Читайте также:
|
|
Негізгі әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясы, 1995ж.
2. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 30.01.2001ж.
3. Баянов Е. ҚР Әкімшілік құқығы, Алматы, 2007ж.
4. Административное право зарубежных стран. Учебное пособие / ред. Козырин А.Н. – М., Спарк, 1996 -229с. – Фонд Сорос – Казахстан.
5. Ибрагимов Х.Ю. Административное право РК. Учебное пособие, Алматы; Данекер. 2000г.
6. Жетписбаев Б. Административная ответственность в РК. Учебник Алматы, Данекер, 2000г.
Қосымша әдебиеттер және Интернет – көздері:
1. Бахрах Д.Н. Административное право Российской Федерации. Учебник, М. 1993г.
2. Жетписбаев Б.А. Административное право. (электронный ресурс) Учебник / Алматы, Юрид.лит., 2003. электронная литература.
3. Жетписбаев Б.А. Административный процесс. (электронный ресурс) Учебник / Алматы, Юрид.лит., 2004. электронная литература.
4. О.Қ.Ақымбеков, М.А.Алпысбаева. Әкімшілік құқық.(оқу құралы). Алматы, 2003ж.
5. В.Григорьев, Қ.Тоқтабаева; ҚР Әкімшілік құқығы; Астана 2008
6. С.Б.Болатбекұлы, Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер, Алматы,2004ж.
7. Административная юстиция в новых европейских демократиях: Практические исследования в сфере адм. Права и процесса в Болгарии, эстонии, Венгрии, Польше и Украине / ред. Галлиган Д.Д. – Киев; АртЭк; Будапешт: ОСИ/КОЛПИ, 1999. – 687с.
8. Таранов А.А. ҚР Әкімшілік құқығы.Оқулық. Алматы, 2003ж.
9. www. mingust. kz.
10. www.zakon.kz.
11. Шергин А.П., Татарян В.Г., Омаров И.А. Актуальные проблемы административно-деликтного права и законодательства. //Конституция Республики Казахстан и проблемы ее реализации в текущем законодательстве: сборник научных трудов. - Караганда: КВШ КНБ РК, 1998. – С.84-91
12. Бахрах Д.Н. О предмете административного права России. //Государство и право. – 2003. – 10.- С.31-38
13. Бурков А.Л. Могут ли акты правосудия быть источниками административного права. //Арбитражный и гражданский процесс. – 2003.- 5. – С.31-34.
14. Савостин А.А. Сравнительная характеристика административно-правового метода с иными методами регулирования общественных отношений. //Юрист. – 2002. – С.49-50.
15. Таранов А.А., Таранов Д.А. Актуальные проблемы административного права. //Юрист.(Каз.) – 2004. – 2. – С.38-43.
16. Шакирьянов В.В. Создание административных судов как способ защиты интересов. //Российская судья. – 2003. – 7. - С.16-18.
17. Баранова Ж.С. Вопросы дисциплинарной ответственности государственных служащих с различным правовым статусом. //Правотворческая деятельность РК. История и современность: Сб.научн.трудов. – Караганда. - 2001. – С.124-143.
18. Лучшие реформы по административному праву. /Сост.А.В.Брети. Ростов н/Д: Феникс, 2002. – 256.
19. Воложанин В.П. Реализация судебных решений посредством административных актов и действий. //Арбитражный и гражданский процесс. – 2003. – 8. – С.39.
20. Жатканбаева А.Е. О некоторых проблемах административно-правового обеспечения прав и свобод человека и гражданина. //Вестник КазНУ им.Аль-Фараби. Серия юридическая. – 2003. – 2. – С.58-60.
21. Институты административного права (третьи: «Лазаревские чтения»). //Государство и право. –2000. – 10. – С.5-26.
22. Килясханов И.Ш. Предмет административного права и актуальные проблемы структурного построения курса. //Вестник Московского Университета МВД России. –2004. – 1. – С.105-111.
23. Килясханов И.Ш. К вопросу о предмете и структуре курса административного права России. //Юридическое образование и наука. – 2003. – 2. – С.12-13.
24. Князев С.Д. Административно-правовой статус российских граждан: структура, состояние, совершенствование. //Юрист. – 2003. – 12. – С.26-29.
25. Куракин А.В. Иностранные граждане и лица без гражданства как субъекты административного права России. //Государство и право. – 2001. – 6. –С.25-34.
26. Машаров И.М. Административная деятельность как объект административно-правового регулирования. //Государственная власть и местное самоуправление. – 2004. – 1. – С.33-35.
27. Омаров И.А. О предмете административного права. //Научные труды Карагандинского юридического института МВД РК. Вып.4. – Караганда, 2000. – С.13-17.
28. Старилов Ю.Н. О сущности и новой системе административного права: некоторые итоги дискуссии. //Государство и право. – 2000. – 5. – С.12-21.
29. Таранов А.А. Актуальные проблемы административного права. //Юрист (Каз.). – 2004. – 2. – С.38-43.
