Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік-құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны

Читайте также:
  1. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.
  2. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны
  3. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  4. Дәріс сабақтарының мазмұны
  5. Дәріс сабақтарының мазмұны
  6. Жеке еңбек шартының ұғымы,оның мазмұны мен түрлері
  7. Жергілікті атқарушыбилік органдары:жүйесі, құрылымы, құрылу тәртібі.

Негізгі ұғымдар: Әкімшілік құқық,әкімшілік құқықтық институт, құқықтық әдет-ғұрып, нормативтік құқықтық акт.

 

1. Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

Әкімшілік құқық – ҚР құқық жүйесінің саласы, ол қоғамдық қатынастардың ерекше топтарын реттеуге бағытталған. Оның негізгі ерекшелігі – мемлекеттік басқару аумағында, яғни ҚР-ның мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөліністерінде атқарушы биліктің жүйесін ұйымдастыру және қызмет етуімен байланысты. Мұндай қатынастар өзінің сипатына қарай әр түрлі және олар әкімшілік құқық пәнін құрайды.

Әкімшілік құқық – атқарушы билікті (мемлекеттік-басқарушылық қызметті) тәжірибелік тұрғыдан іске асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын ҚР құқық жүйесінің аса маңызды бір саласы

Әкімшілік құқық пәні – әкімшілік құқықтық норманың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Әкімшілік құқық пәні мемлекеттік атқарушы билік органдарының және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға қатысты басқа құқық субъектілерінің қызметін реттейтін әкімшілік заңнаманы (мемлекеттік басқару аясында әрекет ететін заңдарды) оқиды және зерттейді.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салалары сияқты өзінің жүйесі бар,

олар бір-бірімен тығыз байланысты әкімшілік-құқықтық нормалар мен институттардан тұрады.

Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөлектенген әкімшілік құқық нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың мазмұнына қарай үш бөлімге бөлінеді. Жалпы сипаттағы басқарушылық қатынастарды реттейтін нормалар, яғни барлық басқаруға ортақ болып саналатын нормалар жалпы бөлімді құрайды; қандай да болмасын басқару салаларындағы қоғамдақ қатынастарды реттейтін нормалар ерекше бөлімді құрайды; әкімшілік-юрисдикциялық қызметте болатын қатынастарды реттейтін нормалар үшінші бөлімді құрайды. Сонымен әкімшілік құқық үш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім бірнеше әкімшілік-құқықтық институттарды қамтиды.

2. Әкімшілік құқық принциптері - әкімшілік құқықтың негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, бастамалар. Әкімшілік құқық принциптерінің түрлері:

1) Құқық шығару мен құқық қолдану қызметінің демократиялылығы – құқық шығаруды ол халық пен қоғамдық бірлестіктің әкімшілік құқық нормадан жасауға тікелей және жанама түрде кеңінен қатысуынан көрініс табады.

2) Унитарлық – республикалық билік органының, әкімшілік-аумақтық бөліністер билік органдарының құзыреттерін белгілеу.

3) Мемлекет пен адамның өзара жауаптылығы - әкімшілік құқық норманы бұзған үшін тек адам ғана емес, сондай-ақ мемлекет те өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы міндетін бұзғаны үшін адам алдында заңдық жауаптылық тартуы тиіс.

4) Адамгершілік – қоғамдық қатынастарды бағалаудың белгісі ретінде адам құндылықтың, оның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын заңды түрде тану.

5) Заңдылық – құқық шығару мен құқық қолдану қызметінің арнайы субъектілеріне арналған заңдық талаптарды дәлме-дәл және қатаң жағына асыру.

6) Азаматтың заң алдындағы теңдігі.

7) Әділеттілік – субъектінің мінез-құлқы мен оның нәтижесі үшін заңдық сануарлар арасындағы сәйкестік талабы.

Әкімшілік құқық әдісі – басқарушылық қоғамдық қатынастарға қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің жиынтығы.

Құқықтың кез келген саласы міндеттеу, тыйым, ерік беру сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерін пайдалану.

Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.

Тыйым салу – бұл да ұйғарым, бірақ заңдылық мазмұны бөлек. Оның мағынасы құқық нормасы өзінің адресаттарына байланысты қандай да болмасын әрекеттерді жасамауға тікелей заңдылық міндет жүктейді.

Рұқсат ету – осы нормаларда көзделген заңдылық мағынасы бар әрекеттерді жасауға заңды түрде рұқсат беру немесе оларды жасаудан өз қалауы бойынша бас тарту.

 

3. Әкімшілік құқық қайнар көздері – бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысаны.

Оларға әртүрлі мемлекеттік органдардың заңдылық актілері (нормативтік құқықтық акт – уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат), яғни мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жатады.

Әкімшілік құқық нормалардың көпшілігі ҚР әкімшілік құқығы қайнар көзінің көптеген қоғамдық қатынастарды реттеуімен анықталады.

Оның қатарында заң шығарушы, атқарушы билік және де осы органдарда бекітілген ережелер, нұсқаулар, жарғылар және т.б жатады.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, Заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші

бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының

нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының

және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық

мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің

нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық шарттар да саналады.

4. Әкімшілік құқық қасиеті бойынша әртүрлі, бірақ біртектес қатынастарды реттейді.

Мемлекеттік басқару аумағында болатын қандай да болмасын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықпен реттелінетін басқарушылық қатынастарға жатады. Олар қатысушыларының ерекшеліктеріне байланысты өздеріне тән мынадай түрлерге бөлінеді:

- әртүрлі ұйымдастырушылық құқықтық деңгейдегі бір-біріне бағынышты

атқарушы билік субъектілері (мысалы, жоғары және төмен тұрған орган) арасында;

- бірдей ұйымдастырушылық құқықтық деңгейдегі бір-біріне бағынышты

емес атқарушы билік субъектілері арасында (мысалы, екі министрлік, екі облыстық әкімдік);

- атқарушы билік субъектілерінің және олардың қарамағындағы

бағынышты республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында;

- атқарушы билік субъектілерінің және оларға бағынышты емес

республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер (қаржылық бақылау, әкімшілік қадағалау т.б. сұрақтар) арасында;

- атқарушы билік субъектілері және жергілікті өзін-өзі басқару органдары

жүйесінің арасында;

- атқарушы билік субъектілері және қоғамдық бірлестіктер арасында;

- атқарушы билік субъектілері және азаматтар арасында.

Барлық аталған басқарушылық қатынасқа қандай да болмасын атқарушы орган қатысады. Оларсыз әкімшілік-құқықтық мағынадағы басқарушылық қатынастар болмайды, тек олар заңдылық нысанда мемлекеттің еркі мен мүддесіне қарай атқарушылық түрде, мемлекеттік билікті тәжірибелік түрде жүзеге асырады. Сондықтан бұндай қатынастар азаматтар арасында, қоғамдық бірлестіктер арасында пайда болмайды.

Мемлекеттік кәсіпорындардың және кәсіпкерлік құрылымдардың арасындағы қатынастар әкімшілік құқықпен емес, азаматтық құқықпен реттелінеді, өйткені олар басқарушылық қатынаспен емес, тек шарушылық мүліктік қызметпен байланысты.

Басқарушылық қатынасты олардың пайда болуының нақты мақсаттарына және әкімшілік-құқықтық реттелуіне байланысты саралауға болады.

Осы белгілерге байланысты қатынастардың екі түрі болады.

Біріншісі – ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік. Бұл -басқарушылық құрылымдардың құрылуымен, бөлімшелердің арасында өзара қатынастарының негізгісін анықтауымен, басқару органы аппараттық қызметкерлерінің арасындағы міндеттер мен құқықтарды бөлумен және жауаптылық болуымен байланысты қатынастар. Бұндай басқарушылық қатынастар атқарушы биліктің барлық жүйесінің жоғарғыдан төменге қарай ұйымдастырылуын білдіреді. Оларда тараптар болып бір-біріне бағынышты атқарушы органдар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сонымен бірге лауазымды тұлғалар есептеледі.

Екінш і – атқарушы билік жүйесіне (механизміне) кірмейтін нысандарға, мысалы, азаматтарға, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпкерлік құрылымдарға нақты әсер ету қатынасы.

Басқарушылық қоғамдық қатынастарды әкімшілік құқықтық реттеудің нәтижесі оларды әкімшілік-құқықтық сипаты бар қатынастарға айналдыру болып табылады.

Басқарушылық қатынастарда белгілі бір объект болады. Басқарушылық қатынастардың әкімшілік құқықтық реттеудің объектісі қоғамдық қатынастардың қатысушыларының мінез-құлқы болып табылады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)