Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ислам, иман және ихсан

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Амалдар ниетке байланысты

 

Мүміндердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі»; «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниетке байланысты және расында, әрбір кісі өзінің ниет қылған нәрсесіне тиесілі болады. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қарай қоныс аударса*, ол Аллаһ пен Оның елшісі үшін қоныс аударған (болып саналады), ал кім мал-дүние табу, не бір әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)», — дегенін естідім»,—деген.

Бұл хадисті хадис ілімі ғұламаларының әйгілісі Әбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн Муғира ибн Бәрдизбаһ әл-Бұхари және Әбулхусейн Муслим ибн әл-Хажжаж ибн Мус-лим әл-Қушайри ән-Найсабури хадис кітаптарының ең сенімділері саналған «Сахихтарында» келтірген.

 

ЕКІНШІ ХАДИС

Ислам, иман және ихсан

Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні біз Аллаһ елшісінің қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, жүзінде сапар шегіп келгендігі байқалмайтын және оны бізден ешкім танымайтын бір адам келді. Ол Пайғамбардың тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, қолдарын өз сандарының үстіне қойып: «Уа, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар бер», — деді. Аллаһ елшісі; «Ислам дегеніміз — сенің Аллаһтан басқа еш-бір құдай жоқ және Мұхаммед Аллаһтың елшісі деп куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза татуың және жолына шамаң келсе, Үйге (Қағбаға) қажылық жасауың», —деп жауап қайтарды. (Жаңағы адам); «Сен рас айттың», — деді. Ал біз оның (Аллаһ елшісіне) сұрақ беріп және оны мақұлдап, растағанына таңғалдық. (Сонан соң) ол: «Енді маған иман туралы хабар бер», — деді. (Аллаһ елшісі): «Олсенің Аллаһқа және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің», — деді. (Ол тағы да); «Сен рас айттың», — деді. (Сонан соң); «Сен маған енді ихсан туралы айтып бер», — деді. Аллаһ елшісі: «Олсенің Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», — деді. (Сонан соң әлгі кісі); «Ал енді маған Сағат туралы айтып бер», — деді. Аллаһ елшісі); «Ол туралы сұралушы сұраушыдан артық білмейді», — деді. Ол: «Онда оның белгілері туралы айтып бер», — деді. Аллаһ елшісі: «(Қиямет күні жақындағанда) күң өз ханшасын туады және жалаңаяқ, жалаңаш қой соңындағы кедейлер биік үй соғуда бірімен-бірі бәсекеге түскенін көресің», — деді. Сонан соң (әлгі адам) кетіп қалды. Мен біраз отырдым. Бір кезде (Аллаһ елшісі ): «Ей, Омар! Сұрақ қоюшының кім екенін білесің бе?» — деді. Мен: «Аллаһ және Оның елшісі біледі», — дедім. (Сонда) ол: «Ақиқатында, бұл—Жәбірейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді» — деді», — деген (Муслим, әт-Тирмизи, Әбу Дауд және ән-Нәсәи).

 

 

ҮШІНШІ ХАДИС


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)