Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Криминологиядағы социологиялық және психологиялық әдiстер.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Криминологиялық зерттеудің арнайы әдістері – бұл тиімді реттеу мақсатында объектіні немесе процесті нақты зерттеу әдістері мен тәсілдері.

Криминологиялық зерттеудің арнайы әдістерінің түрлері:

сараптық зерттеу (топ және үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру);

әлеуметтік зерттеу;статистикалық сараптау; әлеуметтік әдістер (сұрау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу); қызметтік сараптау және т.б. (дисперсиондық және корреляциялық).Аналитикалық зерттеу әдісінің мінездемесі. Қылмыстылық туралы статистикалық деректерді аналитикалық зерттеу қылмыстарды топтау және үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру жолымен жүргізіледі; Статистикалық топ – бұл белгілі бір сапалық өзгеріс бойынша немесе басқа да елеулі белгілер бойынша бірлік жинақтарын біртекті және сапалық қасиеттерге бөлу. Криминологиялық зерттеудегі топтардың негізгі міндеттері - қылмыстылыққа, қылмыскер тұлғасына, қылмыс құрбандарына, қылмыстардың себептері мен жағдайларына және қоғамның әсер етуіне толық және жан-жақты көлемді мінездеме беру. Қылмыстарды үлкен-кішілігіне байланысты орналастыру – қылмыстық-репрессиялық шаралар жағынан тиімділігін анықтау белгісі бойынша жүргізіледі. Социологиялық әдістердің сипаттамасы.Криминологиялық зерттеудің әлеуметтік әдістері: сұрау жүргізу – бұл объективті фактілер, пікірлер және ойлар туралы деректерді жинау әдістері. Ол негізінен сұраушы мен сұралып отырған тұлғаның арасында жүреді (сауалнама, сұхбат және т.б.). сұхбаттасу – субъективтік талқылау және тағы басқа іске мәні бар ақпараттарды жинауға көмектеседі. Сондықтан да сұхбат жүргізуші мен жауап алынатын адамның арасындағы қарым-қатынас сұраудың бұл түрін жүргізуге қатаң талаптар мен міндеттер қояды. Сұхбаттасудың үш түрі болады:1) құрастырылған – мұнда сұрақтар бойынша жауап беріледі;

2) жинақталған – нақты объект зерттеледі; 3) Жинақталған емес (еркін) – мұнда сұрақтар болмайды, нақты тапсырма бойынша ақпарат тізімін анықтау қажет. сауалнама жүргізу – тұлғалардың пікірі мен көңілдерін, құқықтар мен талаптардың деңгейі туралы ақпараттар алудың тиімді тәсілдерінің бірі. Сауалнама жүргізу топтық немесе жеке бола алады.Сауалнама жүргізу әдісін қолдану сатылары мынадай: 1) зерттеу бағдарламасынан туындайтын сұрақтарды құру; 2) сауалнамадағы сұрақтарды орналастыру; 3) сауалнаманы талқылау және сын-пікірге салу; 4) бастапқы сұрау; 5) ескертулерді назарға алу және нағыз сауалнама шығару; 6) сауалнаманы көбейту; 7) сауалнамаларды тарату және ақпарат жинау; 8) сауалнамаларды логикалық сараптау; 9) сауалнамаларды кодтау және кесте құру; 10) ақпараттарды статистикалық өңдеу. Сауалнама жүргізу әдісінің басымдылығы: аз уақыт ішінде және аз құралдарды жұмсай отырып, зерттеліп отырған топ тұлғаларынан қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді; белгілі бір уақыт аралығында өткен өзгерістерді анықтау мақсатында тез арада қайта сұрау жүргізуге мүмкіндік береді; жан-жақты бақылау, білікті саралау жолымен нысаны және мазмұны бойынша жоғары сапалы сауалнама сұрақтарын дайындауға мүмкіндік береді; қажет болған жағдайда сұралушылардың жасырындығын қамтамасыз ету мүмкіндігі.Әлеуметтік зерттеу әдісі.

