Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

реабилитациялау»

951. 5 жасар бала мұзға құлағанан кейін дәрігерге қаралған. Диагнозы: 5.1, 6.1 тістің жартылай шығуы. Тіс қозғалғыштығы 2-дәрежелі Дәрігер тактикасын анықтаңыз:

1. Тістер репозициясы

2. Тістер репозициясы

3. Ұлпаны ашу, репозиция

4. Тістерді жұлу, ортодонтиялық ем

5.+Тістерді жұлу, нұсқау беру, динамикалық бақылау

952. Төменде келтірілгендердің ҚАЙСЫСЫ тістердің жарақаттары кезінде кездесуі мүмкін:

1.Жақтар одонтогенді қабыну кистасының дамуы

2.Жұқпалы аурулардың пайда болуы

3. Пародонт патологиясының дамуы

4. Түбір қалыптасуының тездетілуі

5.+Ұлпаның өлуі

953.10 жасар балада 1.1 тісі жарақаттанған. Тексеру кезінде сауыт ақауы анықталаған. Дәрігер тактикасын анықтаңыз:

1.+Өткір қырларын егеу, реминералдаушы заттармен қалпына келтіру

2. Кальций құрамды препараттар қолдану

3. Ұлпаны витальды ампутациялау

4. Уақытша сауыт дайындау

5. Окклюзиядан шығару

554. 12 жасар бала клюшка соққысынан жарақат алған. 2 күннен кейін дәрігерге келген. Тексергеннен кейін диагноз қойылды: 11 тіс сауытының сынуы, ұлпа камерасы ашылған. Дәрігер тактикасын таңдаңыз:

1. Тісті жұлу

2. Емдік төсем қолдану, тісті пломбалау

3. Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу

4. Витальды ампутация, тіс сауытын қалпына келтіру

5.+Ұлпа витальды ампутациясы және экстирпациясы, кейін пломбалау және

тіс сауытын қалпына келтіру

955.10 жасар балада жарақат нәтижесінде жоғарғы ортаңғы күрек тістері жартылай шыққан. Жарақат 4 сағат бұрын болған. Хирург-стоматолог тактикасы:

1. 1.1, 2.1 тісті жұлу

2. Репозиция, эндодонтиялық емдей

3. Тістер репозициясы, лигатуралық байлау

4. Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық емдеу

5.+Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық емдеу

 

956. Балаларда қосарланған бассүйек-ми және жақ-бет аймағының жарақаттары кезінде жедел жәрдем көрсету?

1. Динамикада бақылау

2. Жатқызу орнын анықтау

3. Жалпы жағдайының ауырлығын анықтау

4.+Негізгі симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау

5. Емдік-профилактиалық шараларының жоспарын құру

957. 3-жасар бала, бірнеше сағат бұрын әткеншек теуіп жүріп, құлап тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Тістің соғылуы

2. Шегеленіп шығу

3. Тістің толық шығуы

4. Тіс сауытының сынуы

5.+Тістің толық емес шығуы

958. 5- жасар бала бірнеше сағат бұрын әткеншектен құлап, тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –ші дәрежелі қозғалғыштығы, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы.

Науқасты жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1.+Тісті жұлу, динамикада бақылау

2. Диспансерлік бақылау

3. 5.1 тісті реплантациялау
4. Тісті шендеу
5. Тісті реставрациялау


959. 8-жасар баланы қарап тексергенде, 8.4 тісінің тіс сауыты толық бұзылған. Дәрігер тісті жұлуға шешім қабылдады. Тіс жұлу операциясы қиын болды, экскаватор, элеватор қолданылды.

Бұндай тіс жұлу әдісі кезінде қандай асқыну болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

1. Жұмсақ тіңдердің домбығуы

2. Көрші тістің шығуы

3. Антогонист – тісінің шығуы.

4. Қызылиек шырышты қабытының жыртылуы

5.+Тұрақты тіс ұрығының зақымдануы

960. Емханаға велосипедтен құлап, жарақат алған 4-жасар баланы алып келді. Қарап тексергенде:5.1 тісі интактты, I-дәрежеде қозғалмалы, қызылиектің жыртылуы.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Тістің сынуы

2. 5.1 тісінің соғылуы

3. 5.1 тісінің толық шығуы

4.+5.1 тісінің толық емес шығуы

5. 5.1 тісінің шегеленіп шығуы

961. Емханаға велосипедтен құлап, жарақат алған 4-жасар баланы алып келді. Қарап тексергенде: 5.1 тісі интактты, I-дәрежеде қозғалмалы, қызылиектің жыртылуы.

Науқасты емдеу тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Диета, антисептикалық өңдеу, бақылау

2. Диспансерлік бақылау

3. Тісті шендеу

4. Тісті реставрациялау

5. Физиотерапия

962. 6-жасар балада 7.4 тісі толық бұзылған. Дәрігер оны жұлуға шешім қабылдады. Тіс жұлу операциясы қиын болды, элеватор, тегістегіш қолданылды.

Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Антогонист-тісінің шығуы

2.+Көрші тісінің шығуы

3. Жұмсақ тіңдердің жыртылуы

4. СТЖБ зақымдануы

5. Жақтың сынуы

963. Ерте жастағы балаларда жарақаттардың қай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?

1.+Тістің шығуы

2. Түбірінің сынуы

3. Сауытының сынуы

4. Сауытының бір бөлігінің сынуы

5. Айналмалы байламның жыртылуы

964. Алдыңғы түбірлері қалыптаспаған уақытша тістердің толық емес шығуы кезінде науқасты емдеудің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын тактикасы?

1. Тісті жұлу

2. Тісті бақылау

3. Иммобилизация

4.+Репозиция, иммобилизация

5. Реплантация, иммобилизация

965. 5- жасар бала бірнеше сағат бұрын әткеншектен құлап, тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –ші дәрежелі қозғалғыштығы, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы. Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы

1.+Тістің толық емес шығуы

2. Тіс сауытының сынуы

3. Тістің толық шығуы

4. Шегеленіп шығуы

5. Тістің соғылуы

 

966. 3 жасар бала құлап тісін жарақаттады. Қарап тексергенде сау 5.1 тістің ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, ауыз ішіне қарай ығысқан, қызылиегі жыртылған.

Ем тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1.+Репозиция, фиксация, протездеу
2. Диспансерлік бақылау

3. 5.1 тісреплантация
4. Тісті шендеу
5. Тіс реставрациясы

967. 8 жастағы бала 3 күн бұрын велосипедтен құлап, жоғарғы жағының алдыңғы топ тістерінің ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 1.1 тіс сау, аздап түсі өзгерген, аздап қозғалады, перкуссия ауырады. Рентгенограммада: түбірдің 2/3 бөлігі қалыптасқан, периодонт саңылауы азадп кеңейген.

Төменде аталған болжам диагноздардың ҚАЙСЫ НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? Қай ем тактикасы тиімді?

1. Тістің соғылуы, шендеу

2. Жедел жартылай пульпит, виталді ампутация

3. Созылмалы гранулденген периодонтит, тісті жұлу

4.+Жедел жарақаттық периодонтит; эндодонттық ем

5. Жоғарғы жақсүйектің созылмалы остеомиелиті, секвестрлерді алып тастау

968. Тұрақты тістің толық шығуында төменде аталған ем әдістерінің қайсы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1. Тісті жұлу

2. Протездеу

3.+Тіс реплантациясы

4. Түбір ұшы резекциясы

5. Бірнеше тістерді шендеу

969. 3 жастағы баланың ата-аналары хирург-стоматологқа қаралды. Анамнезінде: 1 жыл бұрын құлаған, ұрт аймағының жұмсақ тіндерінің зақымдануына байланысты БХӨ жүргізілген. Бір жыл бойы ұрт аймағында абсцесс түзіліп тұрады, өздігінен ашылады.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1. Иммуномодулятор тағайындау

2. Антибактериалды терапия тағайындау

3. Физиотерапевтиялық ем тағайындау

4. Шұғыл хирургиялық әрекет жүргізу

5.+Баланы тексеру, жоспарлы түрде жара ревизиясын жүргізу.

970. Поликлиникаға мұз айдынында құлаған 5 жастағы баланы әкелді. Қарап тексергенде 5.1, 5.2 тістер сау, ІІ дәрежеде қозғалады, шырышты қабат ашық қызыл түсті. Өз осінен оралді бағытта ығысқан. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Тісті соғып алу

2. Толық шығуы

3. Жедел пульпит

4.+Жартылай шығуы

5. Жедел жарақаттық периодонтит

971. 7 жасар бала 2.1 тісін жарақаттаған. Қарап тексергенде тіс сауытының кесу қыры аймағында ақау анықталды. Емдеудің қай тактикасы ЕҢ ТИІМДІ?

1.+Өткір қырларын тегістеу, ремтерапия, реставрацияя

2. Құрамында кальций бар препараттарды тағайындау

3. Уақытша сауыт дайындау

4. Ұлпаның виталді ампутациясы

5. Тісті окклюзиядан шығару

972. 12 жасар бала 3 сағат бұрын спорттық снарядтан құлап, жоғарғы орталық күрек тістерін жарақаттап алды. Қарап тексергенде 1.1, 2.1 тістер І-ІІ дәрежелі қозғалғыш, тістері сау. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің қай тактикасы ЕҢ ТИІМДІ?

1. 1.1, 2.1 тістерін жұлу

2. Тістер репозициясы, лигатурамен бекіту

3. Тістер репозициясы, эндодонттықем

4. Тістер репозициясы, жазық шина – скобаменфиксация

5.+ Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық ем

973. Бірнеше сағат бұрын 2 жасар бала әткеншектен құлап тісін жарақаттап алды. Қарап тексергенде: 6.1 сау тісі ІІІ дәрежелі қозғалады, оралді бағытта ығысқан, қызылиек шырышты қабады жыртылған.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Тісін соғып алу

2. Қадалып шығу

3. Тістің толық шығу

4. Тіс сауытының шығуы

5.+Тістің жартылай шығуы

974. Жарақаттан 40 минуттан соң арнайыландырылған клиниканың қабылдау бөліміне 4 жасар баланы әкелді.Қарап тексергенде: Қарап тексергенде: 6.1 сау тісі ІІІ дәрежелі қозғалады, оралді бағытта ығысқан, қызылиек шырышты қабады жыртылған.

Төменде аталған ем әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1.+Тісті жұлу,тіс қатарының ақауын протездеу

2. Диспансерлік бақылау

3. 6.1 тісінің реплантациясы
4. Тісті шендеу
5. Тіс реставрациясы

975. Поликлиникаға 5 жасар бала велосипедтен құлап, тісін жарақаттап алды. Қарап тексергенде: 8.1 тіс сау, І дәрежеде қозғалады, қызылиек жыртылған.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Тістің сынуы

2. 8.1 тісін соғып алу

3. 8.1 тістің толық шығу

4.+8.1 тістің жартылай шығуы

5. 8.1 тістің қадалып шығуы

976. Поликлиникаға тісін жарақаттап 5 жасар бала келді. Қарап тексергенде: 8.1 тіс сау, І дәрежеде қозғалады, қызылиек жыртылған.

Төменде аталған ем әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1.+Арнайы емдәм (щадящая диета), антисептикалық өңдеу, бақылау

2. Диспансерлік бақылау

3. Тісті шендеу

4. Тісті реставрациялау

5. Физиотерапия

977. 8 жастағы балада 8.4 тісінің сауыты толығымен бұзылған, 8.3 тіс сау, І дәрежеде қозғалады. У Дәрігер сақтауды ұйғарды. Тіс жұлу операциясы күрделі болды, элеватор, гладилка қолданылды.

Төменде аталған асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Антогонист тістің шығуы

2.+ Көрші тістің шығуы

3. Жұмсақ тіндердің жыртылуы

4. СТЖБ зақымдалуы

5. Жақсүйек сынуы

978. 3 жасар бала құлап тісін жарақаттады. Қарап тексергенде сау 7.1, 8.1 тістің ІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, ауыз ішіне қарай ығысқан, қызылиегі жыртылған.

Ем тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1.+Репозиция, фиксация, протездеу
2. Диспансерлік бақылау

3. 7.1, 8.1 тісреплантация
4. Тістерді шендеу
5. Тіс реставрациясы

979. 10 жастағы бала велосипедтен құлап, жоғарғы жағының тістерінің ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 2.1 тіс сау, аздап қозғалады, перкуссия ауырады. Рентгенограммада: түбірі қалыптасқан, сүйек тінінде патологиялық өзгерістер жоқ..

Төменде аталған болжам диагноздардың ҚАЙСЫ НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тістің соғылуы

2. Жедел жартылай пульпит

3.+Жедел жарақаттық периодонтит

4. Созылмалы гранулденген периодонтит

5. Жоғарғы жақсүйектің созылмалы остеомиелиті

980. 11 жастағы балада 7.5 тістің сауыты толық бұзылған, 3.4, 3.6 тістер жарып шыққан. Дәрігер 7.5 тісті жұлу шешімін қабылдады. Тіс жұлу операциясы күрделі болды, элеватор, тегістегіш қолданылды. Төменде аталғандардың ТЕК БЕРЕУІНЕН БАСҚАСЫ тіс жұлу операциясының асқынуларына тән:

1. Жұмсақ тіндердің жыртылуы

2. Антогонист тістің шығуы

3. Көрші тістің шығуы

4. СТЖБ зақымдалуы

5.+Тіл жарақаты

 

Балалардағы жұмсақ тіндердің жарақаты. Клиникалық ағымның, нақтамасының, емінің ерекшеліктері. Госпитализация көрсеткіштері».

981. 7-жасар балаға, еріннің сол жағынан алған жарақатынан кейін, сол жерінде дөңгелек пішінді түзілім пайда болды. Түзілім көк түсті, жұмсақ эластикалық консистенциялы, ауру сезімі жоқ, айналасындағы шырышты қабат өзгермеген.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы

1. Фиброма

2. Папиллома

3. Төменгі еріннің атеромасы

4. Төменгі ерін аймағында гематома

5.+Төменгі еріннің ретенционды кистасы

982. 12-жасар баланың ата-анасы стоматолог-хирургқа келіп қаралды. Анамнезден: бір жыл бұрын әткеншектен құлап, жарақат алған. Травмпункте,бетінің жыртылғып-соғылған жарасына біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған. Бір жыл ішінде бет аймағының тіңдерінде үнемі абсцесс түзіледі, өздігінен жарылады.

Науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Физиотерапиялық ем жүргізу

2. Иммуномодулятор тағайындау

3. Жедел хирургиялық араласу жүргізу

4. Антибактериальды терапия тағайындау

5.+Баланы қарап тексеру, жоспарлы түрде жараны тексеру.

983. 2-жасар баланың ата-анасы 40 минут бұрын жарақат алған баласын алып келді. Шағымы: ауыз қуысындағы қанталаған жара. Бала ауыз қуысында ұстаған үшкір затқа құлаған. Қабылдау бөлімінің дәрігері, жұмсақ таңдайдың жыртылып-соғылған жарасы нақтама қойылған.

Қандай ем шараларының жүргізген НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1.+Жалпы жансыздандыру арқылы біріншілік хирургиялық өңдеу

2. Антисептик ерітінділерімен жараны жуу, стационарлы ем

3. Біріншілік хирургиялық өңдеу, диета

4. Жараны жуу, амбулаторлы бақылау

5. Стационарлы ем, бақылау

984. Клиниканың қабылдау бөліміне, ит тістеп алған 6-жасар баланы, жарақаттан кейін 2 сағаттан кейін алып келген. Бет жарасы біріншілік хирургиялық өңделді.

Ең бірінші қандай алдын-алу шараларын қолдану НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Сіреспені алдын-алу үшін, сіреспеге қарсы сарысуды қолдану

2. Құтыруды алдын-алу үшін, антибактериальды терапияны қолдану

3. Дифтерияны алдын-алу үшін, дифтерияға қарсы вакцина қолдану

4.+Құтыруды алдын-алу үшін, антирабиялық сарысуды қолдану

5. Тұмауды алдын-алу үшін, тұмауға қарсы вакцина қолдану

 

985. Клиникаға, оң жақ бет аймағының іріңдеген жарасы бар 7-жасар баланы алып келді. Жарақатты ойын барысында 2 күн бұрын алған. Алғашқы медициналық көмек алмаған.

Науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1.+БХӨ,дренаждау, антибактериальды және физиотерапия
2. Жара қырларын ашу, екіншілік тігіс салу, физиотерапия
3. Жара қырларын ашу, жергілікті тіңдермен пластика жасау
4. Қабынуға қарсы терапия, физиотерапия

5. Пластиналы тігіс салу, физиотерапия

986. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап, бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақша қызметкері, баланың есінен таңғанын және екі рет құсқанын айтты.

Балада жарақаттың қандай түрі болуы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

1.+Қосарланған жарақат: бет аймағының жарасы және бас миының жарақаты

2. Қаңқа сүйектерінің жарақаты және бет аймағының жарасы

3. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынуы
4. Беттің жұмсақ және сүйек тіңдерінің жарақаты

5. Жақтардың сынуы

 

987. Клиникаға, велосипедтен құлап бетін жарақаттаған 6-жасар баланы алып келді. Ауру анамнезінен, қысқа уақытқа есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, бет аймағының сол жағында жара анықталды, жара ашық және қанталап тұр.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Бас миының соққысы, жақтардың сынуы

2. Жақтардың сынуы, бассүйек-ми жарақаты

3. Бассүйек-ми жарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соғылуы

4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы. бассүйек-ми жарақаты

5.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы

 

988. Балаларда бет жаралары кезінде қандай клиникалық көрініс НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Жара қырлары тегіс, қанталайды, аздаған домбығу

2. Жара үлкен мойын веналарын зақымдауы мүмкін

3. Жара ашық емес,травматикалық шок туындауы мүмкін

4.+Жара ашық, қатты қанталайды, жұмсақ тіңдердің айқын домбығуы

5. Жұмсақ тіңдер зақымдануы кезінде, бұлшықеттер тырысады

999. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, ата анасы 3-жасар баланы алып келді. Бала 40 минут бұрын ауызында ұстап отырған үшкір затқа құлаған. Баланы қарап тексергенде, ауыз қуысындағы қанталаған жара мазалады.

Қандай ем шараларын жүргізген дұрыс?

1.+Жалпы жансыздандыру арқылы біріншілік хирургиялық өңдеу

2. Антисептиктермен жараны жуу, ауруханада бақылану

3. Біріншілік хирургиялық өңдеу,диета

4. Жараны жуу, амбулаторлы бақылану

5. Ауруханалық ем, бақылау

1000. Клиниканың жақ-бет аймағының бөліміне жедел жәрдем арқылы 4-жасар бала келді. Баланы далада 2 сағат бұрын ит тістеп алған. Бет жарасы біріншілік хирургиялық өңделді.

Төменде келтірілген алдын-алу шараларының ішінде қайсысы ЕҢ бірінші орындалуы қажет?

1. Шокқа қарсы шаралар

2. Антирабиялық вакцины

3. Антибактериальды терапия

4.+Антирабиялық сарысуды еңгізу

5. Сіреспеге қарсы сарысуды еңгізу

1001. Клиникаға 4-жасар баланы, иек асты аймағының сол жағындағы іріңдеген жарасымен алып келді, жарақатты ойын барысында 3 күн бұрын алған. Медициналық көмек алуға бірінші рет келіп тұр.

Науқасты емдеу тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Жара қырларын алып, екіншілік тігіс салу, антибиотикотерапия

2. +БХӨ, дренаждау, антибактериальдыжәне физиотерапия
3. Жара қырларын алу, жергілікті тіңдермен пластика
4. Қабынуға қарсы терапия, физиотерапия

5. Пластиналы тігіс салу, физиотерапия

1002. Емханаға 3-жасар баланың ата-анасы келді. Анамнезден: бір жыл бұрын құлаған, бет аймағының сол жағындағы жұмсақ тіндерінің жарақатына байланысты біріншілік хирургиялық өңдеу жасалды. Бір жыл ішінде бет аймағының жұмсақ тіңдерінде үнемі абсцесс пайда болады, өздігінен жарылады.

Науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Иммуномодулятор тағайындау

2. Антибактериальды терапия тағайындау

3. Физиотерапиялық ем тағайындау

4. +Баланы қарап тексеру, жараны тексеру

5. Жедел түрде хирургиялық араласу жүргізу

1003. Балабақша күтушісі, 4-жасар баланы алып келді. Бала 30 минут бұрын құлап ауыз қуысын жарақаттап алған. Анамнезден: бала дөңнен құлаған, есінен таңбаған, бір рет құсқан.

Қандай ем шараларын жүргізу қажет?

1. Жараны антисептик ерітінділерімен жуу, стационарлық ем

2. Жараны жуу, амбулаторлы бақылау

3. Стационарлы ем, бақылау

4.+БХӨ, невропатолог кеңесі

5. БХӨ, диета

1004. Жақ бет аймағы қабылдау бөліміне 6-жасар баланы, оң жақ бет аймағының жарасымен алып келді.Бала жарақатты 2 күн бұрын ойын барысында алған. Медициналық көмек алуға бірінші рет келіп отыр. Қарап тексергенде: 2,0х1,5 см мөлшері жара, іріңді бөліндісі бар.Баланың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.

Науқасқа ем жүргізу тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Жара қырларын өңдеу, екіншілік тігіс салу, физиотерапия
2.+БХӨ, дренаждау, антибактериальды терапия
3. Қабынуға қарсы терапия, физиотерапия

4. Жергілікті тіңдермен пластика

5. Пластиналы тігіс салу


1005. Травматологиялық пунктке, 12 жасар баланы алып келді. Төменгі еріннің аймағында ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден: 3 күн бұрын, төменгі ерінің жарақаттап алған, қабылдау бөлімінде БХӨ жасалған. Қарап тексергенде: еріннің тіңдері ісінген, гиперемияланған, пальпацияда ауру сезімі бар. Ерініндегі жара тігілген.

