Читайте также: |
|
VІ. Мұрын және оның қосалқы қойнаулары: Сыртқы мұрынның түрі (формасы) және оның сыртқы түрінің өзгерістері барма; маңдай және жоғарғы жақсүйек
қойнаулардың бетке қараған қабырғаларының проекция аймақтарында сыртқы өзгерістер бар ма (егер болса, онда қандай). Жоғарғы жақсүйек қойнаулардың алдыңғы қабырғаларын, маңдай қойнауының алдыңғы және төменгі қабырғаларын және үшкіл нервтің І және ІІ тармағының сыртқа шығатын нүктелерін қолмен басып қарау мәліметтерін жүйелеп жазу (егер ауырсыну немесе ісік болса, онда дәл қай жерде және оның жергілікті өзгешелігін анықтап жазып көрсету керек). Мұрын арқылы тыныс алу: оң және сол жақты мақтамен сынап тексеру- емін-еркін (немесе қиын тыныс алу өзгешелігін көрсету); иіс сезу қабілеті - сақталған (немесе қандай дәрежеде бұзылған). Алдыңғы ринокопияда (мұрын кеңейткіш айнасы арқылы қарау) - мұрынның кіреберісі бос, мұрын далдасы ортаңғы сызық бойында, мұрын қуысының сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ылғалды, мұрын жолдары бос, мұрын кеуілжірлері үлкеймеген, мұрын жолдарында шығындылар жоқ (нақтылы патологиялық бөліністерді көрсетіп жазу). Мұрын қосалқы қойнауларының рентгенограммасында қандай өзгерістер барын көрсету (тексерген күнін көрсету керек). Регионарлық (аймақтық) лимфалық түйіндер: жақсүйек асты, иекасты, алдыңғы және артқы мойын лимфалық түйіндерінің жағдайларын қолмен сипап басу мәліметтерін көрсетіп жазу (қолмен сипағанда білінбейді немесе үлкею көлемін, нақ қай түйіндерде, жылжымалығын, ауыратындығын көрсету).
VІІ. Ауыз қуысы: Ауызы еркін ашылады (жақтың қарысуы болса, оны сипаттап жазу). Ерін, қызыл иек, ұрттың ішкі беткі, қатты және жұмсақ тандай сілемейлі қабық жағдайларын қысқаша жазу. Сілекей бездері (құлақ маңы немесе шықшыт безі, жақсүйек асты және тіласты) каналдарының шығу ұрттарының жағдайлары. Тіл (жылжымалығын, ылғалдығын, түсін, ақ үлпек басқан тіл - патологиясын дәл сипаттап көрсету керек). Тіс формуласы.
VІІІ. Жұтқыншақ:
Ауыз-жұтқыншақ: Таңдай доғашықтарының нұсқасы (контуры) қызғылт түсті (немесе мысалға патологиясы: таңдай доғашығының шеттері қызарған, ісінген, қалыңдап-жуандауы, бадамша безімен жабысқан), таңдай бадамша бездерінің ұлғаю көлемі (І ІІ, ІІІ дәрежеде), лакундары кеңеймеген (немесе кеңейген), лакундарында патологиялық шығындылар жоқ (немесе қалақшамен басып казеозды, іріңді тығындарды, қою және сұйық іріңді бөліністерді шығару). Таңдай бадамша безінің беті тегіс (немесе кедір-бұдырлы). Жұтқыншақтың артқы қабырғасы ылғалды (немесе құрғақ), қызғыл түсті, лимфалық бүртікті ұсақ түйіршіктер (гипертрофиясы немесе атрофиясы), жұтыну рефлексі сақталған (патологиясын айқын сипаттау қажет). Мұрын-жұтқыншақ: Мұрын-жұтқыншақтың күмбезі бос, қуыс көлемі (немесе ІІІ-ші бадамша безінің шамадан тыс үлкеюі, І, ІІ, ІІІ дәрежесі), мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ылғалды, хоаналары бос (немесе мұрын кеуілжірлерінің артқы бөлігі жуандаған немесе хоаналды полип барлығын, көлемін көрсету). Есту түтігінің ұрты бос (немесе түтік бадамшасының және бүйір білік тәріздес бездердің үлкейгендігін көрсету). Мұрын-жұтқыншақты саусақ арлықы сипап тексеру мәліметтерін дәл жазу. Көмей-жұтқыншақ: Тіл бадамша безі үлкеймеген, валлекулары (кішкентай қарыншалары) бос, көмей-жұтқыншақтың артқы және бүйір қабырғалары қызғылт түсті, ылғалды, алмұрт тәріздес синустар (қуыстар) дыбыс шығарғанда жақсы ашылады, бос, оларда бөліністер бар ма, жоқ па (патологияны толық жазу). ІХ. Көмей. Регионарлық (аймақтық) лимфалық түйіндер (жақсүйек