30. Козлов Ю.М., Попов Л.Л. Административное право. //Государство и право. – 2000. – 2. – С.116-118.
31. Аманжолова Б. О некоторых проблемных понятиях понятии государственной службы. //Правовые реформы в Казахстане. – 2003. – 3. – С.37-38.
32. Атаманчук Г.В. Сущность государственной службы: история, закон, право:Монография. – М.: Издательство РАГС, 2002 – 272.
33. Байменов А.М. Государственная служба: международный опыт. Казахстанская модель. Астана: Фолиант, 2000. – 152.
34. Ишмухамедова А.К. Правовые основы классификации должностей государственных служащих РК.: Автореферат диссертаций на соискание. – Алматы. – 2002. – 28 с.
35. Административная ответственность и проблемы административного права. (Четвертое: «Лазаревские чтения». К 70-летию Б.М.Лазарева). //Государство и право. – 2000. – 10. С.13-42.
36. Байжанова А. Общие принципы наложения административных взысканий. //Правовые обеспечения суверенитета Республики Казахстан: вопросы теории и практики: Материалы международной научно-практической конференции (г.Астана, 23.10.2000 г.), Алматы, 2001. – С. 109-113.
37. Бахралинов А.С. Особенности административной ответственности несовершеннолетних. //Воплощение в жизнь национальной идеи и Государственная независимость РК, посвященной 10-л. Конституционного закона «О государственной независимости». Алматы, 2002. – С.72-77. (Здесь же Жетписбаев Б.А. Система административных взысканий).
38. Бельский К.С. Административная ответственность: генезис, основные признаки, структура. //Государство и право. – 1999. – 12. – С.12-20.
39. Бутырин С. Административная ответственность за контрабанду. //Законность. – 2004. – 3. – С.14-17.
40. Горбачева О.В. Административная ответственность за невыполнения требований антимонопольного органа. //Арбитражный и гражданский процесс. – 2004. – 2. – С.27-30.
41. Григорьев В.И. Административная ответственность за нарушения налоглвого законодательства РК. Алматы: Қаржы қаражат., 1997. – 84.
42. Дракина М.Н. Вопросы привлечения к административной ответственности за нарушения валютного законодательства. //Банковское право. – 2004. – 1. – С.50-57.
43. Дугенец А.С. Обстоятельства, смягчающие и отягчающие административную ответственность. //Научные труды Российской Академии юридических наук. Вып.1. Т.1. /ред.кол.: В.Д.Превалова, А.Я.Капустина и др. М.: ИГ Юрист, 2001. – С.168-175.
44. Жумагулов М.И. Об административной ответственности за мелкое хищение (вопросы теории и практики). //Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, Сер.юр. – 2002. – 3. – С.92-95.
45. Иванов Л. Административная ответственность юридических лиц. //Закон. – 1998. – 9.- С.88-91.
46. Ли Ю.В. Некоторые аспекты правоприменения в сфере налогооблажения и административная ответственность. //Юрист (Каз). – 2004. – 2. – С.44-47.
47. Лысенко В.В., Швечков С.А. История становления института административной ответственности. //История государства и права. – 2003. – 5. – С.52-57.
48. Студенкина М. Административная ответственность должностных лиц. //Закон. 1998. 9.
49. Тагибаев Т.Д. Содержание мер административной ответственности, применяемые к юридическим лицам. //Актуальные проблемы гражданского права. Вып.ІІ. Т.: Материалы ежегодной республиканской научно-практич. конф. аспирантов и соискателей. Алматы, 21-22.02.2002 г. – Алматы, 2002. - С.43-47.
50. Турло О.Н. Проблемы административной ответственности за нарушения антимонопольного законодательства. //Право и государство. – 2003. – 3. – С.20-23.
51. Хаменушко И., Шеленков С. Привлечение к административной ответственности за нарушения валютного законодательства: новеллы и возможные проблемы правоприменения. //Юрист. – 2002. – 4. – С.47-50.
52. Махров И., Борисов А. Административная ответственность за правонарушения в области производства и оборота алкогольной продукции. //Право и экономика: электронная версия журнала. – 2002. – Вып.2., январь 2001. – июнь 2002.
53. Липинский Д.А. Несогласованность кодекса об административных правонарушениях. //Юрист. – 2003. – 7. – С.30-33
ГЛОССАРИЙ
Әкімшілік құқық ғылымы – Қазақстанның құқық ғылымының құрамдас элементі, әкімшілік құқық саласы және оның реттейтін пәні туралы ғылыми көзқарастар мен түсініктердің, білім мен теориялық ережелердің жүйесі.
Әкімшілік құқық ғылымының пәні – мемлекеттік басқарудың дамуы мен қызмет етуінің ең жалпы заңдылықтары болып табылады. Ол мемлекеттік басқарудың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылығын, ондағы санаттар мен ұғымдар жүйесін, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін, әкімшілік құқықтық заңнамаларды, әкімшілік құқық субъектілерінің құқық қолдану тәжірибесін, сондай-ақ әкімшілік құқықты жетілдіру мен дамыту туралы болжамдар мен ұсыныстарды қамтиды.
Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің жеке саласы ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар мемлекеттік басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар.Мұндай қатынастарды басқарушылық қатынастары деп те атайды.
Әкімшілік құқық саласы – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері: - әкімшілік құқық ҚР құқығының негізгі, жариялы салаларының бірі;- әкімшілік құқықтың өзінің реттейтін пәні бар, сол арқылы ол басқа құқық салаларынан ажыратылады.- әкімшілік құқық өзінің құқықтық реттеу әдістеріне ие.- әкімшілік құқық ішкі ұйымдастырушылық құрылымына ие.- нормативтік базасына, яғни қайнар көздеріне ие.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танылатын азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән - әкімшілік құқық пәні болып табылады.
Әкімшілік (администрация) сөзі латын тілінен аударғанда –«басқару» деген мағына береді, сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды.
Әкімшілік құқықтың мақсат-міндеттері: - қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.
- атқарушылық билікті демократиялық тұрғыда ұйымдастыру.- азаматтар мен қоғамды атқарушы биліктің біржақты біржақты озбырлығынан қорғау.- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.- конституция талаптарына және қоғамдық даму заңдылықтарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қорғау.- басқару саласындағы қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес қатынастарды ығыстыру.- әкімшілік нормалармен өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік құқықтың басты мақсаты – мемлекеттік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау.
Әкімшілік құқықтық әдістер - әкімшілік құқықтық қатынасқа ықпал ететін тәсілдердің, амалдардың, құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеу әдістеріне: рұқсат ету, тыйым салу, міндет жүктеу әдістері жатады. Рұқсат ету – адамдардың өздерінің белсенді әрекетін жасауға құқық береді. Тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап етеді. Міндет жүктеу – адамдарға олардың тиісті мінез-құлық көрсету міндетін жүктейді.
Әкімшілік құқықтық әдістерге: императивті, диспозитивті, көтермелеу, ұсыныс жасау жатады. Императивті әдіс – құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету әдісі.
Диспозитивті әдіс – субъектілерге өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін әдіс.
Көтермелеу әдісі – мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі.
Ұсыныс жасау – басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
Әкімшілік құқықтың жүйесі – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.
Нормативтік құқықтық акт – референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе тоқтатын, белгіленген нысандағы нормативті құжат.
Әкімшілік шарт дегеніміз – екі не одан да көп субъектілер арасындағы келісім, оның ережелері тек сол субъектілер үшін ғана міндетті болады.
Әкімшілік прецедент дегеніміз – әкімшілік нақты іс бойынша қабылданған шешімінің осыған ұқсас істерді қарауда, шешуде қолданылуы. Бұл англосаксондық құқықтық жүйедегі елдерде кең тараған, Қазақстанның құқықтық жүйесіне құқықтың бұл қайнар көзі тән емес.
Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - қоғамда мемлекеттік биліктен тәуелсіз қалыптасқан және көп қайталануының нәтижесінде адамдардың санасына бекіп қалған ережелер.
Ғылыми құқықтық доктрина – құқықтың қандай да бір саласында немесе жалпы құқықта қалыптасқан арнайы пікірлердің, ережелердің және принциптердің көпшілік мойындаған жүйесі.
Әкімшілік құқықтық нормалар – мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.
Әкімшілік құқықтық нормалардың міндеттері: -мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.
Әкімшілік құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі. Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады: - гипотеза;- диспозиция; - санкция;
Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты.
Диспозиция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесінің мазмұны.
Санкция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара.
Материалдық нормалар – азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).
Процессуалды нормалар – мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады.
Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Міндеттеуші әкімшілік-құқықтық нормалар – тұлғаның белгілі бір ережелерді орындауын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды, тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171-бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады)
Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар – норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.Тыйым салудың екі түрі бар: а) жай тыйым салу;б) арнайы тыйым салу.
Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегеніміз – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілерімен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
Уәкілдік беруші нормалар – субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек.
Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз – мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілері бар
Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мынадай 3 элементтен тұрады:- әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі. - әкімшілік құқықтық қатынас объектісі. - заңды маңызы бар айғақтар (заңды фактілер)
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.
Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар. Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет. Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар. Мысалы: адамның туылуы, белгілі бір жасқа толуы; жер сілкінісі, су тасқыны,т.б. Іс-әрекет адамдардың еркімен байланысты. Іс-әрекет заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.
Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.
Құқықтың функциялары бойынша – реттейтін және қорғайтын.
Заңды фактілерінің сипаты бойынша – заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.
Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық қатынастар мен нормалар болмаса қоғамның дамуы мүмкін емес, өйткені әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттікке ие болып қоймастан, сонымен бірге әкімшілік құүқық субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады.
Мемлекеттік басқару әдісі – бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы);
- тиісті объектіге арналған;
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.
Субординация – төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.
Координация – орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав