Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар

Читайте также:
  1. Иммунитет жағдайын бағалауда жалпы қолданылатын стандарт
  2. Композиттік материалдардан пломбы қойылатын жағдайда тісжегі қуыстарын егеп-тазалау ерекшеліктері.
  3. Композиттік пломбылық материалдар.
  4. Композиттік пломбылық материалдарды клиникада жалпы қолдану тәсілі.
  5. Нығыздайтын материалдарды араластыру
  6. Оқу әдебиеттері және / немесе электрондық материалдар

ИММУНДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Азіргі кездегі иммунодиагностиканың негізгі мідеттері. Иммунологиялық зерттеулердің жүргізу кезеңдері. Иммунитеттің жасушалық звеносының жағдайын бағалау әдістері. Иммунитеттің гуморалдық звеносын бағалау әдістері. Моноклондық антиденелер. Түсінігі, жасау қағидалары, қолданылуы. Иммунограмманы талдау. Аллергиялық аурулардың зертханалық диагностикасы. Балалардағы иммунологиялық керсеткіштерінің ерекшеліктері. Балалардың иммундық жүйесінің қалыптасуындағы критикалық кезеңдер.

Иммунологияның фундаменталдық зерттеулерінде биологиялық ғылыми саласында белігілі әдістерді қолданады. Ең негізгі жаңа әдістер молекулалық биология және молекулалық генетика әдістері болып табылады. Клиникалық иммунологияда қолданылатын әдістемелік база кең таралмаған. Қолданылатын әдістерді 6 категорияға бөлуге болады. Мағынасы бойынша, иммунологиялық әдістер деп, қай жағынан болса да міндетті түрде антиген-антидене серпілісін көрсететін әдістерді айтады:

· Фракциялау әдістері - иммунитеттің гуморалдық факторларын (молекуланың) немесе жасушалардың физикалық бөлінуі:

- электрофорез;

- ағымдық микроцитофлюориметрия;

· Корпускулярлық антигендерді қолданатын әдістер (антигеннің тікелей агглютинациясы, гемагглютинация, латексагглютинация, нефелометрия);

· Гемолиз технологиясын қолданатын әдістер (комплементті бекіту сынамалары, Йерне әдісі);

· Иммундық гистохимиялық әдістер (иммундық флюоресценттік микроскопия, ферменттік белгімен белгіленген антиденелермен бекітілген тіндер немесе жасушалар препараттарының микроскопиясы);

· Иммундық талдау әдістері (радиоиммундық талдау, иммундық ферменттік талдау);

· Молекулалық биология әдістері (полимеразалық тізбектік серпіліс; иммуңдык блоттинг (нәруыздарды анықтау); Soulhern-блотт (ДНК анықтау); Nothern-блотт (РНК анықтау)).

Азіргі кездегіиммундық диагностиканың негізгі

Міндеттері

- ағзаның иммундық реактивтілік жүйелерінің зақымдалған звеносын анықтау;

- аурудың этиологиясын талдау;

- патогенезін талдау;

- аурудың өршуін болжау;

- иммунитетті ретгеу (иммунокоррекция) тәсілдерін талдау;

- жүргізілетін терапияның тиімділігін бағалау.

Қазіргі уақытта иммундық жүйенің жағдайын зерттеу медицинаның барлық саласыңда кеңінен қолданады: терапияда, хирургияда, жұқпалы және аллергиялық ауруларда, онкологияда, дерматологияда және т.б. Ол кем дегенде екі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, аутоиммундық патогенезі дәлелденген тұрақты түрде аурулар шеңберінің кеңеюі; екіншіден,көптеген созылмалы патологиялардың түрімен өтетін, екіншілік иммундық тапшылық жағдайлардың кеңінен таралуы.

Иммунологиялық зерттеулерді екі кезеңмен өткізуді ұсынады. Бірінші - жобалау деңгейі арнайы кұралдарды қажет етпейтін, тек иммундық жүйенің «дөрекі» ақауларын анықтайтын жалпы тиімді әдістер енгізілген. Бұл кезеңге бірінші деңгейдегі сынамалар жатады:

· қанның формуласы бойынша лейкоциттердің, лимфоциттердің, нейтрофилдердің, моноциттердің және тромбоциттердің санын анықтау;

· лейкоциттердің жұту және бактерицидтік белсенділігін, сонымен қатар оттегіңің активті түрін түзу қабілетін анықтау;

· шеткі қаңда Т-лимфоцитгердің (СDЗ+), Т-хелперлердің (СD4+), Т- киллер/супрессорлардың (СD8+), В-лимфоциттердің (СD20+) салыстырмалы санын анықтау;

· негізгі сарысулық иммуноглобулиндердің (Іg М, ІgG, ІgА) мөлшерін анықтау.