асты, терең мойын-көмей маңы, кеңірдек маңы) үлкеймеген. Көмейдің формасы дұрыс, қозғалысы пассивті (жәй), шеміршектерінің сықырлау белгілері айқын жетілген. Ларингоскопияда (көмей айнасы арқылы қарау); көмей қақпашығы, ожау шеміршектер аймағы, ожау аралық кеңістіктің және кіреберіс (вестибулалық) қатпарларының сілемейлі қабықтары қызғылт түсті, ылғалды, беті тегіс; дауыс қатпарлары ақшыл-сұрғылт түстес, фонация кезінде қимылы симметриялы, толық жабылады, ішке тыныс алғанда дауыс саңылауы кең, дауыс қатпары асты кеңістігі бос, көмей-қақапашық шеміршегі жапырақ түрінде жайылған. Ашық дыбысты, тыныс алуы еркін. Кеңірдектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі қабығы қызғылт түсті (патология болса толық сипаттап жазу). Х. Құлақ: Нормадағы отоскопиялық көрініс келесі түрде жазылады. Оң құлақ (АД). Құлақ қалқанының формасы (пішіні) дұрыс; емізік тәрізді қосалқы өсіндіні, құлақ қалқанын және түйінді қолдың саусағымен басқанда, тартқанда ауырсынбайды (ауырмайды). Сыртқы есту жолы кең, таза немесе аздаған құлық бар. Дабыл жарғағы көкшіл-сұр түсті. Балғашаның сабы және қысқа өскіні, жарық конусы, алдыңғы және артқы қатпарлар контурлары (нұсқалары) немесе айырым белгілері (тану белгілері) жақсы көрінеді. Мысалы патологияны жазу: Сол құлақ (AS). Құлақ қалқанының пішіні (формасы) дұрыс. Емізік тәрізді қосалқы өсіндіні саусақпен ұрғанда ауырсынады (ауырады), (Левин белгісі). Сыртқы есту жолы тарылған, оның терісі қызарған, есту жолында іріңді бөлініс, артқы жоғарғы қабырғасы салбырап түскен (Шварц белгісі); Дабыл жарғағында - домалақ, сопақша, орташа, шеткі артқы немесе шеткі алдыңғы тесік (перфорация), тесік көлемі 2-3 мм. Дабыл қуысы: патологиялық бөлініс - мөлшері, иісі, грануляциясы, полипі, холестеатома жиынтығы. Рентген тексеріс мәліметтері (тексерген күнін көрсету). Рентгенге түсірілген суретте Шюллер проекциясында аттикті-антральды аймақта сүйектің шіріген қуысы (кариозды) және сол құлақтың емізікше өсіндісінің тығызданып қатаюы (склерозы).
Есту қабілетін сөйлеу және камертонмен тексеру немесе есту паспорты.
(Нормада):
АD 25’’ 60’’ 20’’ + N >6м 6м
WC128 M (25N’’) C128 A (60’’N) C2048 (20’’ N) R Sch V(PP) V(шр)
AS 25’’ 60’’ 20’’ + N >6м 6м
Шартты белгілер: АD-оң құлақ; AS-сол құлақ; W-Вебер сынағы; М-сүйек өткізгіштігі; А-ауа өткізгіштігі; R-Ринне сынағы; Sch-Швабаха сынағы; V-дауыстап сөйлеу; V-сыбырлап сөйлеу; N-камертонның нормадағы дыбыс шығару ұзақтығы.
Қорытынды. «Есту қызметі бұзылмаған» немесе «Дыбыс өткізгіш аппаратты зақымдану түрінде оң жақтағы есту қызметі бұзылғандығының болуы» - (кондуктивті мүкістік) немесе дыбыс қабылдағыш аппараты зақымдану түрінде сол жақтағы есту қызметі бұзылған»- (перцептивті, нейросенсорлы мүкістік) немесе «дыбыс өткізгіштік аппараты зақымдануының басымдылығымен аралас түрдегі екі жақты есту қабілеті бұзылуының болуы».
Тепе-теңдік (вестибулалық) паспорты
Қалыпты көрсеткіштер (нормада) Жүргізілетін тексерістер Қалыпты көрсеткіштерден ауытқу
------------------ Субъективтік сезімдер (Сс) Бас айналу, нистагм, лоқсу, құсу, жүрістің бұзылуы.
“-” Спонтандық нистагм (SNy) “+” бір жағында көздің еріксіз жыпылықтауы байқалады.
Тұрақты
Ромберг қалпында тұрақтылық (ST-status) а) дене сау құлақ, яғни нистагмның баяу компоненті жағына ауытқиды.
б) бастың тұрған қалпын өзгерткенде науқастың құлау бағыты да өзгереді.
Түзу сызық бойы қозғалысын сақтайды. Түзу жүріс. Жүрісті түзу сызықтың бойында зерттеу. (М-modus) Оң лабиринттің зорығуы кезінде сол жаққа, яғни нистагмның баяу компонентіне қарай ауытқиды.
Жүріс бұзылмайды, дұрыс орындайды. Қанатты (флангалық) жүріс. Жүріс бұзылмайды, дұрыс орындайды.
Дұрыс орындайды Сұқ саусақ сынамасы Екі қолымен де сау құлаққа қарай жаңылысады, яғни нистагмның баяу-компоненті жағына.
Дұрыс орындайды Адиадохокинезге сынама Дұрыс орындайды.
Нормада жасырын кезең 25-30 секундқа тең және эксперименталдық нистагмның ұзақтылығы
50-70 секунд. Калориялық (су) сынау. NyH-Nycal (100 см3) Лабиринттің жоғары қозғыш-тығында нистагм пайда болғанша калоризацияға 60 см3 ден аз мөлшерде су керек болса, қозғыштығы төмендегенде көп мөлшерде су керек, 80 см3 салыстырғанда. Калоризация 43 градус ыстық сумен жасалғанда нистагм тексерілетін құлақ жақтан байқалады, ал 19 градус суық су құйғанда бұл нстагмның қарама-қарсы жақта пайда болуына әкеледіЛабиринттің нормадағы қозғыштығында нистагмның ұзақтығы 20-30 секундқа созылады. Айналдыру сынамасы PNy-Nyrot (креслоны 20 секунд ішінде 10 айналым жасап айналдырады). Нистагм уақытының ұзаруы лабиринттің қозғыштығын, ал нистагмның уақыт ұзақтылығының қысқаруы лабиринт қозғыштығының төмендегенін (жойылғандығын) көрсетеді. Оңға айналдырғанда сол лабиринт жоғары күшпен тітіркену алады. Эндолимфа иннерция бойынша оңға жалғасады: демек нистагм-ның баяу компоненті де оң жаққа болады, ал нистагмның бағыты (тез компоненті)-солға. Теріс фистулды Фистулдық (тесікті) немесе прессорлық сынама Pr NyH «+» Оң фистулды нистагм пайда болып, бас айналады. Нистагм компрессия кезінде зерттелетін құлаққа, ал декомпрессия жағдайында қарама-қарсы жаққа бағытталады.
Әлсіз реакциялар байқалады: бас пен дененің 0-5 градусты бұрышта ауытқуы, беті бозарып, пульстің әлсіреуі. Отолиттік сынау (ОR) (креслоны 10 секунд ішінде 5 - айналым жасап айналдырады). Тепе-теңдігін жоғалтып, өзін ұстай алмай құлайды, құсу, есінен тануы мүмкін.
Қорытынды.
Функционалдық сынаулар.
Мұрын:
1. Тыныс алуы: еркін, қиындаған, жоқ болу (болмау).
2. Иіс сезуі: нормада (дұрыс), гипосмия, аносмия, паросмия, гиперосмия, какосмия.
3. Дыбысты жаңғырту қызметі: нормада, ашық және жабық мыңқылдап сөйлеу.
Жұтқыншақ:
1. Жұтынуы: еркін, ауырлаған (қиындаған), мүмкін емес.
2. Жұтқыншақ рефлексі: сақталған, төмендеген, жоқ болуы.
3. Дыбысты жаңғырту қызметі: ашық және жабық мыңқылдап сөйлеу.
Көмей:
1. Дыбыс (үн) шығару: ашық дыбысты (үнді), қарлыққан, афония.
2. Тыныс алуы: еркін, қиындығы (І, ІІ, ІІІ, ІV дәрежедегі стеноз (тарылу)).
3. Қорғаныш қызметі: шашалу, рефлекторлы жөтел.
Құлақ:
1. Есту анализаторын функционалдық тексеру қорытындысы:
а) есту паспорты.
б) аудиологиялық тексерудің мәліметі.
Қорытынды.
2. Вестибулалық анализаторды функционалдық тексеру қорытындысы:
а) вестибулалық паспорт.
Қорытынды.
ХІ. Алғашқы (алдын ала қойылған) диагнозды негіздеу, анамнез мәліметтерін талдап қорыту және объективті зерттеу нәтижелері негізінде жүргізіледі.
ХІІ. Тексеру жоспары: Әбден ойланған және мақсатқа сәйкес болу керек. Қан, зәр, қақырық, ЛОР ағзалардың патологиялық бөлініс анализдері (соның ішінде флораны және оның антибиотиктерге, басқа дәрі-дәрмектерге сезімталдығын анықтайды). Рентгенография көріністері (мұрын қосалқы қойнаулар, мұрын сүйектері, мұрын-жұтқыншақ, көмей, Шюллер, Стенверс, Майер бойынша емізікше өсінділер). ХІІІ. Қосымша диагностикалық тексерісті тағайындау нақты болу керек. Түскен анализдер мен зерттеулердің қортындылары бағалануға тиіс, клиникалық диагнозды негіздеу де талданып, күнделікте жазылып көрсетілу қажет. Басқа мамандардың ақыл – кеңесі.
XIV. САРАЛАУ ДИАГНОЗЫ.
XV. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ: Ойды тұжырымдау классификацияға сәйкес орындалу қажет. Бұл кезде негізгі және қосымша тексерістерді клиникалық бағалау, динамикалық дәрігерлік бақылау қорытындылары ескеріледі. Қосымша аурулар диагнозы да осылай тұжырымдалады. Диагнозды негіздеу қысқа болу қажет. Клиникалық диагноз қажетті қосымша хабарлар келген соң 3-5 күн аралықтарында тұжырымданып қойылу керек. Диагностикалық процесс клиникалық диагнозды дайындау кезеңімен бітпейді.
XVI. ЕМДЕУ ЖОСПАРЫ:
1. Күн тәртібі (режим).
2. Диета.
3. Жалпы емдеу:
а) Этиологиялық.
б) Патогенетикалық.
в) Жалпы денсаулықты нығайту.
г) Организмнің сезімталдығын кемітетін дәрілер (десенсибилизациялық).
д) Симптоматикалық.
4. Жергілікті емдеу: құлақ, тамақ, мұрын, өңеш, кеңірдек және т.б.
5.Физиопроцедуралар.
6.Психотерапиялық шаралар.
Дәрі-дәрмек емдерін тағайындағанда мөлшерін, қабылдау санын, әдісін көрсеткен жөн (тамаққа дейін, тамақтан кейін, немен ішу керектігін).
XVII. КҮНДЕЛІК - ауру тарихының жауапты бөлімі болып табылады, бұнда күнделікті барлық ауру барысының өзгерістері жеткілікті (толық) жазылып, ол алдағы өткендермен ұштастырылып және патогологиялық процестің динамикасы қамтып көрсетіледі.
КҮНДЕЛІКТІ ЖАЗУ ҮЛГІСІ:
1. Аурудың өту барысындағы субъективті өзгерістердің динамикасы.
2. Объективті өзгерістердің динамикасы.
3. Негізгі тексерістер қорытындыларын клиникалық бағалау.
4. Емдеу шараларының эффектілігін бағалау.
5. Емдік препараттар мен процедураларды қабылдауы (жағатындығы).
6. Дәрігерлік этапты байымдау.
7. Кафедра, бөлімше меңгерушілерінің, доценттердің науқастарды тексеріп қарап шығуын жазу.
8. Амбулаторлық картасымен танысу фактасын жазып қою.
9. Науқасты басқа дәрігерге тапсыру (бірінші рет аты – жөнін анықтап жазу).
Кафедра, бөлімше меңгерушілерінің бөлімшені аралап шыққандығын жазу үлгісі:
1. Диагнозы, аурудың маңызы туралы дәрігерлік байымдау.
2. Жүргізілген емдерін бағалау.
3. Қосымша емдер тағайындау, оны негіздеу.
4. Кейбір алғашқы емдерді өзгерту және оны өзгерту себебі.
Бақылау парағы, температуа парағы. Температурасы, пульс, тыныс алудан басқа ауруды сипаттайтын және оның динамикасын көрсететін негізгі белгілерін тіркеу қажет.
Мысалы: Гипертониялық ауруда артерия қысымын, қақырық мөлшерін, дене салмағын т.б. Арнаулы парақта негізгі тағайындалған емдері көрсетіледі. Бұл оның эффектілігін көрнекі қадағалауға мүмкіндік береді.
XVIІI. Эпикриз (ауру туралы қорытынды пікір) - аурудың бір даму кезеңіне немесе науқасты шығаруда жазылатын дәрігерлік ой-пікірін байымдау болып табылады. Эпикриздің ішінде науқас ауруының мәнін толық көрсететін дәрігерлік қорытынды, оның себебі, барысы, жүргізілген ем қорытындысы, прогнозы, мұнан былайғы дәрігерлік кеңес ұсыныстары, жұмысқа орналастырылуы туралы пікірі болады.
Эпикризге келесі сұрақтар жауабы кіреді:
1. Науқас жағдайын қысқаша сипаттау, оның жасын, дене құрылысын, тұқым қуалаушылығын, кәсібін, реактивтілігін есепке ала отырып.
2. Дәл тұжырымданған қорытынды диагноз, оны бақылау қорытындысын және емдеу эффектілігін есепке ала отырып қысқаша негіздеу.
3. Жүргізілген ем, оның жағушылығы, эффектілігі.
4. Аурудың барысы, өту ерекшелігі және негізгі белгілер динамикасы, RW, қан тобы, резус-факторы.
5. Аурудың соңы.
6. Болжау.
7. Науқасты шығаруда профилактикалық ем, еңбек, дем алу жайында кеңес нұсқаулары.
ЛОР статус Мұрын және оның қосалқы қойнаулары.
Сыртқы мұрынның формасы дұрыс, инфильтрация және ісіңкілік есебінен үлкейген, деформацияланған (сыртқы түрі өзгерген - латералды қабырғасының түсуі, жанына ауытқуы, мұрын қырының, ұшының және қанаттарының кемістігі, мұрын ұшының жұлынуы _____________________________________________________________________
Мұрынды пальпациялауда ауырсынбауы, ауырсынуы, мұрын қырының патологиялық жылжымалылығының анықталуы, сүйек сынықтарының сықырлауы___________________
Мұрын қосалқы қойнаулардың көрінетін аймақтары өзгермеген, сыртқы өзгерістер бар оң жағында, сол жағында __________________________________________________________
Маңдай қойнауларының алдыңғы және төменгі қабырғаларын пальпациялауда ауырсынбауы, оң жақта, сол жақта ауырсыну немесе ісіңкілік бар _____________________
Үшкіл нервтің I және II тармақтарының сыртқа шығатын нүктелерін пальпациялауда ауырсынбауы, оң жақта, сол жақта ауырсыну бар ___________________________________
Жоғарғы жақ сүйек қойнаулардың алдыңғы қабырғаларын пальпациялауда ауырсынбауы,
оң жақта, сол жақта ауырсыну немесе ісіңкілік бар __________________________________
Мұрынның тыныс алу қызметі: мұрын арқылы тыныс алуы емін-еркін, қиын, жоқ болуы _____________________________________________________________________________
Иіс сезу қызметі: иіс сезуі сақталған (нормосмия), гипосмия, кокосмия, гиперосмия, аносмия ______________________________________________________________________
Дыбысты жаңғырту қызметі: дауыстың тембрі (бояуы) өзгермеген, ашық маңқалық, жабық маңқалық (мыңқылдап сөйлеу) ____________________________________________
Мұрынның кіреберісі бос, тіліну бар, терісі ісіңкі және инфильтратты, қабыршақпен жабылған, мұрын кіреберісінің тарылуы және атрезиясы оң жақта, сол жақта ___________
Мұрын қуысы: риноскопиялық немесе эндоскопиялық тексеру кезінде сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ақшыл-қызғылт түсті, ылғалды, құрғақ, беті тегіс, қызарған, ісінген, жұқарған, көкшіл түсті дақтар оң жақта, сол жақта __________________________________
Мұрынның жалпы жолдары бос, кең, тарылған, полиптарға толған, жабыспа оң жақта, сол жақта _____________________________________________________________________
Мұрынның далдасы ортаңғы сызық бойында, деформацияланған – қисайған (С немесе S түрінде), сүйекті және шеміршекті бөлігінде бұдыр, қыр (жота) оң жақта, сол жақта _____ ________________________ Мұрын далдасының сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ақшыл-қызғылт түсті, құрғақ, қызарған, ісінген, жұқарған, қапшық тәрізді томпайған, қантамырлары сілемейлі қабық бетінде орналасқан, жалақ жара, ойық жара, тесілуі, ісіктің болуы оң жақта, сол жақта ________________________________________________
Мұрынның төменгі жолы бос, тарылған, жабыспа оң жақта, сол жақта ________________
Мұрынның төменгі жолында патологиялық бөліністер(шығындылар) жоқ, шығындылар слемейлі, сірілі, сілемейлі-іріңді, іріңді оң жақта, сол жақта __________________________
Мұрынның төменгі кеуілжірі үлкеймеген, гипертрофиялы, жуандаған, сілемейлі қабықтың полипке өзгеруі (дегенерациясы), алдыңғы, артқы шеттерінің гиперплазиясы оң жақта, сол жақта _____________________________ Мұрынның төменгі кеуілжірінің сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ақшыл-қызғылт түсті, іркіле қызарған және ісінген, гипертрофиялы бөлігінің сілемейлі қабығы тегіс, бүртікті оң жақта, сол жақта __________
Мұрын-көзжас түтіктерінің шығаратын сағасы (ұрты) бос, жақсы нақтыланған (жетілген) _________________________
Мұрынның ортаңғы жолы бос, тарылған оң жақта, сол жақта _______________________Мұрынның ортаңғы кеуілжірі үлкеймеген, буллезді өзгерген, мұрынның ортаңғы және жалпы жолдарын жабады, жұмсақтінді гиперплазия, латералды жылжыған, иілген оң жақта, сол жақта ______________________________________________________________
Ілмек тәрізді өсінді әдеттегідей, гипертрофиялы оң жақта, сол жақта __________________
Жарты ай тәрізді саңылау бос, маңдай қойнаудың сағасы (ұрты) бос ________________________
Мұрынның ортаңғы жолында патологиялық шығындылар (бөліністер) жоқ, ұсақ полиптер, полиптер, сілемей, ірің оң жақта, сол жақта ______________________________________________
Мұрынның ортаңғы кеуілжірінің сілемейлі қабығы қызғылт түсті, беті тегіс, ісінген, ақшыл, Воячека дағы оң жақта, сол жақта ______________________________________________________
Мұрынның жоғарғы жолы бос, тарылған оң жақта, сол жақта _______________________________
Мұрынның жоғарғы кеуілжірі үлкеймеген, өзгерген оң жақта, сол жақта ______________________
Мұрынның жоғарғы жолында патологиялық шығындылар жоқ, полипозды құрылым, ортаңғы кеуілжірдің үстіне іріңнің жиналуы оң жақта, сол жақта ____________________________________
Сынатәрізді қойнаудың сағасы бос, табиғи сағаның айналасында сілемейлі қабықтың гиперплазиясы, қою секреттің болуы ____________________________________________________
Регионарлық лимфалық түйіндер (жақсүйек асты, алдыңғы және артқы мойын) үлкеймеген, үлкейген, жылжымалы, астындағы тіндерге жабысқан, ауырсынбауы, ауырсынуы оң жақта, сол жақта ____________________________________________________________________
Мұрын маңындағы қойнаулар рентгенографиясы, компьютерлік томографиясы _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Ауыз қуысы.
Ауызы еркін ашылады, күрек тістер аралығы 1, 2, 3 см дейінгі жақтың шайнау бұлшықеттерінің түйілуі (қарысуы)______________________________________________
Ерін, қызыл иек, ұрттың ішкі беткі сілемейлі қабығы қызғылт, ақшыл-қызғылт, қызарған _________________________________________________
Сілекей бездер түтіктерінің шығаратын сағалары бос, жақсы нақтыланған (жетілген).
Жұмсақ және қатты таңдай сілемейлі қабығы қызғылт, ақшыл-қызғылт, қызарған, қатты таңдай жырығы _________________________________________________________
Тіл жылжымалы, жылжымалығы шектелген, ауырсынбауы, ауырсынуы, таза, ақ үлпек басқан ______________________________________________________________________
Тістері санацияланған, жегісі бар, жыланкөз ______________________________________
Жұтқыншақ.
Ауыз-жұтқыншақ: аңқа – симметриялы, асимметриялы ____________________________
Жұмсақ таңдай жұқа, тегіс, сілемейлі қабығы қызғылт түсті, тілшіктің формасы дұрыс, ұзындығы 6мм, ені және қалыңдығы 5мм, таңдай пердесі жақсы жылжымалы, ұзындығы 30мм, қалыңдығы 5мм (нормада), жылжымалығы шектелген, томпайған, инфильтратты, қызарған оң жақта, сол жақта, жұмсақ таңдайдың тілшігі ұзарған, жұмсақ таңдай тіндерінің гиперплазиясы, гипертрофиялы, болбыр және тонусы әлсіз, таңдай доғашықтары кеңейген, алдыңғы және артқы доғашықтар арасы үлкейген, артқы доғашық жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысылған сияқты, «желкенді таңдай» - көтерілген желкенге ұқсас болуы, ұзаруы, сілемейлі қабығы көлденең қатпарлы гипотониалық солғын жұмсақ таңдай, жұмсақ таңдай жырығы (жабылмай ашық қалу) ________________
Таңдай доғашықтарының контуры (нұсқасы) анық, қызғылт түсті, таңдай доғашықтарының шеттері қызарған, ісінген, инфильтратты, жуандау, бадамшаға жабысқан __________________
Таңдай бадамшасы доғашық деңгейінде, доғашықтың сыртында, ұлғаю көлемі (гипертрофиясы) I, II, III дәрежеде, тығыз, жұмсақ, беткейлігі тегіс, кедір-бұдырлы, доғашықтарға жабысқан, жабыспаған. Бадамшалар лакуналары кеңеймеген, кеңейген, лакуналарында патологиялық шығындылар жоқ, эпителиалды тығындар түрінде мардымсыз іріңсіз бөлініс (казеозды, детрит), іріңді тығындар, сұйық, қою іріңді шығындылар. Таңдай бадамшалар сілемейлі қабығы қызғылт, ақшыл-қызғылт түсті, қызарған, ісінген оң жақта, сол жақта, іріңді өңезбен жабылған _______________________
Жұтқыншақтың артқы қабырғасы ылғалды, құрғақ, жұқарған (субатрофиялы, атрофиялы), қызғылт, ақшыл-қызғылт түсті, қызарған, қалыңдау, лимфоидты фолликул, жұтқыншақ бүйірлік білікшелер гиперплазиясы ____________________________________
Жұтыну: еркін, қиындаған (ауырлаған), мүмкін емес.
Жұтқыншақ рефлексі: сақталған, төмендеген, жоқ болуы.
Резонаторлық (дыбысты жаңғырту) қызметі: ашық және жабық маңқалық (мыңқылдап сөйлеу).
Мұрын-жұтқыншақ: мұрын-жұтқыншақтың күмбезі бос, алдыңғы-артқы өлшемі (қуыс көлемі) кішірейген, мұрын-жұтқыншақтың күмбезінде аденоидтар вегетациясы, қалыңдығы 5-7мм, ені 20мм және ұзындығы 25мм (нормада), I, II, III дәрежесі (1-ші дәрежеде - аденоидтар желбезек пен хоананың жоғарғы үштен бір бөлігін жауып тұрады, 2-ші дәрежесінде - аденоидтар желбезек пен хоананың жартысын жауып дұрады, яғни 2/3 үштен екі бөлігін, 3-ші дәрежеде- аденоидтар желбезек пен хоананы толық жауып тұрады)______________________________________________________________________ Мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ылғалды, қызарған ____________ Хоаналары бос, төменгі, ортаңғы, жоғарғы мұрын кеуілжірлерінің артқы бөлігі жуандаған, гипертрофиялы, хоаналды полип, ісік, хоана атрезиясы бар __________________________ Есту түтіктерінің сағасы жақсы нақтыланған (жетілген), бос _______________________ Түтік бадамшалары үлкеймеген, гипертрофиялы, көрінбейді. Желбезек ортаңғы сызық бойында. Көмей-жұтқыншақ: тіл бадамшасы үлкеймеген, гипертрофиялы _____________________ Көмей-жұтқыншақтың артқы және бүйірлік қабырғалары қызғылт, ақшыл-қызғылт түсті, қызарған, инфильтрациялы, атрофиялы ______________________________________ Валлекулалары (кішкентай қарыншалары) бос, алмұрт тәрізді синустар дыбыс шығарғанда жақсы ашылады, бос, қабысқан, көрінбейді _____________________________ Алмұрт тәрізді синустардың сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ылғалды, қызарған, ісінген, _____________________________________________________________________________
Көмей. Көмейдің алыдыңғы беткі аймағы өзгермеген, мойынның контуры (пішіні) симметриялы, тегістелген, терісінің түрі өзгермеген, қызарған, инфильтрацияланған. Көмейдің формасы дұрыс, жылжымалығы пассивті (жәй), жылжымайды, шеміршектердің сықырлау белгілері айқын жетілген, анықталмайды, пальпациялауда ауырсынбайды, ауырсынады __________ Регионарлық (аймақтық) лимфалық түйіндер (жақсүйек асты, терең мойын-көмей маңы, кеңірдек маңы) үлкеймеген, үлкейген _______________________________________ Ларингоскопияда(көмей айнасы арқылы қарау): көмейге кіріс бос, көмей қақпашығының, ожау тәрізді шеміршектер аймағының, ожау тәрізді шеміршектер аралығы кеңістігінің және ожау-көмейқақпашығы қатпарларының сілемейлі қабығы қызғылт түсті, ылғалды, беті тегіс, қызарған, ісінген, инфильтрацияланған __________________________________ Көмей қақпашығы жапырақ түрінде жайылған, жұқа, эластикалы, деформацияланған, инфильтрацияланған, ісінген ____________________________________________________ Нағыз дауыс қатпарлары ақшыл-маржан (ақшыл-сұрғылт) түсті, жуандаған, қызарған,
инфильтрацияланған, жұқарған (атрофиялы), салбыраған, ісік тәрізді құрылым бар (+ тін) оң жақта, сол жақта ____________________________________________________________ Дауыс қатпарлары фонация кезінде қимылы толық көлемде, симметриялы, толық жабылады, толық жабылмайды, қимылы шектелген, қимылдамайды оң жақта, сол жақта ___________________________________ Дауыс саңылауы ішке тыныс алғанда кең, саңылау түрінде ____ см дейін, тар, дауыс қатпарлары асты кеңістігі бос _______________ Жалған дауыс қатпарлары қызғылт түсті, қызарған, гипертрофиялы __________________ Кеңірдектің жоғарғы бөлігінің сілемейлі қабығы қызғылт, ақшыл-қызғылт түсті, қызарған _____________________________________________________________________________ Дауысы ашық, қарлыққан, афония (дауысынан айырылу) ____________________________ Тыныс алуы еркін, тыныштықта қиындамаған, қиын, I,II,III,IV дәрежеде тарылу (стеноз).
