Читайте также:
|
|
Біріншілік иммунологиялық зерттеулердің құрамына клиникалық тәжірибеде иммундық тапшылықты табуда мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің ең аз санын анықтау кіреді. Осы көрсеткіштердің тізіміне: лейкоциттердің жалпы санын есептеу, фагоцитарлық белсенділікті және оттегі тәуелді бактерицидтік қасиеті бар нейтрофилдерді санау, лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларын және М, G, А кластарына жататын иммуноглобулиндерді анықтау жатады.
Лейкоциттердің жалпы санын микроскоптың астында арнайы санау камерасымен (Горяев камерасы) эритроцитті ыдыратқаннан кейін есептейді. Камера - ол заттық әйнектің арасында капиллярлы саңылауы бар, үстіне санау торы және тығыз жабынды әйнек орнатылған аспап болып табылады. Осындай камераға зерттелетін қанның ең аз көлемі түседі, онда лейкоциттер бір қатарда орналасқан. Бұл санау торының шектелген төртбұрыш алаңында пайда болған жасушалар санын анықтауға мүмкіндік береді. Санайтын камераның көлемін біліп, 1 мкл қанда лейкоциттердің санын анықтайды. Лейкоциттердің әр түрін және олардың концентрациясын анықтау үшін, тазартылған қаннан әйнекке жағынды дайыңдайды және анилин бояуымен бояйды. Бұл кезде жасушаның ядросы және цитоплазмасы өздерінің түйіршіктеріне тән боялады.
100 лейкоцитті қараған кезде, оларды ажыратып және лейкоциттердің әр түрінің пайыздық арақатынасын анықтайды. Зерттеудің нәтижесін лейкоцитарлық формула ретінде жазады.
Қанда лейкоциттің функционалдық белсенділігін тексеру үшін зертханада арнайы сынамалар қолданады. Мысалы, қандағы гранулоциттердің және моноциттердің сынама-объектісі деп аталатын стандарттық микробөлшектер немесе өлтірілген бактерияларды жұтып қорыту қабілетін сынай отырып, олардың фагоцитарлык белсенділігін бағалайды.
Нейтрофилдер барлық лейкоциттер санының 93-96 % құрайды, 1 мкл қанда шамамен 4150 кездеседі. Олар кантамырда орташа шамамен 6-8 сағат болады, себебі нейтрофилдер шырышты қабаттарға тез миграцияланады. Полиморфты ядролық нейтрофил - ол бөлінбейтін, бөлшектенген ядросы және гранулалар жиынтығы бар, аз өмір сүретін жасуша. Олар гематоксилин және эозин бояуларымен боялмайды, Сондықтан нейтрофилдерде ғана қандағы фагоциттердің жұту және метаболиттік, функционалдық белсенділігін төменде келтірілген екі сынама арқылы бағалайды: НКТ-сынамасы және латекспен фагоцитоз сынамасы.
Спонтанды және белсендірілген фагоцитоз сынамалары латекстің бөлшегін қолдану арқылы жүргізеді. Латекс пен фагоцитоз нейтрофилдердің латекс бөлшегін жұтуға негізделген (адгезия, ұстап алу және толық жұту), Серпілісті жүргізу кезінде, шеткі қаннан алыған лейкоциттерді латекс бөлшегінің суспензиясымен араластырады; индуцирленген фагоцитоз серпілісін жүргізу кезінде алынған қоспаға пирогенал ерітіндісін қосады. 30 минут бойы 370 С инкубациялғаннан кейін жағынды дайындап, бекітілген және Романовский-Гимза бояуымен боялған жағындыда латексті жұтқан нейтрофилдердің пайызын есептейді.
Нитрокөк тетразолин қалпына келтіру сынамасы - НТК-сынамасы оттегінің белсенді түрінің көмегімен қан лейкоциттері арқылы нитрокөк тетразолиін диформазанға қалыптастыруымен негізделген. Бұл кезде фагоциттерде киллинг бактерияны ортақтастыратын, нитрокөк тетразолиінің алғашындағы сары түсінің көк-күлгін түске (ядроішілік қосындылар - диформазан тістері) өзгертетін ферменттердің қабілетін қолданады.