Әлеуметтік зерттеу қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейтін әдіс болып табылады. Контент-сараптау – бұл мәтіннің мазмұнын негізгі сөзі бойынша бағалау тәсілі, яғни, ол мәтінде көбінесе мазмұндық сөзді анықтайды.Таңдаулы әдіс – бұл 500-ден астам адам қатысқан топты әлеуметтік зерттеу. Іріктеу процесі әлеуметтік объектілердің сапалық сипаттамаларының арақатынасына негізделеді. Таңдап алынған мақсатқа байланысты іріктеудің мүмкін дәлдігі анықталады. Жорамалды іріктеу кезінде белгілі бір элементтердің таңдауға, түсуге бірдей мүмкіндіктері болады.Мақсатты іріктеу – бұл жорамалдылық принциптері қолданылмайтын таңдаудың түрі. Оның ішіне: стихиялық, негізгі массив және квоталық іріктеу тәсілдері кіреді. Сараптамалық бағалау әдісі – зерттеуші үшін маңызды болып табылатын мәселелер бойынша белгілі-бір ғылым немесе тәжірибе саласында мамандардың пікірлерін жетілдіруден, алудан және т.б. тұрады.

Криминологиялық болжаулар ұғымы және мақсаты. Кез-келген қызметтің сәттілігі көбінесе оған қатысты болашақтағы оқиғаларды болжаудың сенімділігімен байланысты. Болжау қорытындылары алдын ала осындай оқиғаларға дайындалуыға, күштер мен құралдарды дұрыс жұмсауға, оптималды шешім қабылдауға, өз қызметін жоспарлауға, соның нәтижесінде алға қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Криминологиялық болжау – қылмыстылық және оның детерминанттарының жағдайы, белгілі бір уақыт ішінде қылмыстылыққа әсер ету мүмкіндігі туралы болашақтағы жағдай туралы бағдарлау болып табылады. Н.Ф. Кузнецованың пікірі бойынша, криминологиялық болжауда мыналарды зерттеген жөн:

- қылмыстылыққа тұрақты және қарқынды әсер ететін әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен тенденциясын сипаттайтын 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер; болжау кезеңіне осы жағдайлар мен тенденциялардың болуы мүмкін өзгерістері туралы деректер; қылмыстылықтың деңгейі, құрылымы, динамикасын, сондай-ақ қылмыскерлердің түрлері мен контингенттері, аумақтық бөлінуі, қол сұғу объектілері бойынша 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер; аталған кезеңде қылмыстың алдын алу шаралары мен қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану практикасының құрылымын, көлемін, тенденцияларын сипаттайтын таңдау зерттеулерінің деректері мен нәтижелері; алдыңғы 1-3 жылдармен салыстырмалы түрде болжауды дайындау барысындағы қоғамдық пікірдің жағдайы мен тенденциялары туралы деректер; жаңа қылмыстар, қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен әдістері туралы деректер; аумақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы деректер; қылмыстылықтың жағдайы және онымен аралас аумақтар мен тетелес мемлекеттерде болжау туралы ақпараттар

Криминологиялық болжаулардың әдiстерi және болжау түрлерi. Криминологиялық болжау – қылмыстылық және оның детерминанттарының жағдайы, белгілі бір уақыт ішінде қылмыстылыққа әсер ету мүмкіндігі туралы болашақтағы жағдай туралы бағдарлау болып табылады. Н.Ф. Кузнецованың пікірі бойынша, криминологиялық болжауда мыналарды зерттеген жөн: қылмыстылыққа тұрақты және қарқынды әсер ететін әлеуметтік үрдістердің жағдайы мен тенденциясын сипаттайтын 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер; болжау кезеңіне осы жағдайлар мен тенденциялардың болуы мүмкін өзгерістері туралы деректер; қылмыстылықтың деңгейі, құрылымы, динамикасын, сондай-ақ қылмыскерлердің түрлері мен контингенттері, аумақтық бөлінуі, қол сұғу объектілері бойынша 10 жылдан кем емес таңдаулы зерттеулердің нәтижелері мен статистикалық деректер; аталған кезеңде қылмыстың алдын алу шаралары мен қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану практикасының құрылымын, көлемін, тенденцияларын сипаттайтын таңдау зерттеулерінің деректері мен нәтижелері; алдыңғы 1-3 жылдармен салыстырмалы түрде болжауды дайындау барысындағы қоғамдық пікірдің жағдайы мен тенденциялары туралы деректер; жаңа қылмыстар, қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен әдістері туралы деректер; аумақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы деректер; қылмыстылықтың жағдайы және онымен аралас аумақтар мен тетелес мемлекеттерде болжау туралы ақпараттар Болжаудың түрлері қылмыстылықтың іс жүзіндегі дамуын сипаттайтын көрсеткіштерді орнату және т.б.; басым жоспарларды жетілдіру үшін елеулі әсері бар барлық мән-жайларды анықтау; құрылымдық бөлігі ретінде құқыққорғау органдарының оптималды дамуына бағытталған қылмыстылыққа қарсы күрестің жалпы концепциясын шығару; болашақтағы қылмыстылықтың деңгейі, құрамы және динамикасында болу мүмкін өзгерістерді анықтау; осы өзгерістерге жол ашатын мән-жайларды анықтау.

Криминологиялық жоспарлар ұғымы және мақсаты. Криминологиялық жоспарлау (бағдарлама жасау) қылмыстылыққа қарсы мақсаттар мен міндеттер негіздерінде оларды шешудің нормативтік, ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету жолдары мен құралдары көрсетілетін жоспар құру бойынша мақсатты бағытталған үрдісті құрайды. Криминологиялық жоспарлар басқару құжат-жоспарлар нысанында жүзеге асырылады және келесі түрлерге бөлінеді: деңгейі мен көлемі бойынша: аумақтық, жергілікті және жеке объектідегі; жоспарды бекітетін билік органы бойынша; қатысушыларының құрамы мен олардың ролі бойынша: ведомствоаралық және ведомстволық; бағытталуы бойынша: аумақтық және салалық; пәні бойынша: жалпы қылмыстылықпен немесе қылмыстардың жеке түрлерін қамтамасыз ететін; мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Криминологиялық жоспарлау базасы қылмыстылық үрдістеріне, оған қарсы күреске әсер ететін қылмыстылық туралы берілген болжау болып табылады. Сонымен бірге, жоспар құрушылар қылмыстың даму тенденциялары мен басқа да мән-жайларын бағалайды. Бағдарламалар қылмыспен күресті басқарудың стратегиялық деңгейінде жасалады. Олар белгілі бір мерзімде міндеттер мен мақсаттарды қарастырады және арнайы деңгейдегі басқа да мақсаттардың алдындағы басымдылықтармен байланысын, қылмыспен күресу субъектілері мен құралдарын анықтайды. Ал, жоспарлар қылмыстылықпен күресу субъектілерінің міндеттерін, бағыттарын, қызметтерін, осы күрестің ұйымдастырылуын нақтылап, нақты іс-шараларды, жауапты орындаушыларды, реттілікті және мерзімдерді қарастырады. Кешенді және ведомствоаралық криминологиялық жоспарлау белгілі бір аумақта, белгілі бір әлеуметтік өмір саласында, халық шаруашылығы саласында қылмыстылықпен күрестің кешенді мақсаттары мен міндеттерін жетілдіруді қамтиды. Оның негізгі мақсаты түрлі қылмыстылықпен күресу субъектілерін біріктіру және оларды тиімдірек шаралар қолдануға бағыттау болып табылады. Ведомстволық жоспарлау тиісті ведомство, органға жататын қылмыстылықпен күресуге қатысушылардың міндеттері мен мақсаттарын дайындаудан тұрады. Ведомстволық криминологиялық жоспарлауды өз құзіреттері мен міндеттері шегінде ішкі істер органдары, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік органдары, басқа да қылмыспен күресу органдары жүзеге асырады. Криминологиялық зерттеулердi ұйымдастыру. Криминологиялық зерттеу – бұл қылмыстылық ретінде кешенді теріс әлеуметтік үрдістің даму заңдылықтарын және заңдарды тану мен оқу, оның пайда болуы және даму себептері мен жағдайларын, осы үрдістегі қылмыскер тұлғасының орны мен ролі, құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескертуде оңтайлы шешімдер қабылдау болып табылады.Қылмыстылықты зерттеу және онымен күресу шаралары 3 сатыдан тұрады: дайындық – ғылыми гипотезаны орнату, зерттеу бағыттарын жетілдіру; жұмыстық – құралдарды жетілдіру, сынау, мәліметтерді жинау және т.б.; қорытынды – қорытынды жасау, есептер құрастыру, тәжірибеге зерттеу нәтижелерін енгізу. Зерттеу операцияларын өткізу кезектілігі: жалпы міндетті орнату; бағдарлама құрастыру – гипотезаны құрастыру, зерттеудің негізгі бағыттарын анықтау; зерттеу әдістерін анықтау – қандай ақпарат қажетті, оны алу тәсілдері, ақ парат көлемін анықтау және бағалау; жұмыс жоспарын құрастыру; құралдарды өңдеу - сауалнамаларды, жауап алу қағаздарын, сұхбат бланкілерін және т.б. дайындау; әдістемені нақтылау (тексеру);ақпарат жинау – бақылау, сұрау, құжаттармен танысу және т.б.; алынған ақпаратты статистикалық өңдеу;зерттеу нәтижелері бойынша қорытындыларды құрау және нақты ережелерді өңдеу, оларды тәжірибеге енгізу. Криминологиялық зерттеулердің ең маңызды сатыларының бірі – зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу болып табылады. Енгізудің нысандары: әлеуметтік даму, қылмыстылықтың және басқа да құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жоспарларын дайындау, қылмыстылықпен күресте республикалық және аумақтық бағдарламалар және құқыққорғау органдарының қылмыстылықпен күрестегі жұмыс жоспарларын дайындауы; қылмыстылыққа қарсы әрекеттердің көкейтесті мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді және басқа да басқару құжаттарын дайындау; аналитикалық анықтамаларды, баяндама қолхаттарды, әдістемелік жазбаларды дайындау; оқу үрдісінде ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлар өткізу арқылы зерттеу нәтижелерін қолдану; қылмысқа қарсы тұру бойынша құралдар мен әдістер қызметін жетілдіруді көздейтін нысандарды, ғылыми ұсыныстарды дайындау.

Криминологиялық зерттеулердiң мақсаттары. Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады. абстрактiден нақтығa көтерiлу; жорамал; жүйелiк-құрылымдық талдама (жүйелiк амал); тарихи әдic; салыстыру; динамикалық және статистикалық әдiстер. 1.Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң теориялық даярлығының белгiлi бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды, теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi. 2 Жорамал. Ал iздестiру бағытын көрсетедi, зерттеушi наза­рын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi. Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен сипатталуы керек. 3 Жүйелік амал. Бұл әдiс саны белгiлi өзара байланысты элементтердi қамтитын белгiлi бiр құрылымы бар белгiлi бiр күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олар­дың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара бай­ланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан. 4 .Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыс­та зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасаған­на, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады. Қылмыскерлiктiнң аймақrық ерекшелiктерiн зерттегенде тарихи салыстырмалы-тарихи әдiс алынады. 5 Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр аймақтарындағы қылмыскерлiк, жынысы, жасы және әлеуметтiк жағдайы және т.б. әр түрлi адамдардың қылмыскерлiгi салыстырылады. Ұқсастық әдiсi қолданылғанда кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталадыАйырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. 6.Динамикалық және статистикалық әдісте криминология­қ зерттеулерде кеңінен қолданылады. Әcipece, қылмыскерлiкте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистика­лық әдic кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистика­лық әдiстер әр түрлi бiлiм бередi. Динамикалық заңдылықтар дегенiмiз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептiк байланыс­тарды aнықтауға алып келедi.

Куш қолдану қылмыскерiнiң тұлғасы. дегеніміз әрекетінде сыртқы белгілермен бірге қылмыстық мінез-құлықтық сипаты біріккен жағымсыз әлеуметтік қасиеттердің жиынтығымен сипатталатын қоғамға қарсы бағыты көрінетін қылмыс жасаған тұлға.Аталған анықтамада қылмыскер тұлғасы түсінігінің жалпы әлеуметтік және қылмыстық құқықтық мазмұнның арасындағы қарым-қатынасы көрінеді.Әрбір тұлға әлеуметтік мәнді қасиеттердің, тұрмыс және қоғамның рухани жағдайының жеке көрінісі болып табылады.Қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қылмыскер тұлғасы туралы ол тек сот кінәлі деп тапқан қылмыс жасаған кезде ғана айтуға болады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына: биофизиологиялық, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық және адамгершілік, әлеуметтік-рольдік, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер жатады. Биофизиологиялық белгілер - бұл жас, жыныс, денсаулық жағдайы, дене конституциясының ерекшеліктері, жүйке жүйесінің табиғи қасиеттері және т.б. Адамның биологиялық табиғаты – жеке тұлғаның пайда болуы және қайталанбайтындығын білдіретін даралығының қажетті жағдайлары. Адамдардың кейбір психологиялық мінездемесі генетикалық сипатта болады. Жеке тұлғаның генетикалық ерекшеліктері мен психофизиологиялық мүмкіндіктеріне оның қоршаған ортадан алған әсері, өмірдің нақты жағдайларындағы тәрбие және т.б. әрекеттерге байланысты болып табылады.

Қоршаған ортаның жағымсыз құбылыстарына қарсы тұрудың белсенділігін сипаттайтын генетикалық шартты дәрежесінің маңызы зор. Әлеуметтік-демографиялық белгілер – жас, жыныс, білім, әлеуметтік жағдайы, қызмет түрі, ұлттық және кәсіби белгілері, қала немесе ауылдық тұрғынға жатуы сияқты сипаттамалардан тұрады. Қылмыскердің жастық сипаты криминогенді белсенділіктің дәрежесі мен қылмыстық мінез-құлықтың ерекшеліктері туралы болжауға мүмкіндік береді. Білім алу және интеллектуалды деңгейі қылмыс сипатын анықтайды.Ең криминогенді әлеуметтік топ қоғамдық пайдалы іспен айналыспайтын тұлғалар болып табылады: олар барлық қылмыскерлердің үштен бір бөлігін құрайды.

Отбасы жағдайы, материалдық қамтамасыз етілу деңгейі және тұрғын жайы туралы деректердің маңызы зор. Қылмыскер тұлғасының құрылымында оның психологиялық және адамгершілік қасиеттерінің мәні үлкен. Бұл белгілер адамның ішкі мазмұнын – оның дүниетанымдық және адамгершілік белгілері мен қасиеттерін тануға көмектеседі. Дүниетанымдық тұрғы тұлғаның жалпы бағытын, оның мақсаттылығын анықтап, оның барлық әрекеттері мен дағдыларына әсерін тигізеді. Қылмыскер тұлғасының сипаттамасын оның интеллектуалдық, еріктілік және эмоциялық белгілері толықтырады. Интеллектуалдық белгілерге ақыл-ойының даму деңгейі, білімі, өмірлік тәжірибесі жатады. Эмоциялық белгілер жүйке процестерінің күші, тұрақтылығы, сезім динамикасы, эмоциялық қозуы және қоршаған ортаның құбылыстарына басқа да жауап беру белгілерінен тұрады. Еріктілік қасиеттер – қабылданған шешімді орындап, жүзеге асыра білу қабілеттігі, өзінің қызметін реттей білу, тұрақтылы, нақтылық және басқа белгілерден көрінеді.

Тұлғаның әлеуметтік ролі мен әлеуметтік мәртебесі де оның тұлғасын сипаттауда маңызды болып табылады. Әлеуметтік роль дегеніміз тұлғаның қоршаған ортасына байланысты және сол ортадағы орнына байланысты орындайтын нақты әлеуметтік қызметтері болып табылады. Әлеуметтік роль адамның әлеуметтік мәртебесімен және оның құқықтары және міндеттерімен байланысты. Әлеуметтік мәртебесіне сәйкес адамнан белгілі өзіне тән бір мінез-құлық күтіледі. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер - криминологияда басты рөлдердің бірін ойнайды. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілер тұлғаның әлеуметтік деформациясының дәрежесін, қылмыскердің елеулі белгілерін атауға мүмкіндік беретін оның ерекше қасиеттерінің дәрежесін анықтайды.

Күш қолдану қылмыстарының алдын-алу жүйесi. – бұл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын табу, жою немесе бейтараптау, сонымен бірге, қылмыс жасауға бейім тұлғаларға жағымды әсер ету бойынша әлеуметтік-құқықтық қызметі. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу қылмыстылыққа қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қанша айтқанмен, қылмыстың алдын алуға бағытталған қызмет, бірінші кезекте жоғары білікті кадрлармен, материалды және техникалық құралдармен, арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етеді. Алдын алу жұмыстарының ең елеулі кемшілігі көп жағдайларда оның формальдылығы болып табылады. Көбінесе, ол жеке алдын алуларға қатысты. Осы қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі толық жетілдірілмеген. Көп жағдайда аталған кемшіліктердің салдары қызметкерлердің өз еріктері бойынша шешім қабылдауына әкеп соғады, яғни, осының өзі алдын алуның тиімділігін жоққа шығарады. Жеке алдын алуның құқықтық негіздері, оның өткізілу көлемі мен шекаралары да толық анықталмаған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу – бұл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын табу, жою немесе бейтараптау, сонымен бірге, қылмыс жасауға бейім тұлғаларға жағымды әсер ету бойынша әлеуметтік-құқықтық қызметі. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу қылмыстылыққа қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қанша айтқанмен, қылмыстың алдын алуға бағытталған қызмет, бірінші кезекте жоғары білікті кадрлармен, материалды және техникалық құралдармен, арнайы техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді талап етеді. Алдын алу жұмыстарының ең елеулі кемшілігі көп жағдайларда оның формальдылығы болып табылады. Көбінесе, ол жеке алдын алуларға қатысты. Осы қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі толық жетілдірілмеген. Көп жағдайда аталған кемшіліктердің салдары қызметкерлердің өз еріктері бойынша шешім қабылдауына әкеп соғады, яғни, осының өзі алдын алуның тиімділігін жоққа шығарады. Жеке алдын алуның құқықтық негіздері, оның өткізілу көлемі мен шекаралары да толық анықталмаған.