Құлақ. Оң құлақ (AD). Құлақ қалқаншасының формасы (пішіні) дұрыс, макротия, микротия, алға қарай қалқиған, терісі қызарған, ісіңкі, отогематома __________________________ Емізік тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, домбығу, ісіңкілік байқалады, терісі қызарған, инфильтрацияланған, тыртық, жыланкөз __________________ Құлақ арты қыртыстың контуры жақсы, тегістелген _____________________________________________________
Есту жолы алдындағы аймақ өзгермеген, терісі қызарған, ісіңкі, құлақ түйіні аймақта жыланкөз тесік ________________________________________________________________
Емізік тәрізді өсіндіні (антрум, сигма тәрізді синус, төменгі ұшы проекцияларын), құлақ қалқаншасы мен түйінін пальпациялауда ауырсынбайды, ауырсынады, флюктуация анықталады __________________________________________________________________ Сыртқы есту жолына өту бос, кең, шеміршекті, сүйекті бөлігінде тарылған, атрезия, терісі қызарған, инфильтрацияланған, артқыжоғарғы қабырғасы салбырап түскен, терісі жұқарған, құрғақ, жеңіл жарақаттанады _____________________________________ Есту жолында патологиялық шығындылар жоқ – таза, құлық, сілемейлі-іріңді, іріңді бөлініс бар _____________________________________________________________________ Дабыл жарғағы (Mt) көкшіл-сұр түсті, көмескі, қалыңдаған, жұқа, тартылған, тыртықты өзгерістер, медиальды қабырғаға жабысқан, әк тұздар шөгінділері, қызарған, тамырлар инъекциясы, инфильтрацияланған, томпайған, герпетикалық көпіршік, домалақ, сопақша, ортаңғы, артқы немесе алдыңғы шеткі, тоталды тесік (перфорация) бар, тесік көлемі __ мм Танымды (айырым) белгілері: қысқа өсінді және балғашаның сабы, жарық конусы, алдыңғы және артқы қатпарлар контурлары (нұсқалары) жақсы көрінеді, тегістелген, конус тірізді сәуле қысқарған, жоқ ______________________________________________ Дабыл қуысында патологиялық шығынды жоқ, патологиялық шығындылар – сілемейлі-іріңді, иіссіз іріңді, иісі бар қою шығынды, грануляциялар, полиптер, холестеатома жиынтығы,ақшыл холестеатома қабыршақтары, зондпен тексеру кезде аттике өтіс, аттикте сүйектің кедір-бұдыры анықталады ______________________________________________ Дабыл қуысының сілемейлі қабығы ақшыл-қызғылт, қызғылт түсті, қызарған, ісінген ____ _____________________________________________________________________________ Сол құлақ (AS). Құлақ қалқаншасының формасы (пішіні) дұрыс, макротия, микротия, алға қарай қалқиған, терісі қызарған, ісіңкі, отогематома _______________________________ Емізік тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, домбығу, ісіңкілік байқалады, терісі қызарған, инфильтрацияланған, тыртық, жыланкөз __________________ Құлақ арты қыртыстың контуры жақсы, тегістелген _________________________________________________ Есту жолы алдындағы аймақ өзгермеген, терісі қызарған, ісіңкі, құлақ түйіні аймақта жыланкөз тесік ________________________________________________________________ Емізік тәрізді өсіндіні (антрум, сигма тәрізді синус, төменгі ұшы проекцияларын), құлақ қалқаншасы мен түйінін пальпациялауда ауырсынбайды, ауырсынады, флюктуация анықталады __________________________________________________________________
Сыртқы есту жолына өту бос, кең, шеміршекті, сүйекті бөлігінде тарылған, атрезия, терісі қызарған, инфильтрацияланған, артқыжоғарғы қабырғасы салбырап түскен, терісі жұқарған, құрғақ, жеңіл жарақаттанады _____________________________________ Есту жолында патологиялық шығындылар жоқ – таза, құлық, сілемейлі-іріңді, іріңді бөлініс бар _____________________________________________________________________ Дабыл жарғағы (Mt) көкшіл-сұр түсті, көмескі, қалыңдаған, жұқа, тартылған, тыртықты өзгерістер, медиальды қабырғаға жабысқан, әк тұздар шөгінділері, қызарған, тамырлар инъекциясы, инфильтрацияланған, томпайған, герпетикалық көпіршік, домалақ, сопақша, ортаңғы, артқы немесе алдыңғы шеткі, тоталды тесік (перфорация) бар, тесік көлемі __ мм Танымды (айырым) белгілері: қысқа өсінді және балғашаның сабы, жарық конусы, алдыңғы және артқы қатпарлар контурлары (нұсқалары) жақсы көрінеді, тегістелген, конус тірізді сәуле қысқарған, жоқ ______________________________________________ Дабыл қуысында патологиялық шығынды жоқ, патологиялық шығындылар – сілемейлі-іріңді, иіссіз іріңді, иісі бар қою шығынды, грануляциялар, полиптер, холестеатома жиынтығы,ақшыл холестеатома қабыршақтары, зондпен тексеру кезде аттике өтіс, аттикте сүйектің кедір-бұдыры анықталады ______________________________________________ Дабыл қуысының сілемейлі қабығы ақшыл-қызғылт, қызғылт түсті, қызарған, ісінген ____ _____________________________________________________________________________ Самайлық сүйектердің КТ және Шюллер, Майер, Стенверс бойынша рентгенологиялық тексеру мәліметтері _____ ж емізік тәрізді өсінді құрылысының түрі пневматикалық, диплоэтикалық, склероздық (емізік тәрізді өсіндінің тығызданып қатаюы), аттикті-антралды аймақта кариозды қуыс немесе периантралды аймақта құрылымсыз жарқырау түрде анық сызықпен қоршап қойылған сүйек ақауы анықталады, сүйек ақауының шеттері шайылған, сүйекті тін зақымдалмаған оң жақта, сол жақта___________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав