Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АҚындыҚтыҢ азабы мен Ғажабы немесе депрессия-1

Читайте также:
  1. Кімшілік жуаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән жайлар.
  2. ЛОР-СТАТУС НЕМЕСЕ ЛОР – АҒЗАЛАРЫН ҚАРАУ
  3. Оқу әдебиеттері және / немесе электрондық материалдар

Өлең жазбай асыр салған бал шағым,
...еске түсіп, бал шағымды аңсадым.
Адам құрлы Өмір сүрмей келемін
...Ақындықтың азабынан шаршадым.

Айырмам не, Абай айтқан "тобырдан"
Сайқал сайтан кетпей қойды жолымнан
Өзімше ұйқас...
Өзімше өлең жазамын,
Одан басқа түк келмейді қолымнан.

Ей, Қара Өлең?!
Айтқандарым дұрыс па?
...ет үйренді -ау анау- мынау сыбысқа
Ұйқы қанық. Үй тазалап қоямын
Сүйген жарым кеткен кезде жұмысқа.

Өлең жазып өштім бе әлде жандым ба,
Өлең- бұлақ...

Шөлдедім бе, қандым ба?
Еркек- биік, әйел-төмен дей ме осы?
...мен төменмін сол әйелдің алдында.

Ақындық ол -басқа дүние, басқа әлем
Сезінгесін мына әлемді тастап ем.
...не ұттым ал?!
Қалтамда көк тиын жоқ,
Ал әйелім кетіп барад басқамен.

Дәрменсіз боп күй кешеді-ау жиі адам
Ей, Ақындық!
Сенен қайтып сый алам?!
(Бармақ тістеп бейшара боп отырмын)
Төмендеген намысымнан ұялам

Қиындыққа һәм азапқа сан шыдап,
Көзден емес, жүректен жас тамшылап
...күн кешемін...
Дәрменсізбін, Жаратқан!
Намысым да өліп барад қансырап.

Үміт қайда, күндерімді"алдаған",
Сенім қайда, таңды таңға жалғаған,
Бәрі өлген...
Қалай, Қайтіп қарманам...
Жан- дүниемді түсінетін, емдейтін
Намысымды "тірілтетін" бар ма адам?

Мынау деген Өкініштің ғазалы,
Жүрек жылап, санам Өлең жазады.
Бұл жалғанда шын бақытты болсам ғой,
Тастап кетші, Ақындықтын азабы!

Жоқ!
Жоқ!
Сорлы адам Өлең жаза алған ба,
Ей, Шабытым?!
Жын- шайтанға алданба,
Сорлы ақынға
Аспан мен Жер таңданба!
...Түк пайда жоқ Ақындықтың ғажабын
Сезінермін о дүниеге барғанда!
Кім білсін...

03.09.2013 жыл.

ЖИІРКЕНІШТІ "СҰЛУ"

Маңдайымды сәтсіздік пен сор басқан,
Күліп жүрмін шын бақытты болмастан,
Басқа жанның етегінен ұстадың
Қасқа жан боп шықпасыншы сол басқаң.
Ойладың ба,
Ақын менің теңім бе,
(Бай адамдар болмад әттең тегімде)
Сол басқаның сыйлап жүрген шаттығын,
Мына байғұс бере алмайды дедің бе??

Өзіңше боп жалғап жүрсің сенімге Ой,
Ал менде ше???
Ақындығым-шенім ғой.
Босап қалған көңіліңді ақша емес,
Өлеңменен толтыратын едім ғой.

Дәулеттімен диуана боп таласам,
Әй,қиқар қыз?
Салып кеттің жара сан.
Сол басқада машина бар дейсің бе...
....мммммм.....
....арқама сап қыдыртамын қаласаң.

Аруым-ай, сенің құның биік тұр,
Сұранарым,қадіріңді жиі ұқтыр.
...сол басқаның машинасы жып-жылы???
...білесің бе,мендік құшақ күйіп тұр.

(Байлық емес,
Жыр қалдырды атамыз,
Жеті атадан сөзге шешен,сақамыз)
....сол басқаның машинасын қайтесің,
Көк шалғында сыр тудырып жатамыз.

Байлық, Ақша адамдарды мезі етсін,
Мезі етерін мендік жүрек сезед(i) шын.
...сол басқада жиһаз толы сарай бар???
...не ғой жаным.....
...ммм...таза ауаға не жетсін.

Шын ғашықты мазақ етіп күледі Ел,
Жырларымнан сырларымды біле бер.
....сол басқа жан ләззат сыйлайд (ы) төсекте?????
СӨЗІҢ ҚҰРСЫН!!!
КЕТШІ. ЖОҒАЛ!!!
ЖҮРЕ БЕР!!!


Тастай салам өр кеудемнен жұлып ап,
Сенсіз жүрек соғатынын ұғынад...
Жарам іштен жазыларын сеземін,
Харам іспен айналыспай жүріп-ақ...

Рахаттанып азап шек сен жатып ап,
Күліп жатыр мазақ қылып атырап,
Көнемін деп арын сатқан БІРЕУГЕ,
Өлемін деп жыр жазған мен АҚЫМАҚ!!!

КЕТШІ БАР.....

06.04.2014 жыл

ДЕПРЕССИЯ-2

Ой үстінде отырамын,
Терезеге телмірем,
Мықтымын деп,Асқақпын деп
Кімді,Қайтіп сендірем,
Суық қала...Жаным-жалғыз...
Жыртық-жыртық Жүрегім,
КІМ БОЛАМЫН
ЕНДІ МЕН......

Уақыт өтті...
Өмір өзі алып барад керегін,
Көп жылдан соң Ел ұмытар
Жоқ боп кетер дерегім,
Қатты-қатты соғып тұрған
Жырым-жырым жүректі,
Қатты-қатты қалап тұрған
Жаратқанға беремін......

Жұбататын ешкімім жоқ...
Онда неге жылайын!?
Жүрек-ісік. Жаным-ісік...
Ақын еткен ғұмырыңды ұрайын!
Демім бітіп,
Әлім құрып,
О дүниеге барғанда,
Жалынамын Рухымды...
Ақын етпеш ҚҰДАЙЫМ!!!

Жүрек-әлсіз....
Шаншып-шаншып соғатын нес құрғырдың,
Бұл жүректі байқаусызда
Қалай,Қайтіп бүлдірдім,
эээххх.......Ақын болып туғандықтан
Депрессияға көп түсем,
Сондықтанда Оқырманым,
Жалғасы бар бұл жырдың......

КҮТІҢІЗДЕР.......
07.02.2014 жыл


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)