Күш қолдану қылмыстарының себептерi және жағдайы. Қылмыстылықтың себептері - бұл қылмыстылық пен қылмыстарды түпкі нәтижесінде заңды түрде пайда болдыратын әлеуметтік-психиолгиялық детерминанттар. Қылмыстылық жағдайлары – бұл өздері қылмыстылық тудыра алмайтын, бірақ оның тууына белгілі бір жолдармен әсер ететін құбылыстар кешені. Қылмыстылық жағдайлары үш негізгі топқа бөлінеді: көмектесуші жағдайлар (оқиға, құбылыс, уақыт және орын жағдайларының негізін құрайды);қажетті жағдайлар (мұндай жағдайларсыз оқиға болмауы да мүмкін); жеткілікті жағдайлар (барлық қажетті жағдайлардың жиынтығы). Детерминация түрлері. Құбылыстардың өзара қатынас түрлерінің барлығы детерминизм деп аталады. Бұл жерде себептіліктің өзі детерминизмнің бір түрі болып табылады. Уақыт байланысы – «ерте немесе кеш» принципі бойынша құбылыстарды бағалайды. Кеңістіктегі байланыс – белгілі бір қылмыстардың территория бойынша таралуы, яғни қылмыстардың географиялық, этникалық және т.с.с. түрлерін білдіреді. Жағдайлардың байланысы – қылмыстың жеке түрінің жағдайы өзгерген кезде оның құрылымы да өзгереді дегенді білдіреді. Қызметтік (функционалды) байланыс – екі өлшемнің математикалық тәуелділігін көрсетеді. Біріншісі өзгерсе, екіншісі міндетті түрде өзгереді. Корреляция – белгілі бір фактордың өсуі немесе кемуі бойынша бір жаққа өзгеруі екінші факторлар қатарында міндетті түрде өзгеріс тудыратын жалпылама жүйелердегі көп факторлы байланыстар. Мәселен, мемлекеттегі экономиканың әлсіреуі белгілі бір деңгейде осы жердегі қылмыстардың көбеюіне әсер етеді. 2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеу Қылмыстылықтың көптүрлілігі және оның қоғам өмірінің сан-қилы салаларымен байланысы ондағы себептерді жіктеуді қажет етеді. Классификациялық белгілерді дұрыс таңдаудың маңызды ғылыми және тәжірибелік мәні бар. Криминологиялық әдебиеттерде қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жіктеудің келесі негіздері бар: себептер; жағдайлар;криминогенді факторлар. Қылмыс себептері мен жағдайлары келесі критерилер бойынша жіктеледі: 1. Қылмыстың деңгейі бойынша: қылмыстылық; қылмыстың түрлеріне байланысты (қылмыстылық категориялары мен топтары); жеке қылмыстар. 2. Мазмұны бойынша: әлеуметтік-экономикалық;саяси; әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық;тәрбиелік; құқықтық; ұйымдастыру-басқарушылық. 3. Пайда болу табиғатына қарай: объективті;объективті және субъективті;субъективті. 4. Қылмыс оқиғасына жақын болуына қарай: жақын және алыс;тікелей және орталықтандырылған;қоғамымыздың ішкі қайшылықтарымен байланысты ішкі детерминанттар; халықаралық сипаттағы сыртқы детерминанттар

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтағы тенденциялар. Қазіргі таңда ҚР аса өзекті қылмыстық тенденцияларға ұрлық, тонау,зорлық, сыбайлас жемқорлық, халықаралық террористік актілер, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстылық тенденциясының өсуде.2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тiркелдi, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңiне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейi 75-тен 82-ге дейiн өскен.Қылмыстылықтың, оның iшiнде ауыр және аса ауыр түрлерiнiң өсу үрдiсiн азайтуға, кiсi өлтiрудiң, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудiң, қарақшылық шабуылдың санын қысқартуға, топтық және жасөспiрiмдер қылмысының деңгейiн төмендетуге қол жеткенiне қарамастан, 2009 жылдың көрсеткiштерiмен салыстырғанда 2010 жылы: тонау саны 17,4%-ға көбейдi; бөтеннiң мүлкiн ұрлау 25,0%-ға, оның iшiнде пәтерлерден 39,8%-ға, мал ұрлау 12,5%-ға көбейдi; ұрлық саны 14,9%-ға және автомашиналарды айдап әкету 14,8%-ға көбейдi; қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 41,5%-ға, оның iшiнде көшелерде 37,6%-ға өстi; қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар саны 24,3%-ға өстi;жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқушылары жасаған қылмыстар саны 12,3%-ға өстi; бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстар саны 3,7%-ға өстi; алкогольге және есiрткiге мас күйде жасаған қылмыстар саны 32,1%-ға өстi; есiрткi заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар 14,8%-ға төмен анықталған. Құқық бұзушылық профилактикасының әдiстерiн жетiлдiру,қылмыстардың және құқық бұзушылықтың деңгейiн төмендету,азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.Баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн күшейту. Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру; Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдiк пен алкоголизмнiң профилактикасы;Есiрткi қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы Қылмыстың қайталануының профилактикасы;Қоғамдық орындар мен көшелердегi қылмыстың деңгейiн төмендету;Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы,Көшi-қон саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы;Мүлiктiк қылмыстарға қарсы iс-әрекет;қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесiн құру; Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық нормативтiк құқықтық базаларды жетiлдiру; Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; Құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселесi бойынша кадрларды дайындау және оларды бiлiктiлiгiн арттыру.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 141 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)