Қандай болжамды нақтама НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Төменгі тістерден болған, жедел іріңді периостит

2.+Төменгі ерін аймағының іріңдеген жарасы

3. Төменгі ерін аймағының фурункулы

4. Төменгі ерін аймағының абсцесі

5. Иек аймағы флегмонасы

 

1006. Травматологиялық пунктке, 12 жасар баланы алып келді. Төменгі еріннің аймағында ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезден: 3 күн бұрын, төменгі ерінің жарақаттап алған, қабылдау бөлімінде БХӨ жасалған. Қарап тексергенде: еріннің тіңдері ісінген, гиперемияланған, пальпацияда ауру сезімі бар. Ерініндегі жара тігілген.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Қабынуға қарсы терапияны тағайындау, физиотерапия, жараны тексеру

2.+ Жараны тексеру, дренаждау, қабынуға қарсы терапия

3. Жараны тексеру, антисептикалық ерітінділермен жуу

4. Тігістерді алу, қабынуға қарсы терапияны тағайындау

5. Антисептиктермен өңдеу, қабынуға қарсы терапия

1007. Жақ бет аймағы хирургиясына, маңдай, мұрын, оң жақ бетінің, оң жақ көзінің қабағының, жоғарғы еріннің жарақаттарымен 5 жасар бала келді. Қарап тексергенде, ақау тіңдерінің болмауы анықталды.

БХӨ жасау үшін, қандай жансыздандыру әдісі қолданылады?

1. Өткізгіш

2. Аппликациялық,

3. Инфильтрациялық

4. Интубациялық наркоз

5.+Жалпы жансыздандыру

1008. Жақ бет аймағы хирургиясына, маңдай, мұрын, оң жақ бетінің, оң жақ көзінің қабағының, жоғарғы еріннің жарақаттарымен 5 жасар бала келді. Қарап тексергенде, ақау тіңдерінің болмауы анықталды.

Төменде келтірілген ем тактикаларының ішінде ЕҢ қолайлысы?

1.+Госпитализация, антирабиялық вакцинация, БХӨ жүргізу

2. БХӨ жасау, мекен жайы бойынша емделу

3. Госпитализация, БХӨ жүргізу

4. Жараны тексеру, тігіс салу

5. БХӨ жүргізу

1009. Жақ-бет аймағы хирургиясы қабылдау бөліміне, 4 жасар баланы алып келді. Бала бір сағат бұрын ағаштан құлап, оң жақ бетін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: ұзындығы 3,0 см болатын жара, қырлары тегіс емес, ауыз қуысына еңбеген. Жара қырлары қатты ашылмаған, майда бөгде заттар анықталған.

БХӨ жасаудың НЕҒҰРЛЫМ дұрыс реттілігін анықтаныз?

1. Жарадан бөгде заттарды алу, дренаждау, таңба қою

2.+Жараны тексеру, қабатымен тігіс салу, дренаждау, таңба қою

3. Жарадан бөгде заттарды алу,кетгутпен тігу, таңба қою

4. Жараны тексеру, дренаждау, тігіс салу, таңба қою

5. Жараны тексеру, тігіс салу, таңба қою

1010. Жақ-бет аймағы хирургиясы қабылдау бөліміне, 4 жасар баланы алып келді. Бала бір сағат бұрын ағаштан құлап, оң жақ бетін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: ұзындығы 3,0 см болатын жара, қырлары тегіс емес, ауыз қуысына еңбеген. Жара қырлары қатты ашылмаған, майда бөгде заттар анықталған.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Инфильтрациялық жансыздандыру, жараны тексеру, тігіс салу

2. Жараны тексеру, дренаждау, тігіс салу және таңба қою

3.+Жалпы жансыздандыру, БХӨ жүргізу, таңба қою

4. Өткізгіш жансыздандыру, дренаждау, таңба қою

5. БХӨ жүргізу, таңба қою

1011. Жұмсақ тіңдердің қай түріне, мына клиникалық көрініс қолайлы: ұзақ уақыттық эпителизация, некрозды ошақтың ауқымды көлемдері, жиі екіншілік инфицирлену, интоксикацияның жоғары дәрежесі, айқын ауру сезімі синдромы, жұмсақ тіңдердің үлкен ақауын тудыратын, жиі келоидты тыртықтардың пайда болуы?

1. Шабылған жара

2. Тістелген жара

3.+III А,Б дәрежелі күйіктер

4. Соғылып-жыртылған жаралар

5. Тіңдердің ақауымен бірге қосылған жаралар

1012. Жұмсақ тіңдердің ұзақ уақыттық эпителизация, некрозды ошақтың ауқымды көлемдері, жиі екіншілік инфицирлену, интоксикацияның жоғары дәрежесі, айқын ауру сезімі синдромы, жұмсақ тіңдердің үлкен ақауын тудыратын, жиі келоидты тыртықтардың пайда болуымен сипатталатын жараларды емдеудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Балалар ауруханасына госпитализациялау, травматологта бақылану

2.+Күйік орталығына госпитализациялау, ашық әдіспен емдеу

3. Толық айығуға дейін, амбулаторлы ем жағдайында емделу

4. Хирургиялық салалы ауруханада емделу

5. Аудандықдәрігер-педиатрда емделу

1013. III А,Б дәрежелі күйікке қандай клиникалық көрініс қолайлы?

1. Жұмсақ тіңдердің ақауымен бірге, жиі келоидты тыртықтардың пайда болуы

2. Некроздың үлкен емес аймақтары, айқындалмаған ауру сезімдік синдром

3.+Ұзақ уақыттық эпителизация, жиі инфицирлену, келоидты тыртықтар

4. Тез эпителизация, айқын келоидты тыртықтар, тіңдер ақаулары

5. Айқын интоксикация, іріңді үрдіс, тез жазылу

1014. Жақ бет аймағы хирургиясының балалар бөліміне, 8 жасар баланы алып келді. Шағымы: төменгі ерін аймағының оң жағындағы ауру сезіміне. Үш күн бұрын жарақат алған, травмпункте біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған. Қарап тексергенде: төменгі еріннің айқын домбығуы, пальпациялағанда, еріннің сол жағында қатты ауру сезімі бар инфильтрат анықталды, жара аймағында тігіс фиксацияланған.

Төменді келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Төменгі еріннің іріңдеген жыртылып-соғылған жарасы

2. Төменгі еріннің іріңдеген соғылған жарасы

3. Төменгі еріннің жыртылып-соғылған жарасы

4. Төменгі ерін фурункулы

5. Төменгі ерін абсцесі

1015. Жақ бет аймағы хирургиясының балалар бөліміне, 8 жасар баланы алып келді. Шағымы: төменгі ерін аймағының оң жағындағы ауру сезіміне. Үш күн бұрын жарақат алған, травмпункте біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған. Қарап тексергенде: төменгі еріннің айқын домбығуы, пальпациялағанда, еріннің сол жағында қатты ауру сезімі бар инфильтрат анықталды, жара аймағында тігіс фиксацияланған.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Антибактериальды, гипосенсибилиздеушіжәне физиотерапия тағайындау

2.+Тігістерді жартылай алу, дренаждау, антибактериальды терапия

3. Жараны дренаждау, физиотерапиялық шараларды тағайындау

4. Қабыну ошаған тексеру, антибактериальды терапия

5. Тігістерді алу, жараны тексеру, физиотерапия

1016. Беттің III-й А, Б дәрежелі күйіктеріне төменде келтірілгендердің барлығы қолайлы, ТЕК біреуінен басқасы

1. Келоидты контрактура

2. Айқын ауру сезімі синдромы

3. Айқын интоксикация белгілері

4. Келоидты тыртықтардың түзілуі

5.+Салыстырмалы түрде тез эпителизация

1017. Клиникаға, 11 жасар бала маңдай аймағының ауру сезімі бар домбығуға шағымданып келді. Анамнезден: бір ай бұрын спорттық снарядтан құлаған, БХӨ балалар жақ-бет аймағы хирургиясында жасалған. Ауруханаға келгенде дене қызуы 37,5 болған. Қарап тексергенде: маңдай аймағында домбығу үстінде терісі гиперемияланған, ауру сезімі бар, флюктуация белгісі айқын.

Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Маңдай аймағының абсцесі

2. Маңдай аймағының фурункулы

3. Маңдай аймағының флегмонасы

4. Маңдай аймағының іріңдеген жарасы

5. Маңдай аймағының тыртықты өзгерісі

1018. Клиникаға, 11 жасар бала маңдай аймағының ауру сезімі бар домбығуға шағымданып келді. Анамнезден: бір ай бұрын спорттық снарядтан құлаған, БХӨ балалар жақ-бет аймағы хирургиясында жасалған. Ауруханаға келгенде дене қызуы 37,5 болған. Қарап тексергенде: маңдай аймағында домбығу үстінде терісі гиперемияланған, ауру сезімі бар, флюктуация белгісі айқын.

Іріңді-қабынулы үрдісінің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі?

1. Дермоидты киста

2. Іріңдеген атерома

3. Іріңдеген гематома

4.+Жұмсақ тіңдердегі бөгде зат

5. Маңдай сүйегінің жанаспалы остеомиелиті

1019. Жақ бет аймағы хирургиясы қабылдау бөліміне, жедел жәрдем машинасымен 4-жасар баланы алып келді, бала 2 сағат бұрын ағаштан құлаған. Есінен таңбаған, басының ауырғанын айтқан, бір рет құсқан. Қарап тексергенде, бет аймағында 4 см болатын жара анықталды, қанталап тұр.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Жараны антисептик ерітінділерімен өңдеу, асептикалық таңба

5. Толық тыныштықпен қамтамасыз ету, хирург кеңесі

2. Қанды тоқтату; аудандық педиатрдан кеңес алу

4.+Жараға БХӨ жүргізу,невропатолог кеңесі

3. Қанды тоқтату,асептикалық таңба қою

1020. Балаларда және жасөспірімдерде, қай тәсілмен жұмсақ тіңдердің ақауын жою НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Екі қабатты тері қиындысы

2.+Жергілікті тіндермен пластика

3. Расщепленным тері қиындысы

4. Сабақ тәрізді қиындымен пластика

5. Гирш бойынша теріні еркін көшіру

Балалардағы жақ-бет аймағының қосарланған жарақаттары. Клиникалық ағымның ерекшеліктері, нақтамасы және емдеу принциптері».

1021. Балаларда қосарланған жарақат бассүйек-ми және жақ-бет аймағы жарақаты кезінде, науқастың емін жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Динамикада бақылау

2. Госпитализация орнын анықтау

3. Жалпы жағдайының ауырлығын анықтау

4. Емдік-алдын-алу шараларының жоспарын жасау

5.+Симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау

1022. Емханаға балабақшадан әткеншектен құлап, бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген қызметкер бала есінен танып, екі рет құсқанын айтты.

Балада қандай жарақат болуы мүмкін?

1.+Қосарланған жарақат;бет аймағының жарасы және бас миының шайқалуы

2. Қаңқа сүйектерінің сынығы және бет аймағының жарасы

3. Жұмсақ және беттің сүйек тіңінің жарақаттары

4. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынығы

5. Жақ сынықтары

1023. Клиникаға, бет жарасы бар, велосипедтен құлаған 6-жасар баланы алып келді.Анамнезде, қысқа уақытқа есінен танған және бір рет құсқан. Қарап тексергенде, сол жағынан бет аймағының жарасы анықталды, жара ашық тұр және қанталайды.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Басмиының соққысы, жақтың сынуы

2. Жақтардың сынуы, бассүйек-ми жарақаты

3. Бассүйек-мижарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы

4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы. Бассүйек-ми жарақаты

5.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы

1024. 4-жасар бала жылқының тұяғымен бетінен соққы алған. Жалпы жағдайы орта дәрежедегі ауырлықта, бір рет құсқан, бала адекватты, гемодинамикасы тұрақты. Қабылдау бөлімінің дәрігері, жабық бассүйек-ми жарақатын, төменгі жақтың ашық екі жақты сынығын нақтамалады.

Науқасты емдеудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Төменгі жаққа остеосинтез жасау

2. Сынықтарды иммобилизациялау, амбулаторлы бақылау

3. Жақ-бет аймағы бөлімінде госпитализациялаужәне емдеу

4.+Сынықтарды иммобилизациялау, невропатологтан кеңес алу

5. Сынықтарды репозициялау, педиатрдан және невропатологтан кеңес алу

1025. Клиникаға велосипедтен құлаған 6- жасар баланы алып келді. Баланың беті жарақатталған. Ауру анамнезінен, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, сол жақ бетінің жарасы анықталды, жара ашық тұр және қанталайды.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Басмиының соққысы, жақтың сынуы

2. Жақтардың сынуы, бассүйек-ми жарақаты

3. Бассүйек-ми жарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы

4. Бет қаңқасы сүйектерінің сынығы, бассүйек-ми жарақаты

5.+Қосарланған жарақат: басмиының шайқалуы, бет аймағының жарасы

1026. Балаларда бассүйек-ми және жақ-бет аймағының қосарланған жарақаты кезінде, науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Динамикада бақылау

2. Госпитализация орнын анықтау

3. Науқастың жалпы жағдайын анықтау

4. Емдік алдын-алу шараларының жоспарын жасау

5.+Симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау

1027. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген адам, баланың есінен танғанын, екі рет құсқанын айтты.

Балада жарақаттың қандай түрі болуы мүмкін?

1.+Қосарланған жарақат: бет аймағының жарасы және басмиының шайқалуы

2. Беттің жұмсақ және сүйек тіңдерінің жарақаты

3. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынығы

4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы

5. Жақ сынығы

1028. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген адам, баланың есінен танғанын, екі рет құсқанын айтты.

Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Қосарланған жарақат: бет аймағының жарасы және басмиының шайқалуы

2. Бет қаңқасының және бет аймағының сүйектерінің сынығы

3. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынығы

4. Беттің жұмсақ және сүйек тіңдерінің жарақаты

5. Жақтардың сынығы

1029. Балабақшада, дөңде ойнап жүріп, құлап жарақат алған баланы алып келді. Бала 1 мин бойы есінен танып жатқан. Содан кейін басы ауырып, бірнеше рет құсқан. Бет аймағының оң жағында жара бар 2,0х0,8 см, ашық тұр, қанталайды.

Осындай жарақаттарда науқастың емін жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Динамикада бақылау

2. Госпитализация орнын анықтау

3. Науқастың жалпы жағдайын анықтау

4. Емдік алдын-алу шараларының жоспарын құру

5.+Баланы неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау

1030. Емханаға, мектептен 8-жасар баланы алып келді. Бала дене шынықтыру сабағында, спорттық снарядтан құлап, бетін жарақаттап алған. Мектептің медкабинетінің қызметкері баланы алып келді, бала есінен таңғанын, екі рет құсқанын айтты. Қарап тексергенде; бет аймағында сол жағынан диаметрі 3 см болатын қанталаған жара анықталды.

Балада жарақаттың қандай түрі дамыды?

1. Бас миының шайқалуы

2. Бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы

3. Бас миының шайқалуы, сол жақ бет аймағының жарасы

4. Беттің жұмсақ тіңдерінің жыртылып-соғылған жарасы

5.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы

1031. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, мектепте баспалдақтан құлаған 8-жасар баланы алып келді. Ауру анамнезінде, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, иек аймағында жара анықталды, жара ашық және қанталайды.

Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Басмиының соққысы, жақтың сынығы

2. Жақтардың сынығы, бассүйек-ми жарақаты

3. Бассүйек-ми жарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы

4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы. бассүйек-ми жарақаты

5.+Қосарланған жарақат: басмиының шайқалуы, иек аймағының жарасы

1032. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, мектепте баспалдақтан құлаған 8-жасар баланы алып келді. Ауру анамнезінде, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, иек аймағында жара анықталды, жара ашық және қанталайды.

Төменде келтірілген ем тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Нейрохирург кеңесі, жараны БХӨ

2. Жараны БХӨ, невропатолог кеңесі

3. Жараны БХӨ, амбулаторлы бақылау

4.+ Невропатолог кеңесі, жараны БХӨ, бақылау

5. Нейробөлімшеге госпитализациялау, хирурга-стоматолог бақылауы

1033. Емханаға, балабақшада бөренеден құлап бетін жаралаған, 3-жасар баланы алып келді. Қас аймағының оң жағында диаметрі 2 см болатын жара анықталды, жара қанталайды.

Балада жарақаттың қандай түрі болды?

1.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы және қас аймағының оң жағындағы жарасы

2. Қас аймағының жыртылған-соғылған жарасы, бас миының соққысы
3. Бас миының соққысы және беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы

4. Қас аймағының оң жағындағы жыртылған-соғылған жарасы

5. Беттің жұмсақ тіңдерінің және басмиының жарақаттары

1034. Емханаға, балабақшада бөренеден құлап бетін жаралаған, 3-жасар баланы алып келді. Қас аймағының оң жағында диаметрі 2 см болатын жара анықталды, жара қанталайды. Қандай маманның кеңесі қажет?

1. Нейрохирург

2.+Невропатолог

3. Хирург-стоматолог

4. Аудандық педиатр

5. Жақ-бет аймағының хирургі

1035. Спорт залында, бокстен жаттығу сабақтарында 12-жасар жасөспірім жарақат алған. Есінен таңбаған, басының ауырғанын айтты. Баланың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, психо эмоциональды жағдайы, негативті: бала шошынған, жылайды, қарап тексерілуден бас тартты. Қарап тексергенде: қасүсті аймағында оң жағында диаметрі 3,0 см болатын жара анықталды,жара ашық тұр, қанталайды.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау

2. Жақ бет аймағы хирургиясына госпитализациялау

3. Ауруханада БХӨ жасау, аудандық педиатрдан кеңес алу

4. Неврапатолог кеңесі, амбулаторлы жағдайда БХӨ жасау

5.+Амбулаторлы жағдайда БХӨ жасау, невропатолог кеңесі

 

1036. Спорт залында, бокстен жаттығу сабақтарында 12-жасар жасөспірім жарақат алған. Есінен таңбаған, басының ауырғанын айтты. Баланың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, психо эмоциональды жағдайы, негативті: бала шошынған, жылайды, қарап тексерілуден бас тартты. Қарап тексергенде: қасүсті аймағында оң жағында диаметрі 3,0 см болатын жара анықталды,жара ашық тұр, қанталайды. Айналасындағы жұмсақ тіңдер ісінген.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Жабық бассүйек-ми жарақаты, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы

2. Бас миының шайқалуы, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы

3. Бас миының шайқалуы, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы

4. Қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы

5. Қасүсті аймағының соғылған жарасы

 

1037. 3 жасар бала, үйінде төсекте секіріп ойнап жүріп, жерге құлап жарақат алған. Анасының айтуы бойынша, жарақатты 3 сағат бұрын алған, бала есінен танбаған, бірақ екі рет құсқан, ауруханаға келген кезде басы ауырғанын айтқан. Қарап тексергенде: жоғарғы еріннің домбығуы, еріннің қызылжегісі және терісінде диаметрі 2,0х0,8 см болатын жара; ауыз қуысында 5.1, 5.2, 6.1 тістерінің бірінші дәрежелі қозғалғыштығы, тістер айналасындағы қызылиектің жыртылуы.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Басмиының соққысы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің соққысы

2. Басмиының шайқалуы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің соққысы

3. Жоғарғы еріннің жыртылып-соғылған жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы

4. Басмиының соққысы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы

5.+Басмиының шайқалуы, жоғарғы еріннің жыртылып-соғылған жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы

 

1038. 3 жасар бала, үйінде төсекте секіріп ойнап жүріп, жерге құлап жарақат алған. Анасының айтуы бойынша, жарақатты 3 сағат бұрын алған, бала есінен танбаған, бірақ екі рет құсқан, ауруханаға келген кезде басы ауырғанын айтқан. Қарап тексергенде: жоғарғы еріннің домбығуы, еріннің қызылжегісі және терісінде диаметрі 2,0х0,8 см болатын жара; ауыз қуысында 5.1, 5.2, 6.1 тістерінің бірінші дәрежелі қозғалғыштығы, тістер айналасындағы қызылиектің жыртылуы.

Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1.+Жоғарғы ерінді БХӨ, 5.1,5.2,5.3 тістерін шендеу, невропатолог кеңесі

2. Нейрохирургиялық бөлімшеге госпитализациялау, дәрігер-стоматолог кеңесі

3. Жақ-бет аймағы хирургиясына госпитализациялау, невропатолог кеңесі

4. Жоғарғы ерінді БХӨ, неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау

5. Невропатолог кеңесі, 5.1,5.2,5.3 тістерін шендеу

 

1039. 3 сағат бұрын мұз айдынында коньки теуіп жүрген 15-жасар бала, иегімен мұзға құлап жарақат алған. Қысқа уақытқа есінен танған, содан соң құсқан. Қарап тексергенде, иек аймағында терінің көгеруі, СТЖБ оң жағынан пальпациялағанда және тістерін түйістіргенде ауру сезімі пайда болды.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соғылуы, СТЖБ оң жағынан буын өсіндісінің сынуы

2. Иек аймағының гематомасы, төменгі жақтың оң жағында бұрышы аймағынан сынуы

3. Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соққысы, СТЖБ оң жағынан шығуы

4. Иек аймағының гематомасы, СТЖБ оң жағынан шығуы

5. Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соққысы

 

1040. Сағат бұрын мұз айдынында коньки теуіп жүрген 15-жасар бала, иегімен мұзға құлап жарақат алған. Қысқа уақытқа есінен танған, содан соң құсқан. Қарап тексергенде, иек аймағында терінің көгеруі, СТЖБ оң жағынан пальпациялағанда және тістерін түйістіргенде ауру сезімі пайда болды.

Қарап тексерудің қандай әдісі НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1.+Панорамды рентгенография, Шулер бойынша рентгенография

2. Бүйір проекцияда рентгенография

3. Контрастты рентгенография

4. Панорамды рентгенография

5. Локальды рентгенография


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.126 сек.)