-өзі сену. Бала дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды. өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала ез!тч беШмдел-мегенддпн сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым кимыл әдетгерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде оның сөйлеу кабілеті нашар дамыган, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыру қалыптасады.
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында) Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, турлі рөлдерге қосылу. Пассинтшік және адамдарға мен бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан кызғану, ұсыныстардан бас тарту, релдерге қосылу белгісінің жоқгығы.
4. Орта балалык шақ (5 пен 11 жас аралығы) Енбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы өз алдына шынайы мақсат койып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді менгеру, шешімдер кабылдау. өзін-өзі кемсігу, Әлсіз дамыған еңбек ету кимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысу-дан бас тарту. Дауыл аддындағы немесе жыныстық же-тілу кезені алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге ба-ғынушылық туралы есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.
5. Жыныстық жетілу жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жасаралығы) Өз болашағын анықтау уақытша перспектиканың болашаққа жоспардың дамуы қандай болу. Кім болу деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасынлда лидер болу қажет болса оларға бағыну. Рөлдердің шатасуы. Уакытша перспективалардың ығы- суы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қор- шаған адамдармен қарым-қа- тынас орнатудың орнына өзін-өзі тусінуге тырысу, Еңбек белсенділігін жоғалту, Жынысгық айьрмашылықты көрсететін рөлдердің ауысуы, болуға ұмтылмау. Мораль мен дуниеге көзқарастың шатасуы
6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту оларға көмектесуге тырысу. Бала суйіп оларды тәртиелеу, махаббатпен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақьндардан, олармен жынысгық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы. адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әреекеттер жасау. Мойындамау, окшаулану, әлем кауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуныың, жан дүниеде күйзелуінің алғашқы белгілері.
7. Орта ересек шақ (40-45 жә­не 60 жас аралығы) Шығармашылық өзімен-өзі жә­не басқа адамдармен енімді және шыңармашылық жұмыстар жүргізу. Толыққұнды, әрқилы өмір. Отбасылық қатынастармен канағаттану, өз балалары үшн риза болу. Жаңа ұрпақты уйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм жұмыстың ешм-сәздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі етше кемірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.
8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары) Өмірдің түрлі оқиғаларға абай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өгкен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына квиукабшеп. Өлім қорқынышгы емес екендігін уғыну. Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, өте тез өтуде деп ойлау өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайда өмір сүруді 11-леу, буын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың қателігін сезіну. Жақындап келе жаткан өлімнен қорқу.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 960 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)