Бірінші деңгейдегі сынамалар иммунологиялық зерттеулердің барлық жағдайларына қажет.

Екінші кезеңде адамның иммундық жүйесінің жағдайын тереңдетілген талдауын жүргізеді. Соның нәтижесінде жобалау сынамаларының көмегімен айқындалған ақаудың орналасу сипаттамасын анықтау және иммунитетті реттеу препараттарын (иммунокоррекция) қолданудағы сұрақтарды шешеді.

Иммунологиялық зерттеудің осы кезеңін жүргізу үшін иммундық жүйенің жағдайын сипаттайтын in vivo (иммунизацияның тиімділігін бағалау; тері сынамаларының нәтижелері) және in vitro сынамаларын қолданады. Соңғы сынамада зерттеу материалы ретінде шеткі веноздық қанын, көк бауыр және лимфа түйіндерінің пунктатын, сонымен қатар шырышты қабаттардың сөлін, жағындысын және жуындысын қолданады.

Екінші деңгейдегі сынамалар иммунитеттің кейбір звеноларының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Мысалы, фагоцитарлық жүйенің бағалауында жиі осы анықтаулар қолданылады:

· нейтрофилдер және моноциттердің фагоцитарлық индексі;

· нейтрофилдер және моноциттердің бактерицидтілігі;

· оттегінің активті формасын және азоттың түзілуі;

· хемотаксистік;

· лейкоциттердің бетінде адгезия молекулаларының экспрессиясы.

Гуморалдық иммунитет жағдайын бағалауда қолданылатын анықтаулар:

· қан сарысуындағы, сонымен қатар шырышты қабаттардың сөлінде Іg А (1,2), Іg М, ІgG(1-4), Іg Е иммуноглобулиндерінің негізгі кластары және топшалары;

· комплементтің жалпы гемолиздік белсенділігін анықтау;

· айналымдағы иммундық кешен концентрациясы.

Жасушалық құрамын анықтау үшін лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының пайыздық катынасына және кейбір цитокиндерге арналған, мысалы:

· СD2+(СDЗ+), СDЗ+СD4+, СDЗ+СD8+ - Т-лимфоциттер және оның субпопуляциялары;

· CD20+(19+, 72+) - В-лимфоциттер;

· CD16+/СD56+ - К-жасушалары / NK-жасушалары;

· СD25+ - ИЛ-2 арналған рецептор.

Беткей рецепторладың болуын анықтайтын, моноклондық антиденелер көмегімен лимфоциттердің иммундық фенотиптеуін қолдану.

Лимфоцитердің функционалдық белсенділігін анықтауда келесі сынамалар қолданылады, мысалы:

· NК – жасушалардың цитотоксиндік белсенділігін бағалау;

· Т- и В- митогендерге пролиферативтік жауапты зерттеу (лимфоциттердің бласттық трансформациялаушы серпілісі);

Цитокиндік статусты анықтауда сынамалар қолданылады:

· биологиялық сүйықтықта цитокиндердің санын анықтау;

· шеткі қандағы мононуклеармен цитокиндердің спонтанды және индуцирленген түзілісін анықтау (in vitro);

· жасушаішілік цитокиндерді, көбінесе IFN-γ және ИЛ-4 Тх1 және Тх2-лимфоциттердің маркері ретінде анықтау.

Жергілікті иммунитет факторын бағалау, бронхоөкпелік аппараттың және урогениталдық жолдардың ауруларында маңызды орын алады. Бұл жағдайда осы параметрлерді талдау, иммунитет жүйесінің көрсеткіштеріне карағанда ақпаратты.

Қажетті иммунологиялык сынамалардың жиынтығы әрбір нозологиялық бірлік, ал кейбір жағдайда әрбір науқас үшін жеке іріктеледі.

Мысалы, аутоиммундық аурулар кезінде диагнозды дәлелдеу үшін зақымданған мүшелерден алынған антигендерді қолдану арқылы әртүрлі сынамалар жүргізіледі. Таңдап алу кезінде аурулардың болатын патогенезін есте сақтау қажет. Мысалы, аутоиммундық тиреоидитте (аурудың классикалық мысалы, оның негізінде аутоантиденелер жатыр), антиденелерден басқа, лимфоцитердің де цитотоксикалық әсері бар, сондықтан да науқастарда серпіліс БЖС (баяу жоғары сезімталдық) түрі бойынша жүреді. Ревматоидтық артриттің патогенезінің негізінде ІgО Ғс-фрагаентіне қарсы аутоантиденелердің сол иммуноглобулиңдермен иммундық кешендердің түзілуі жатыр, сол уақытта да буындардың синовиалды қапшығындағы лимфоцитарлы инфильтраттар БЖС серпілісін жоққа шығармайды. Жүйелі қызыл жегі, арнайы мүшеге қарсы бағытталған антиденелермен емес, жасуша ядросыньң ДНК-на қарсы антиденелермен шақырылады. Осы ауруда түзілетін айналымдағы иммундық кешеңдер қан тамырдың эндотелийінде, синовиалады қапшықта жэне паренхиматоздъг мүшелердің жасушалық мембранасында жиналып, комплемент жүйесінің класикалық жолмен белсенденуі жүреді. нәтижесінде васкулитгер, артриттер, жектік нефрит сиякты сәйкес клиникалық көріністер байқалады.

Бірнеше жылдар бойы аутоиммундық ауруларды емдеуде әр-түрлі иммунитетті тежейтін препараттарды (иммунодепрессанттар) қолданады. Сонымен қатар, соңғы уақытта аутоиммундық аурулардың комплексті емінде табиғи төзімділікті қалпына келтіру үшін иммунитетті күшейгетін препаратгарды (иммуномодулятор) қолданады, ол бірқатар жағдайда аутоиммунды үрдісті тоқтатуға мүмкіндік береді. иммунитетті реттеу үрдісінде шамадан тыс дозаның алдын алу,емдеу курсын ұзақтығын анықтау, оның тиімділігін білу үшін тұрақты иммунологиялық бақылау қажет.

Екіншілік иммундық талшылық кезінде иммунитетті реттейттін препараттарды қолдану үшін иммундық жүйенің нақты механизмінің тапшылығын, иммунитеттің қай звеносының (Т-жүйесі, В-жүйесі немесе фагоцитоз) функционалдық жетіспеушілігі бар екенін анықтау керек. Ол үшін зерттеудің екінші деңгейін: Т- және В-жүйелерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін, көбінесе Т-хелпердің және Т-киллер/супрессордың санын және олардың арақатынасын - иммунды реттеу индексін анықтау және де фагоцитарлық жүйенің параметрін білу үшін қолдану қажет. Керек кезде кейбір науқастардың комплемент жүйесін, цитокиндердің өнімдерін және рецепциясын, соның ішінде интерферондарды, сонымен қатар, лизоцим және т.б. арнайы емес қорғаныс факторлардың жағдайьн қарастыру қажет болып табылады. Бірақ алынған мәліметтердің интерпретациясы күрделі және мағынасы әр түрлі болу мүмкіндігін есте сақтау қажет.

Иммундық жағдайдың параметрлерін білу барысында иммунологилық зерттеулердің алгоритімін дұрыс таңдау маңызды болып табылады. Иммундық жүйенің әсерлесуі дамиды және осы кезеңмен бағаланады:

- тану;

- белсенденуі;

- пролиферациясы;

- дифференцировкасы;

- иммундық жауаптың эффекторлық фазасы.

Иммундық жағдайды зерттеуде қолданылатын материалдар

Қазіргі кездегі клиникалы-иммунологиялық зерттеулердің тәжірибесінде талдаудың негізгі объектісі - қан және оның жасушалық компоненті, қан сарысуы болып табылады.

Зерттеуге шынтақ венасынан қанды екі пробиркаға алады. Таза, кұрғақ шыны пробиркасына қанды құйған кезде, ол тез ұйып қалады. Осы пробиркада алынған қан түйіршікке, ондағы формалық элементтермен (жасушалармен) бірге және құрамында бізге керек молекулалары бар мөлдір қансарысуына бөлінеді. Басқа пробиркаға алдын ала қанның ұюын тежейтін және бізге қажетті қан жаасушаларын плазмада суспензия ретінде сақтайтын, арнайы зат — антикоагулянтты қосады.

Қорғаныс молекулалары және жасушалар тек қанда ғана болмайды. Егер шырышты қабаттың жергілікті қорғаныс жағдайын анықтау қажет болса. онда зерттеуге мұрын-жұтқыншақ шырышы, немесе сілекейі, немесе көз жас сұйықтығы алынады (11 және 12 кестелер). Егер науқастың жүйке жүйесіне көңіл бөлсек, онда зерттеуге ми-жұлын сұйықтығын (ликвор) алады, ол үшін жұлынның пункциясын жасайды.

Алдымен, қанның ақ жасушаларын - лейкоциттерді анықтайды. Оларға гранулоциттер, моноциттер және лимфоциттер жатады.

Иммунологтардың көзқарасы бойынша, көп көңіл бөлетін жасуша - лимфоциттер.

Микроскоппен карағанда барлық лимфоциттер бір-бірімен ұқсас, бірак, қызметі бойынша екі негізгі популяцияға бөлінеді: Т-лимфоциттер және В-лимфоциттер. Т- және В-лимфоциттердің


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)