Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік іс жүргізу түрлері

Читайте также:
  1. Автотрофты қоректену түрлері
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  3. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  4. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  5. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны
  6. Аржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
  7. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері

Негізгі ұғымдар: әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу өндірісі

1. Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.

Әкімшілік процестің негізгі қағидалары болып мыналар саналады:

1. Заңдылық қағидасы.

2. Объективтілік қағидасы.

3. Заң мен істі шешетін органның алдында әкімшілік іс жүргізу субъектілерінің теңдік қағидасы.ның мағынасы

4. Жариялылық қағидасы.

5. Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы.

6. Процестің үнемділігі және тиімділік қағидасы.

7. Процесс тәртібін бұзғандық және қабылданған акт (шешім) үшін жауаптылық қағидасы.

Әкімшілік процесте субъект (қатысушылар) ретінде мыналар саналады:

1. ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

2. Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және мекемелер.

3. Қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер

4. Мемлекеттік қызметшілер.

5. Қоғамдық бірлестіктер және басқа да мемлекеттік емес құрылымдардың қызметшілері.

 

2. Әкімшілік іс жүргізу сатылары. Процессуалдық әрекеттер белгілі бір қисынды тәртіппен жүргізіледі. Бұл әрекеттер белгілі бір сатыларға топтастырылады, олар:

1. Басқарушылық істі (сұрақты) қозғау және оны тергеу соған өкілеттенген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) өкілеттеріне жатады.

2. Істі қарауды өкілетті орган (лауазымды тұлға) жүзеге асырады.

3. Іс бойынша шешім қабылдау.

4. Істі шағымдау және наразылық білдіру.

5. Шешімді орындау. Аталған сатылар әкімшілік процестің жалпы процестің жалпы сатылары болып саналады. Ол барлық әкімшілік өндірістің түрлеріне тән.

6.

3. Әкімшілік процессуалдық қызметті екі мағынада сипаттауға болады.

Біріншіден, мемлекеттік басқару қызметінің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде болады.

Екіншіден, материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне әкеп түйістіреді.

Сонымен, әкімшілік процесс екі түрлі топтағы әкімшлік-процессуалдық (өндірісті) іс жүргізуді қамтиды, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға байланысты өкілеттенген органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің процессуалдық жағын көрсететін – юрисдикциялық және рәсімдік (процессуалдық) болып бөлінеді.

Іс жүргізудің әрқайсысы жеке анықталған әкімшілік немесе заңдылық пен мемлекет тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы сұрақтарды шешудің заңмен белгіленген тәртібін анықтайды. Бірақ юрисдикциялық және рәсімдік іс жүргізуде пәні мен іс жүргізу бағыттарында айырмашылық бар.

Юрисдикция сөзі ( латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.

Юрисдикциялық іс құқық қорғаушылық сипатта және атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық дауды қарау мен шешуіне қатысты жүргізіледі және олардың қатысушыларының мінез-құлықтарына құқықтық баға беріп, кінәлілеріне мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Рәсімдік іс жүргізуде атқарушы органдар өз құзіреті шегіндеәкімшілік даудың болмауына байланысты, кейбір сұрақтарды шешуде арнаулы рәсімдік ережелерді сақтауға міндетті.

Рәсімдік іс жүргізудің нәтижесі – мемлекеттік мәжбүллеу шараларын қолдану емес, атқарушы билік органдарының белгілі бір рұқсаттарды беру, жеке құқықтық актілерді шығаруының көмегімен басқару органдарының бір қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыздандырылады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)