Серпілістің қойылуы. Майсыз заттық әйнекке 0,02 мл 0,9% натрий хлорид ертіндісін, 0,02 мл нейтрофилді және 0,02 мл 0,75% НКТ (нитрокөк тетразолиі) ерітіндісін жағады.
Күштеме ретінде 1:10 ерітіндіде Грам теріс бактериясының Е. соlі коммерциялық липополисахаридін немесе пирогенал (липополисахарид S.typhi) ерітіндісін қолданады. Басқа майсыз әйнекке 0,02 мл ЛПС, 0,02 мл нейтрофилдік қоспасын және 0,02 мл,75% НКТ ерітіндісін жағады. 30 минут ылғалды камераға орналастырады. Жағынды дайындап, құрғатып, бекітеді. 0,1% нейтралды қызыл ерітіндісімен бояйды. Қалпыа келтірілген НКТ (көк түсті даформазан) грануласымен лейкоциттер пайызын есептеу арқылы нейтрофилды шығарады.
Лейкограмманы анықтау әдісінен айырмашылығы, лимфоциттердің субпопуляциясын бағалау; қиынға соғады. Иммундық жүйенің жасушалық, звеносын бағалауда қолданатын ең қолайлы әдістердің бірі, розеткатүзу әдісі болып табылады. Бұл ең бірінші иммунологтармен Т- және В- лимфоциттерді анықтауда қолданған әдістер. Бұл әдістер иммунологтармен алғашқы рет Т- және В-лимфоциттерінің санын анықтау үшін қолданған.
Розеткатүзу әдісі. Бұл әдіс ең алғаш рет иммунологгармен адамның Т- және В-лимфоциттерін анықтау қажет антиденелердің болмауы кезінде қолданған. Розеткатүзу әдісі Т-лимфоциттердің бетінде қой эритроциттеріне рецептор болып табылатын, СD2 нәруыздардың болуымен негізделген. Адамның В-лимфоциттерінің бетінде бұндай рецепторлар жоқ. Шеткі қандағы лимфоцитерді қой эритроциттерімен қосып, инкубациялау арқылы «розетка» деп аталатын құрылымды алады: ортасыңда Т-лимфоцит, шетінде - жасушаның бетіне жабысқан қой эритроциттері болады. Осы сынамамен анықталған Т-лимфоциттерді тағы Е-РТЖ (Е-РОК) деп белгілейді (мұнда Е-қой эритроциті, РТЖ - розеткатүзуші жасуша).
В-лимфоциттердің санын анықтау үшінұқсас әдіс қолданады. Бұл кезде антиденелермен жүктелген эритроцитпен В-лимфоциттің Ғс-рецепторымен байланысын қолданады (ЕА-розеткасы: эритроциттер, антидене). Сонымен қатар, ЕАС-розеткатүзу әдісін қолданады (эритроциттер, ангидене және комплемент). Бұлжағдайда антидене және комплементпен қосылған сиыр эритроциттері В-лимфоциттің Ғс- және СЗ-рецепторларымен байланысып, розетка түзеді,
Бұл әдістердің жетіспеушілігі: әр түрлі нәтиженің берілуі (олар қойылатын серпілістердің шартына, реагенттердін; сапалығына, тек маркерлік молекулалардың жағдайларын анықтаумен ғана емес, сонымен қатар цитосклет және т.б. жағдайларын анықтауымен байланысты), бұл қиыншылықтар олардың стандартизациясы және автоматизациясымен байланысты.
Қазіргі уақытта қандағы лейкоциттердің әр түрлі популяциясын және субпопуляциясын ажырататын сенімді әдісті қолданады. Ол үшін иммунды флюросценттік сынамада дифференциялану антигендеріне (СD) моноклонды антиденені (МонАД) қолданады. Мысалы, Т-лимфоциттердің санын анықтауда СD 2+және СD3+, хелперлік және киллерлі-супрессорлық субпопуляцияларға (СD4+ және СD 8+), В-лимфоциттердің санын анықтауда (СD19, СD20, СD72) антигендеріне МонАД қолданады.
Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав